2 Функционалды ұстаным. Кез келген синтаксистік бірлік синтак-
систік қызмет нəтижесінде түзілетін синтаксистік қатынасқа негізде-
леді. Синтаксемалардың синтаксистік қатынасы негізінде түзілетін сөз
тіркесінің компоненттерінің арасындағы синтаксистік қатынас түрлері
анықталған: атрибутивтік, нысандық (объектілік), адвербиалдық қаты-
нас. Ал сөйлемде – субъект-предикаттық қатынас.
Синтаксистік бірліктің түзілуінің негізгі шарты – синтакситік қаты-
настың болуы. Жай сөйлем деңгейіндегі сөйлем мүшелері синтаксистік
қатынас негізінде айқындалатыны шындық. Бастауыш, баяндауыш,
анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш – сөйлемдегі компоненттердің
бір-бірімен синтаксистік қатынасы негізінде қалыптасқан сөйлем мү-
шелері. Ал мұндай кез келген синтаксистік бірлікті құрайтын сыңар-
лардың арасында болатын қатынас құрмалас сөйлем компоненттері
арасында жоқ па? Біздіңше, бар жəне оның бар екендігінің дəлелдемесі
– кезінде А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, Н.Сауранбаевтар жазған құрма-
лас сөйлемдер жіктемесі. Өткен ғасырдың елуінші жылдарының аяғын-
да «сөйлем мүшелерінің атауымен бірдей» деген желеумен шығарылып
қалған бұл жіктелім тіл бірліктерінің қызметіне негізделген. Сондықтан
аталған ұстаным бойынша құрмалас сөйлемдерді екіге бөліп қарасты-
рамыз:
1. Теңдік қатынастағы құрмаластар.
2. Айқындауыштық қатынастағы құрмаластар.
а) Атрибутивтік қатынастағы құрмаластар
ə) Нысандық қатынастағы құрмаластар
б) Адвербиалдық қатынастағы құрмаластар.
в) Субъект-предикаттық қатынастағы құрмаластар.