Синтаксистік парадигмалар


əңгімелерді айтады, (ал, бірақ) мен музыка ғана



Pdf көрінісі
бет207/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

əңгімелерді айтады, (ал, бірақ) мен музыка ғана тыңдаймын.
ə)  аналитикалық-синтетикалық  тəсілдер  арқылы  мезгілдік  мəннің 
берілуі (шылаулар, орын тəртібі мен интонация тəсілдері). Аталған тəсіл 
аясында қарастырылатын шылаулардың рөлі ерекше. Олар құрмаластың 
бір  компонентін  екіншісімен  байланыстырып  қана  қоймай,  олардың 
арасындағы мағыналық қатынасты айқындай түседі. Салаластарды бай-
ланыстыратын  жалғаулықтар  да,  сабақтастарды  байланыстыратын  сеп-
теуліктер  де  компоненттерді  құрмаластырудың  өзге  тəсілдерімен  бірге 
аталған функцияны атқара алады.
да,  де,  та,  те  жалғаулығы  арқылы  құрмаласқан  салаластар  мезгіл-
дік жағынан бірінен кейін бірі болып жатқан немесе қатар болған іс-əре-
кет, жай-күй, көріністерді білдіреді. Залдағы жарық сөндірілді де, пер-
десі  баяу  сырғып  сахна  ашылды  (З.Қабдолов).  Жер  астында  жел  де 
жоқ, тілін соза қызара жалтыраған май шамнан басқа жарық та жоқ 
(Ғ.Мүсірепов).  Аталған  жалғаулық  құрмаластардың  бір  компонентін-
де  қолданылуы  да,  екі  компонентте  қайталана  қолданылуы  да  мүмкін. 
Қайталана қолданылғанда бұл жалғаулық өзі тіркескен сөзге ой екпінін 
түсіру міндетін де атқарады.


242
243
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
Жəне,  əрі  жалғаулықты  салаластардың  тілімізде  қолданылу  жиілігі 
да/де,  та/те  жалғаулығына  қарағанда  сирегірек.  Мезгілдестерді  байла-
ныстыратын  жалғаулық  деп  танығанымызбен,  дəл  осы  жалғаулықтар 
арқылы құрмаластарда мезгіл мəнінен гөрі ыңғайластық сипат басым бо-
лады. Жəне жалғаулығы қос компонент арасында бір-ақ рет қолданылса, 
əрі жалғаулығы қайталанып та, қайталанбай да қолданылады. 
Сіздің қолыңыз босай қоймас жəне босағанмен бұл жұмыс сізге ауыр 
тиер  (Ə.Əбішев).  Қадірдің  киімі  жұқа,  əрі  денсаулығы  мықты  емес 
(С.Мұқанов).
Септеулік шылаулардың құрмалас сөйлем компоненттерін байланыс-
тыруда жалғаулықтармен салыстырғанда рөлінің басым екендігі бұрын 
да айтылып жүр. Құрмаластардың ішінде жасалу жолы күрделі, дəлірек 
айтсақ,  осындай  мəндік  қатынасты  тудырушы  формаларының  саны 
жағынан  ең  көбі – мезгіл  мəнді  құрмаластар.  Бағыныңқының  есімше 
формалы баяндауышына соң, сайын шылауының, барыс септік жалғаулы 
есімшеге дейін, шейін, шығыс септікті есімшеге кейін, соң, бері, былай, 
осы септіктегі тұйық етістік формасына бұрын шылауларының тіркесуі 
арқылы мезгіл бағыныңқылар жасалады: Онан біраз жер өткен соң, шие 
сатып отырғандардан ол үш тиынға бірталай шие сатып алды (Ы.Ал-
тынсарин).  Ырысбек  қашан  үлкейтіп  болғанға  шейін,  көкем  мен  апам-
ның суретін алғанымды Нəзира əпкем білмесе екен деймін (С.Мұқанов). 
Аспан мен жер жапсары ақшыл бояуға малынып күн көзі көкжиектен 
ажырағаннан  кейін,  тоғай  іші  қайта  жанданды.  Шыңыраудың  құ-
быр-өңеші түбіне тақаған сайын, шағылға шағылысқан екінді шақтың 
жарығы құбыр-өңешке молынан құйылды (Д.Досжан).
Құрмалас  сөйлем  компоненттерін  байланыстыруда  интонацияның 
да өзіндік рөлі бар. Бұл тəсілдің əсіресе жалғаулықсыз салаластарды 
байланыстырудағы рөлі туралы З.Базарбаева: «Екі компоненттің ара-
сын  байланыстыратын  жалғаулықтар  олардың  мағыналық  қатынасын 
көрсетеді. Ал жалғаулықсыз іргелес салаластардың мағыналық қаты-
настарын  көрсетуде  барлық  күш  олардың  интонациялық  тəсілдеріне 
түседі. Мұндайда интонацияның компоненті болып саналатын қарқын, 
интенсивтілік,  ұзақтылық,  əуен  сияқтылар  қозғалысқа  түсіп,  əртүрлі 
қызмет атқарады жəне А.М.Пешковскийдің өтем заңы (закон компенса-
ции) деген пікірін, яғни жалғаулықтар арқылы жеткізілмейтін мағына-
ны интонация арқылы жеткізуге болады деген ойын мақұлдайды. Тек 
қана  пауза  синтаксистік  көмекші  тəсілдермен  бірігіп  интонацияның 
маңызын үстемелейді», – дейді [42, 130 б.]. Бұдан байқағанымыздай, 
салаластың жалғаулықты, жалғаулықсыз түрлерінің, септеулікті, сеп-
теуліксіз сабақтастардың бір-бірінен интонациялық ерекшеліктері бо-
лады.
Жалғаулықсыз мезгілдес салаластың интонациясына мысал:
Аңызда айтылған қырық қорым анау, шошақ басында жартылай 
құлаған көне мазар шошаяды (Д.Досжанов).
Қазақ  тіліндегі  іргелесе  байланысқан  мезгілдес  салалас  сөйлемдер 
компоненттерін байланыстыруда интонация басты қызмет атқарады де-
сек те, оған қосымша синтетикалық тəсілдің де ролін көрсете аламыз: 
1) алдыңғы компонент (І) көсемше формалы негізгі етістік+отыр еді/
еді – кейінгі компонент (ІІ) баяндауышы жедел өткен шақ формасында;
2)  І  компонент  жедел  өткен  шақ+  болды,  шартты  райлы  етістік + 
болғаны;
3) І компонент жедел өткен шақ+ақ;
4) І компонент тұйық етістікті бастауыш + мұң еді баяндауышы;
5) ІІ компонент сол-ақ екен, сөйткенше болмады деген анафористік 
сөздердің қатысы арқылы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет