Синтаксистік парадигмалар


Қарсы мəнді құрмалас сөйлемдер



Pdf көрінісі
бет210/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

Қарсы мəнді құрмалас сөйлемдер. Қарама-қарсылық немесе «теріс-
теу заңы» – диалектиканың негізгі заңдарының бірі. Қоғамның субъек-
тісі  ретінде  адам  айналасында  болып  жатқан  құбылыстарды  тек  бақы-
лап  қана  қоймайды,  оған  ықпал  етеді,  тікелей  қатысады,  қабылдайды. 
Қоғамдағы  құбылыстар  мен  оқиғалар  туралы  көрген-түйгенін  ой  еле-
гінен  өткізеді,  баяндайды,  ол  туралы  көзқарасын  білдіреді,  мақұлдай-
ды не терістейді. Адам мен қоғам арасындағы осы байланыстың тілдік 
бейнесі сөйлемде көрініс табады. Қазақ тіл біліміне бір кездері «ереуіл», 
«қайшы»  салалас  деген  атпен  енген,  кейіннен  «қарсылықты  салалас», 
«қарсылықты  бағыныңқылы  сабақтас»  деп  аталған  бұл  сөйлемдердің 
компоненттері бір-біріне қарама-қарсы келетін əрекеттерді, оқиғаларды 
баяндайды.  Бұл  жөнінде  филология  ғылымдарының  кандидаты  Б.Қа-
палбеков: «Қарсылықты салалас сөйлем мен қарсылықты бағыныңқылы 
сабақтас  сөйлемді  сыңарлары  қарсы  мағынада  келетін  құрмаластарды 
жасаудың əртүрлі тəсілдері деп қарауға болады. Болашақта қазіргі қазақ 
тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі басқа қырынан, мағынадан оны жа-
саушы тұлғаларға қарай жүретін тəсілмен қарастырылатын болса, онда 
қарсы мəндегі сабақтас, салалас сөйлемдер бір деңгейге топтастырыла-
тын болады», – деп көрсетеді [71, 720 б.]. 
Компоненттердегі қарсы мəн қалай құрылады:
1) бірінші компоненттегі предикатқа екінші компоненттегі предикат 
қайшы мəнде беріледі;
2)  бірінші  сыңарда  баяндалған  оқиғаның  күтілетін  нəтижесі  екінші 
компонентте жоққа шығарылады не қарсы мəнге құрылады;
3)  екінші  сыңарда  белгілі  бір  ой  айтылады,  бірақ  ол  мəні  жағынан 
бірінші сыңарда айтылған ойға қарсы мəнде болады. 


248
249
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
Сонымен бірге Қ.Есенов «кейбір қарсылықты бағыныңқы сөйлемдер-
де қайшылас мəнмен қатар салыстырма, шарт оттеноктары да болады», 
  дей  келіп,  оның  дəлелі  ретінде  төмендегідей  сөйлемдерді  ұсынады: 
Менің əлі бойым піскенмен, ойым піскен жоқ. Біреуге достық жасасам, 
қастық боп қайтады өзіме (Қ.Аманжолов) [72, 160 б.]
Қарсы мəнді құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдары:
а)  семантика-грамматикалық  тəсілдер  немесе  аналитикалық  тəсіл-
дердің ішінде қарсы мəнді құрмаластарды жасауға актив қатысатыны  
ассоциативті антонимдік байланыстар, антоним сөздер. Мысалы: Қызым 
– үйде, қылығы – түзде. Əйелдің шашы ұзын, ақылы қысқа (Мақалдар). 
Адам көп, адамгершілік аз. Адамға ең қиыны – Адам болу, хайуан болу 
оп-оңай (Қ.Мырза Əли). 
Лексикалық қайталау, сөйлем мүшелерінің алмасуы арқылы да қарсы 
мəнді құрмаластар жасалады: Көктің күні батса да, Көңілдің күні бат-
пасын. Шайдың қызылы кесілгенмен, беттің қызылы қалады. Періште 
пендені тəрбиелей алмайды, бірақ пенде періштені бұза алады (Қ.Мырза 
Əли). Сондай-ақ жоқ, емес сөздері баяндауыш қызметінде жұмсалғанда 
да, қарсы мəнді құрмаластар жасалады.
ə)  аналитикалық-синтетикалық  тəсілдер  арқылы  мезгілдік  мəннің 
берілуі  (шылаулар,  орын  тəртібі  мен  интонация  тəсілдері).  Тілімізде 
қарсылықты мəн білдіретін шылаулар ретінде көрсетіліп жүрген жалғау-
лықтардың қай-қайсысы да құрмаластың аталған түрінің қалыптасуына 
белгілі бір дəрежеде ықпал етеді. Олар: бірақ, дегенмен, əйтсе де, сөйтсе
де, сонда да, дегенмен, алайда, ал. Қарсылықты мəн тудырушы жалғау-
лықтардың  мезгілдес,  себептес  мəнді  жалғаулықтардан  сапалық  айыр-
машылықтары бар екендігі Н.Сауранбаев еңбегінде көрсетілген [4, 210 
б.]. Қарсы мəнді білдіретін жалғаулық шылауларды бірінің орнына бірін 
қойып алмастырып айтуға болады: Ашу қыз-қыз қайнайды, бірақ (алай-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет