1 Құрылымдық ұстаным. Құрмалас сөйлемді топтастыруда негізге
алынатын басты ұстаным. Өйткені құрмалас сөйлемнің грамматикалық
табиғаты тікелей құрылымға тəуелді. Бұл тұста белгілі ғалым Б.Шала-
байдың пікірі құрылымдық ұстанымға негізделеді: «Құрмалас сөйлемнің
құрылымдық типтерін анықтау жеңіл болу үшін алдымен, құрмаластар-
ды компоненттердің санына қарай: жай құрмалас сөйлем, күрделі құрма-
лас сөйлем деп бөлген тиімді болады. Екі компоненттен құралған құр-
маластарды жай құрмалас десек, үш не одан да артық компоненттерден
құралғандарын күрделі құрмалас сөйлем қатарына жатқызамыз», – деп,
одан əрі жай құрмалас сөйлемдерді салалас, сабақтас, ал күрделі құр-
маластарды (үш немесе одан да көп предикативтік орталықтан құралған
құрмаластарды) көп компонентті құрмаластар деп жіктейді.