Синтаксистік парадигмалар



Pdf көрінісі
бет208/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

Синтетикалық  (грамматикалық)  тəсіл:  қос  компоненттің  баянда-
уыш  формасы  арқылы  құрмаласуы.  Əдетте,  құрмаластардың  баянда-
уыш  формасы  арқылы  құрмаласуы  дегенде,  сабақтастардың  есімше, 
көсемше,  шартты  рай  тұлғалары  арқылы  құрмаласуы  сөз  болады  да, 
салаластардың баяндауыш формасы назардан тыс қалады. Салалас сөй-
лем  компоненттері  баяндауыштары  да  арнайы  тұлғада  тұрып,  белгілі 
бір қатынастағы құрмалас сөйлемдер жасайды. Мұндай компоненттерді 
құрмаластырушы басты тұлға – жіктік жалғаулары (ашық не жасырын 
формадағы), сонымен бірге онымен препозицияда тұрған қосымшалар-
дың  да  өзіндік  функциясы  бар.  Мұндайда  жіктік  жалғауы  салаласты-
рушы тұлға болып саналады да, оның алдындағы тұлғалар белгілі бір 
мағыналық қатынастың түзілуіне жанама болса да, əсер етеді. Мезгіл 
мəнді  қатынастарды  беруге  қатысатын  грамматикалық  санаттар:  шақ 
жəне септік санаты. Осы тəсілдер арқылы мезгіл пысықтауыштар, мез-
гілдес салаластар, мезгіл бағыныңқылы сабақтастар мен мезгілдес са-
бақтастар жасалады. Мезгіл бағыныңқылы сабақтастардың компонент-
тері  арасын  байланыстыруда  есімше,  көсемше  формалары  қатысады. 
Ал мезгілдес салаластарда қос компонентте баяндалатын жай-күй бір 
ғана шақ формасында не басқа тұлғалы бірдей формада тұрады, ал егер 
екі компонент екі түрлі шақ формасында тұрған болса, компоненттерде 
ортақ сөздің болуы шарт. Мысалы: Ал енді, бала шаба жөнелді, мен де 
артынан ілестім (С.Мұқанов). Малдас құрып отырған Абылай қолын-
дағы қылқобызды тастай салды, тұла бойын айтып болмас үрей кер-
неп тұр (Д.Досжан). Холдың екі қолын артына қайырып біреулер ұстап 
əкеле жатыр, біреулер темір тəшке дайындап тұр (Ғ.Мұстафин). Құр-


244
245
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
малас сөйлем компоненттерін байланыстыруда жатыс, шығыс, көмек-
тес септік жалғаулары қатысады, бірақ септеуліктердің көмегінсіз жеке 
тұрып, компоненттерді байланыстыру қызметі тек жатыс септіктеріне 
тəн:  Қызым – үйде,  қылығы – түзде  (Мақал).  Қаңтарулы  ат  қасын-
да, қамшы мен шылбыр белінде (Ғ.Мүсірепов). Аттылар жалт-жалт 
қарасқанда,  жақын  жерде  дөңгелене  отырған  көп  адамның  жиыны 
көрінді (М.Əуезов).
Мезгіл мəнді құрмаластарды жасауда жатыс септік формасының ак-
тив қатысатынын аңғаруға болады. Бұл форма арқылы салаластар да, са-
бақтастар да байланыса алады. Жатыс септіктің есімше формасына (-ған, 
-ген)  жалғанып  мезгілдік  мəн  беруі – ең  өнімді  тəсілдің  бірі:  Бір  кезде 
Бөлтірік  бес  молданы  бастап  үйге  кіргізгенде,  бəрі  таңданып  балаға 
қарайды («Ел аузынан»). Жанына мылтық батқанда, анасы қызын тас-
тай беріп, алыса кетті (Ж.Аймауытов).
Жатыс  септік  жалғауы  есімшенің  -ар, -ер, -р  формасымен  тіркесіп 
келіп те мезгілдік мəн береді: Бір күні түс кезінде бұлар ауылдан атта-
нарда, көлдің жел жағынан шаңдатып шауып келе жатқан бір орыс, бір 
қазақ көрінді (М.Дулатов). Бұл қазақ тілінде сирек қолданылатын тəсіл 
болғанымен, Қ.Есенов оның өзбек, қырғыз тілдерінде жатыс септігінсіз, 
болымды-болымсыз  қосар  формада  актив  қолданылатынын  көрсетеді 
[22, 90 б.].  Есімше  формасына  -ша, -ше  жұрнағы  жалғану  арқылы  жа-
салған мезгіл мəнді құрмаластардың алғашқы компонентінде баяндалған 
іс-əрекет орындалғанша, келесі компонентте сонымен қатар орындалып 
жатқан іс-оқиға баяндалады: Бапан ойланып жауап бергенше, топ іші-
нен бір жасөспірім бала ортаға шығады («Ел аузынан»). Əйел етті қа-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет