Синтаксистік парадигмалар



Pdf көрінісі
бет179/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

1)  Құрылымдық  ұстаным.  Құрмалас  сөйлемді  компоненттердің 
баяндауыш тұлғасына қарай салалас, сабақтас, аралас деп бөлу дəстүрі 
құрылымдық  ұстанымға  негізделеді.  Шындығына  келгенде  бұл – мор-
фологиялық ұстаным. Құрмалас сөйлемдерді топтастыру тікелей компо-
ненттер  баяндауышының  морфологиялық  құрылысына  негізделеді.  Ал 
құрылымдық ұстанымның нағыз үлгісі құрмалас сөйлемдерді компонент 
санына қарай жіктеу боп саналады. 
2) Семантика-грамматикалық ұстаным. Өткен ғасырда доминант 
сипатқа ие болған бұл ұстанымның шынайы атауы – семантика-морфо-
логиялық  ұстаным.  Алдымен  морфологиялық  ұстаным  бойынша  сала-
лас, сабақтас құрмаластарға жіктеледі де, одан əрі салаластар жеке, са-
бақтастар жеке мағыналық қатынас ыңғайында ыңғайлас, қарсылықты, 
себеп-салдар, талғаулы, кезектес, шартты т.т. болып өз ішінде жіктеледі. 
Бұл  ұстаным – қазақ  тіл  білімінің  қалыптасуының  алғашқы  кезеңінен 
бастап күні бүгінге дейін қолданылып жүрген ұстаным. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет