3) Функционалды ұстаным. Қазақ тіл білімінің құрмалас сөйлемі та-
рихында А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, Н.Сауранбаев классификацияла-
рында қолданылған, бірақ өткен ғасырдың 50 жылдарының аяғында «сөй-
лем мүшелерінің атауымен бірдей» деген желеумен қолданыстан шық-
қан, бірақ функционалды грамматиканың бой көтеруімен байланыс-
ты соңғы жылдары академик М.Серғалиев, профессорлар Р.Əмір, Т.Ер-
мековалардың еңбектерінде қайта қолданысқа еніп келеді. Бұл топтасты-
руға негіз болатын – компоненттер арасындағы функционалды қатынас.
Аталған бұл үш ұстанымнан басқа да құрмалас сөйлемдерді жіктеудің
түрлері бар. Салалас құрмалас сөйлемдер байланысу формасына қарай
жалғаулықты, жалғаулықсыз (іргелес) болып бөлінеді де, сабақтастар-
ды байланысу формасына қарай септеулікті, септеуліксіз сабақтастар
деп жіктеуге болады. Салаластарды топтастыруда қолданылған жалғау-
лықты, жалғаулықсыз байланыс тəсілінің сабақтастардағы аналогиясы
неліктен ескерусіз қалғандығы түсініксіз. Сондықтан құрмаластарды
байланысу тəсіліне қарай синтетикалық, аналитика-синтетикалық жəне
аналитикалық құрмаластар деп жіктеу де артық болмас еді.
Құрмалас сөйлемдерді баяндауышының қай сөз табынан жасалуы-
на қарай есімді құрмалас сөйлемдер, етістікті құрмалас сөйлемдер деп
бөлеміз. Аталған топтастырудың қай-қайсысы болмасын, қазақ тіл
білімінде бірі жеткілікті, бірі аз мөлшерде болса да талданып жүр.
Құрмалас сөйлемді топтастыруда төмендегідей ұстанымдар бас-
шылыққа алынуы тиіс деп санаймыз: