Синтаксистік парадигмалар


Мезгіл  мəнді  құрмалас  сөйлемдер



Pdf көрінісі
бет206/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   374
Мезгіл  мəнді  құрмалас  сөйлемдер.  Тіл  ғылымында  таксис  тер-
минімен  танымал  мезгілдік  қатынастар    бір  мезгілде  не  əр  мезгілде 
орындалатын іс-əрекеттерді, үзілісті негізгі жəне жанама қимыл арақа-
тынасы  тұрғысында  сипаттайтын  тілдік  санат.  Мезгіл  мəнін  білдіретін 
құрмалас  құрылымдар  дəстүрлі  грамматикада  салалас  жəне  сабақтас 
құрмалас сөйлемдер аясында мезгілдес (ыңғайлас) салалас, мезгіл бағы-
ныңқылы  сабақтас,  мезгілдес  сабақтас  деген  атаулармен  беріліп,  же-
ке-жеке қарастырылып жүр.
Дəстүрлі грамматикада құрмаластың салаласа, сабақтаса байланысқан 
түрлерінің  бір-бірінен  айырмашылығы  ретінде  сабақтас  компонент-
терінің бағыныңқы, басыңқы болып, бір-біріне бағына байланысатыны, 
соның нəтижесінде басыңқы сыңардан бағыныңқыға сұрақ қою арқылы 
оның мағыналық түрін ажыратуға болатыны туралы қалыптасқан түсінік 
бар. Бұл дұрыс та, бірақ осы құбылыс тек сабақтастарға ғана тəн бе? Тіл-
дік мəнбірлер салаласа байланысқан компоненттер арасында да осындай 
тəуелділік болатынын нақтылайды. Мысалы: 
Күн де батты, жол айрығына біздер де жеттік (Қашан жеттік?).
Ауыз сөзіне сеніңкіремей отыр едім, бір газетті алып келді (Қашан 
алып келді?).
Шоқан босағада тұрған Мұсаға иек қағып еді, ол жалт бұрылып ата 
жөнелді (Қашан ата жөнелді?).
Аталған жайт құрмаластарды салалас, сабақтас деп бөлу тек тұлғалық 
ерекшелікке  назар  аударудан  туындағанын,  ал  құрмалас  деп  аталатын 


240
241
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
бүтін  бірліктің  компоненттері  арасында  мейлі  ол  салаласа  байланысса
да, сабақтаса байланысса да, мағыналық тəуелділіктің (теңдік қатынас-
тағы құрмаластардан басқасында) болатындығын дəлелдей түссе керек. 
Тілімізде мезгілдік мəн берудің бірнеше амал-тəсілдері бар.
Аналитикалық тəсіл: мезгіл үстеулері мен мезгіл мəнді сөздер арқылы 
мезгілдік мəннің берілуі.
(1)  Ертеде  қылышынан  қан  тамған  зұлым  патша  болыпты,  жазық-
сыз халық оның зорлығынан мезі болыпты. (2) Ертеңіне Əсет жүргелі 
жатқанда, ақ бəйбіше жылқыдан бір жақсы ат алғызып сыйға тартады. 
(3) – Еліме он жылға дейін тыныштық бер, мен рахаттанып мал өсіріп 
мамыражай бір өмір сүріп көрейін («Ел аузынан»). (4) Үш күн мінгесіп 
шапқан  соң,  Ақауыз  ат  қажыды  (Ж.Аймауытов).  Мезгіл  үстеулері  мен 
мезгіл мəнді сөздердің қатысы арқылы жасалған құрмалас сөйлемдердегі 
функционалдық, семантика-грамматикалық қатынасқа назар аударайық: 
1-сөйлем теңдік қатынастағы, мезгілдес салалас; 2-сөйлем – адвербиал-
дық қатынастағы, мезгіл бағыныңқылы сабақтас; 3-сөйлем – теңдік қаты-
настағы, шартты салалас; 4-сөйлем – адвербиалдық қатынастағы, себеп 
бағыныңқылы  сабақтас.  Мысалдардан  байқағанымыздай, 1,2-сөйлем-
дерде ғана мезгілдік мəн бар, бірақ бұл сөйлемдердегі мезгілдік мəннің 
қалыптасуына  мезгіл  мəнді  үстеудің  ықпалынан  гөрі,  компоненттердің 
баяндауыштық формасының рөлі зор. 
Мезгілдес салаластарды жасауда мезгіл мəнді сөздердің қатысы тура-
лы пікірінде Қ.Есенов олардың үш түрлі қолданысына мəн береді: 
1)  мезгіл  мəнді  сөздер  алғашқы  компонентте  жұмсалып,  оқиғаның 
орындалуын  да  бірінші  орынға  шығарады:  Қарсы  тұрған  Гүлшат  пен 
Ерен  жаққа  ең  алдымен  Мəулен  бастап  өтіп  еді,  жұрт  түгелімен  солай 
ойысты (С.Шаймерденов). 
2) енді бірде мезгілдестік мəндегі сөздер екінші компонентте жұмса-
лып, осындағы оқиғаның орындалуын да кейінірек екінші қатарға қал-
дырды: Матвей Степанович далаға шығып кеткен еді, осының артынша 
салдыр-сұлдыр дауыс тағы да естіле қалды (Ə.Сəрсенбаев). 
3)  мезгіл  мəнді  сөздер  екі  компонентте  де  өзара  үйлесіп  қолданыла 
береді: Алдымен жігіт кетті, соңынан қыз кетті [8, 25 б.].
Келтірілген қолданыстардың қайсысында мезгіл мəнді сөздердің осы 
қатынасты тудыруға қаншалықты ықпал ететіндігін ажырату үшін құрма-
ластар құрамынан мезгіл мəнді сөздерді алып тастау арқылы көз жеткізу-
ге болады. Алғашқы екі сөйлемдегі мезгіл мəнді сөзді компонент құра-
мынан алып тастағаннан сөйлемнің семантикасына нұқсан келмейді, бұл 
сөздер онсыз да бар мезгілдік қатынасты күшейте түсу қызметін атқара-
ды. Ал соңғы жағдайда компоненттер құрамынан мезгіл мəнді сөздерді 
алып тастаудан сөйлем мағынасына едəуір нұсқан келеді. Егер осындағы 
мезгіл мəнді сөздердің орнын бағыттық, не мекендік, не мақсат т.т. мəнді 
сөздермен ауыстырсақ, сөйлемдегі мезгілдік мəн солғындайды: Ауылға 
жігіт кетті, қалаға қыз кетті – Аламын деп жігіт кетті, алғызбаймын деп 
қыз кетті.
Сонымен  бірге  мезгіл  мəнді  сөздер  (уақытта,  кезде,  шақта,  күнде 
жəне т.б.) бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы құрамында болған кезде, 
екі компонент арасында мезгілдік қатынас түзілуіне ықпал етеді: Əңгіме 
жалпақ елдің жайына көшкен кезде, Абай шешіле түсті (М.Əуезов).
Бұдан шығатын қорытынды: мезгіл мəнді сөздер қос компонентте де 
қолданылған  жағдайда  компоненттер  арасында  мезгілдік  қатынастың 
түзілуіне  ықпал  етеді.  Ал  мұндай  сөздердің  қос  компоненттің  бірінің 
құрамында орын алуы онсыз да бар мезгілдік қатынасты күшейте түсуге 
ықпал етеді. 
Мезгіл  мəнді  құрмалас  сөйлемдерді  жасауда  екі  компонентке  ортақ 
сөздің  болуы,  сөйлем  мүшелерінің  ауысуы  сияқты  факторлар  да  əсер 
етеді:  Жастар  бөлек  əңгімелесіп  отыр  екен,  мен  де  соларға  қосылдым 
(Б.Майлин). Ол неше түрлі қызық əңгімелерді айтады, мен (оны) аузым-
ның суы құрып тыңдаймын (С.Мұқанов).
Компоненттерде ортақ сөздің болуының өзі оқиғаның бір уақыт шең-
берінде  өтіп  жатқандығын  білдіреді.  Егер  компоненттердегі  ортақ  сөз-
дердің бірін басқа сөзбен ауыстырсақ, мезгілдестік мəннен гөрі салыстыр-
малы не қарсы мəн басым сипатқа ие болады: Жастар бөлек əңгімелесіп 
отыр екен, (ал, бірақ) мен ақсақалдарға қосылдым. Ол неше түрлі қызық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет