Синтаксистік парадигмалар


де бас көтеру мүмкін емес



Pdf көрінісі
бет214/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

де бас көтеру мүмкін емес. Анаған да, мынаған да жалтақтап, болмы-
сымызға жарассын, жараспасын бойымызға жапсыра беру «сиырға ер 
салғандай ерсілік» болмақ. 
Алдымен, нысанға алынған сөйлем мен оның алдындағы сөйлемнің 
мағыналық  қатынасын  айқындайық.  Екі  сөйлемді  сондықтан  жалғау-
лығы  арқылы  байланыстыруға  да  болады:  Күңіренген  қобыз  үні,  күм-
бірлеген домбыра, ерлікке шақырар батырлар жыры, мəңгілік махаб-
батқа,  өмірге  шақыратын  лиро-эпостық  жырларымыз,  əлемдегі
теңдессіз  Айтыс  өнеріміз,  жүз  томға  жеткен  «бал-шырын»  фоль-
клорымыз,  міне,  біздің  рухани  тəрбиеміздің  түп  қазығы.  Сондықтан 
осылардың бəрін түбірімен көтермей, ұлт ретінде бас көтеру мүмкін
емес. Өзінің алдындағы сөйлемге қатысты алғанда салдарлық қатынас-
та тұрған бұл компонент өзімен мағыналық, интонациялық тұтастықта 
айтылған  келесі  сөйлеммен  шарттық  қатынаста  тұр.  Ұлт  ретінде  бас 
көтерудің шарты – осылардың бəрін түбірімен көтеру. Контексте бел-
гілі  бір  хабарды  баяндаушы  тілдік  тұлғаның  өкініші,  наразылығы  ба-
яндалған.  Рухани  күйзелістің  неге  апарып  соғатынын,  яғни  салдарын 
көрсетеді,  сол  арқылы  тығырықтан  шығудың  жолын,  дəлірек  айтсақ, 
шартын  көрсетеді.  Контексте  баяндалған  оқиғаның  логикалық  желісі 
осыған əкеп саяды.
Себеп пен салдар – бір-бірімен тығыз байланысты ұғымдар. Десе де
ол  үшін  арнайы  жағдайдың  болу  керектігін  Т.П.Шубина  былайша  дə-
йектейді: «Себеп пен салдар белгілі бір шарттылықтар қосылысы болған 
жағдайда ғана түзіледі. Себеп пен салдарлық мəн тек белгілі бір нақты 
жекеленген  жағдайда  қолданғанда  ғана  солай  болады;  егер  біз  бұл  же-
келенген жағдайды бүкіл əлемдік тұтастықпен байланыста қарасақ, бұл 
пайымдаулар өзара əсерлесетін əмбебап пайымдауларға  ұласады, мұнда 
себеп пен салдардың орны үнемі алмасады, бұл жерде немесе қазір се-
беп болған жайт басқа жерде немесе сол кезде салдарға айналуы немесе 
керісінше болуы мүмкін» [77, 72 б.]. Себеп пен салдардың тығыз байла-
нысы оларды білдіретін тілдік амалдардан да көрініс табады. Көптеген 
тілдерде себеп пен салдарды білдіруде ұқсас шылаулар қолданылатыны 
айтылып жүр. 
Жамалды еркек балаша киіндіріп жүрген соң, білмеген кісі қыз деп 
ойламаушы еді (М.Дулатов).
Қарасатын не туысы, не ақшасы жоқ адамды кім қорғаушы еді, сот 
мүшелері кемпірге қарсы заң баптарын өргізіп, бəленбай жылға жер ау-
дарғалы,  жер-мүлкін  тəркілегелі  жатады  (М.Шаханов). – Сот  мүше-
лері кемпірге қарсы заң баптарын өргізіп, бəленбай жылға жер аударға-
лы, жер-мүлкін тəркілегелі жатады, өйткені қарасатын не туысы, не 
ақшасы жоқ адамды кім қорғаушы еді.
Шылаулы  себеп-салдар  салалас  құрмалас  сөйлемнің  өзіндік  ерек-
шеліктері айқын, сондықтан тіл білімінде оған қатысты аса бір күрделі 
мəселе  бар  деуге  болмайды.  Ғалым  Р.Əмір  себеп-салдар  салаластың 
жалғаулықсыз түрінде бір күрделі бүтінге кіретін синтагмалар бір-біріне 
тіркесіп,  дауыс  ырғағы  арқылы  байланысатындығын  жəне  грамматика-
лық  байланыс  компоненттердің  мазмұнын  салыстырғанда  айқындала-
тындығын көрсетеді: 
Мысалы: Он бес жыл оқыды, өз жөнін өзі білер (Қ.Мұхамеджанов). 
Сіз депутатсыз, айтпайсыз ба шопандар осындай тауарға мұқтаж деп 
(А.Нұрманов).  Күлəн  екеуің  замандассыңдар,  осындай  қуанышта  бір-
біріңе қол ұшын беру керек (Қ.Мұхамеджанов). Аңқаулығым ғой, солар-
дың тұзағына ілініп қалғанымды білмеппін (Б.Майлин).
Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемнің шылаусыз байланысы тек 
ауызекі тілдегі үрдіс арқылы ғана емес, сонымен қатар компоненттердің 
грамматикалық  табиғатымен  айқындалады.  Дəл  осы  компоненттердің 
грамматикалық  ерекшеліктері  мен  олардың  əртүрлілігі  ауызекі  тілде
қолданылатын құрмалас сөйлемдердің құрылымдық ерекшеліктерін көр-
сетеді.


256
257
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
Бақбергеннің мүлде күйіп кеткені ғой, орнынан ұшып тұрды (Б.Май-
лин). 
Көңілсіз берген батада баян болушы ма еді, Марат екеуміз екі ай бекер 
арамтер болғанбыз (Ж.Ерманов). Көп ұйықтағандікі ме, басым ауырып 
тұр (С.Мұратбеков). Түні бойы жол жүріп шаршаған емес пе, демалып 
жатыр  (С.Мұратбеков).  Ұлық  болсын  да,  айтқанын  істемесін  (Қ.Саты-
балдин) [78, 150-153 бб.].
Бір ғана құрмалас сөйлемнің бойында бір мезетте бірнеше екі түрлі 
қатынастың орын алатын жағдайлары болатынын С.А.Шувалова тілдік 
материалдар негізінде дəлелдейді [76, 30 б.]. Бұл жайтты қазақ тілінде-
гі тілдік айғақтар да дəлелдейді. Мысалы, шартты рай тұлғасы арқылы 
себептік  мəннің  де,  шарт  мəнінің  де  берілетінін  кезінде  М.Балақаев  та 
көрсеткен еді [79, 47 б.]. С.Тажибаева себеп мəнді сөйлемдердің мағы-
насы  жағынан  шартты,  қарсылықты,  мақсат  мəнді  сөйлемдерге  жақын 
келетіндігін  нақтылайды [47, 147-149 бб.].  Себеп-салдарлық  мағына 
мезгілдік, мақсаттық, шарттық, амалдық, мөлшерлік мəндермен қабатта-
сып келе беретіндігін М.Төлеуп көрсеткен болатын [48, 129 б.]. Мұның
өзі тілдік құбылыстардың бір-бірімен тығыз байланысын дəлелдей түссе 
керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет