250
251
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
гітіп алып, өзі айырып алған кісі болып, өз досының мойнына есептеп
ұпай салады (М.Əуезов).
Қанша шұбарламасын, одан кітабы жақсы
болмайды. Ауылнай болмақ түгіл, тіпті уез болысын да тыңдамаймын
(Б.Майлин).
Қанша жалынбасын, мен айтқанын істемедім.
2) Қарсы мағынадағы құрмалас сөйлемдердің екінші түрі сөйлем-
дердің препозициялық құрамдас бөлігі ретінде біртекті альтернативті
мағынадағы баяндауыштың енгізілуімен анықталады, баяндауыш рөлін-
де
-ар, -ер-ге аяқталатын есімшелер немесе бұйрық формасындағы бо-
лымды-болымсыз етістіктер болады: Мысалы:
Жақсы болсын, жаман
болсын, өзіңнің ұнатып тигеніңді айтсаңшы (Б.Майлин).
Келер, келмес,
бірақ мен оны шақырамын. Дүйсеке айтсын, айтпасын, малын Сиқым-
бай ұрлағанын Есімбай жақсы білетін (Ғ.Мұстафин).
3) Ауызекі тілде
-тын, -тін-ге аяқталатын баяндауыш-есімшелі жай
сөйлемдер бір құрамдас бөлік ретінде қарсылықты сөйлемнің ерекше
түрін білдіреді.
– Кімсің сен, маған нұсқау беретін (Ж.Еділбаев).
– Оу, мынауыңыз қалай, Əлеке, танысу аяқты аппақ ішпей ме екен.
Лингвистикалық жұмыстарда
-тын-ға аяқталатын компонентті са-
лалас құрмалас сөйлемдер арнайы көрсетілмейді.
-тын-ға аяқталатын
компонент құрмалас сөйлемдерді жазғанда пунктуациялық белгі бол-
майтынынан айқын көрінеді. Құрмалас сөйлемнің көрсетілген құрылым-
дық-семантикалық құрылысының айқындалмауы белгілі бір өлшемде
-тын есімшелі жай сөйлемнің предикативті қызметтерінің толық зерт-
телмеуінен деп түсіндіріледі. Сонымен қатар, лингвистикалық əдебиетте
əлі күнге дейін қимылды потенцияда білдіретін
-тын-ға аяқталатын ба-
яндауыш формасы ескерілмейді. Дəл осы қолданыста
-тын-ға аяқтала-
тын есімше құрмалас сөйлемнің құрамында қарсылықты сөйлем құрай
алады.
Берілген құрылымдық құрмалас сөйлемдердің арасында екінші ком-
понент болып
түк те жоқ, еш нəрсе жоқ, сайтаны да жоқ деген сөз
тіркестері қолданылады:
Тұйыққа тірелетін түк те жоқ,
мұнан қиынын
да көргенбіз (Б.Майлин) [71, 140-143 бб.].
Бұдан байқағанымыздай, қарсы мəнді құрмаластарды жасауда лекси-
калық, морфологиялық корреляттардың атқарар жүгі ерекше. Əсіресе,
бұл жайт ауызекі сөйлеу тілінде ерекше сипатқа ие болады.
Қарсы мəнді құрмалас сөйлемдерді жасаудың ең өнімді тəсілі ретінде
аналитикалық (ассоциативті) антонимдер мен синтетикалық тəсілді көр-
сетуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: