Синтаксистік парадигмалар


Себеп мəнді құрмалас сөйлемдер



Pdf көрінісі
бет213/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

Себеп мəнді құрмалас сөйлемдер. Қоғаммен тығыз байланыстағы
адам жəне оның əрекеті белгілі бір философиялық заңдылықтарға сү-
йенетіні мəлім. Диалектиканың негізгі санаттарының бірі – себеп-сал-
дарлық.  Себеп-салдарлық  байланыс  объективті  əлемдегі  өзара  байла-
нысты құбылыстардың бірі ғана емес, сонымен бірге құбылыстар ара-
сындағы  көпжақты  байланыстың  негізі  болып  саналады.  Себеп  сана-
тының қалыптасуын зерттеген О.В.Маслиева құбылыстар байланысын 
білдірудің тілдік құралдары үнемі даму үстіндегі ойлау қажеттілігінен 
артта қалып келе жатқандығын айтады [74, 63 б.]. Н.Сауранбаев себеп 
бағыныңқыларды мезгіл бағыныңқы сөйлемнің негізінде қалыптасқан 
құрылым  десе,  А.А.Кузьмина  себептік  қатынастардың  пайда  болуын: 
«Тілде  əуелі  қатарласа  байланысу,  мезгілдік  ұқсастықтар  бекиді.  Ал 
себептік қатынастар грамматикалық жағынан пішімделіп мұнан бұрын 
қалыптасқан  синтаксистік  пішіндердің  берілу  тəсілдерін  пайдалана-
ды», – деп түсіндіреді [75, 42 б.]. Бұл мезгіл жəне себеп мəнді сөйлем-
дердің бір негізден шыққандығын дəлелдей түседі. Ғалымдардың бұл 
тұжырымдарын  Қ.Есенов  былайша  өрбітеді: «...тілдің  көне  дəуірінде 
ең алдымен мезгіл бағыныңқы сөйлемдер болған да, кейінірек олар се-
бептік мəнді бергенге ұқсайды. Ал содан кейін бара-бара мезгіл бағы-
ныңқылардан себеп бағыныңқы сөйлемдер өз алдына бөлініп шыққан 
болу керек» [8, 95 б.]. Бір ғана құрмалас сөйлемнің бойында бір мезетте 
екі түрлі қатынастың орын алатын жағдайлары болатынын С.А.Шува-
лова да көрсетеді [76, 30 б.]. 
(1) - Рас, бастағы жарық сыздап жанға батқанда, өкіндім.
(2) - Осылардың бəрін түбірімен көтермей, ұлт ретінде бас көтеру 
мүмкін емес («Қазақ əдебиеті»). Алғашқы сөйлемнің бағыныңқы сыңары 
Не себепті өкіндім? Қай кезде өкіндім? деген сұрауларға жауап болып, 
бір  кезде  əрі  себептік,  əрі  мезгілдік  мəнге  ие  болып  тұрса,  бағыныңқы 
сыңары көсемшенің болымсыз тұлғасы арқылы жасалған екінші сөйлем-


254
255
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
де шарттық та, мезгілдік те, себептік те мəн байқалады. Біздің ойымызша, 
қосымшалардың бір мезгілде бірнеше мəн беруі, басқаша айтсақ, поли-
семиялы  қолданыста  болуы,  бір  жағынан,  осы  тұлға  арқылы  жасалған 
құрмаластардың  бір  негізден  шыққандығын  көрсетсе,  екінші  жағынан, 
сөйлемді контекстен бөліп қараудың салдарынан. Баяндауыштың грамма-
тикалық тұлғасы компоненттер мағынасын ажыратудағы бірден-бір тəсіл 
емес, əсіресе осындай екіұшты мəселелерді шешуде конситуацияның рөлі 
зор. Жоғарыдағы сөйлемдерді өзі қатысты контекст шеңберінде қарайық:
(1) - Шыныңызды  айтыңызшы,  Желтоқсан  оқиғасына  қатысқа-
ныңызға өкінген сəтіңіз болды ма?
 - Рас, бастағы жарық сыздап жанға батқанда, өкіндім. Ондай сəт-
терде  «Үлкен  дарияны  кесіп  өтуден,  құдіретті  адаммен  жауласудан 
жəне көппен айтысудан қорық» дейтін апамның сөзі еске түсетін. 
Сұхбаттасушы екі субъектінің əңгімесінен берілген үзінді (контекст) 
мен оқиғаға өзек болған немесе сөйлесу кезіндегі жағдаяттан хабардар 
болғаннан кейін барып, жоғарыдағы сөйлемде мезгілдік мəннің басым-
дығына көз жеткізуге болады. Бұл мəнді контекст құрамындағы препози-
циялық, постпозициялық сөйлемдердегі мезгіл мəнді сəт лексемасының 
қайталана келуі айқындай түседі. 
(2) - Өз «мен» өзгелерден асқақ тұратын «рухы» жоғалған халықтың 
барар жері құрдым. Күңіренген қобыз үні, күмбірлеген домбыра, ерлік-
ке шақырар батырлар жыры, мəңгілік махаббатқа, өмірге шақыратын 
лиро-эпостық  жырларымыз,  əлемдегі  теңдессіз  Айтыс  өнеріміз,  жүз
томға жеткен «бал-шырын» фольклорымыз, міне, біздің рухани тəрбие-
міздің түп қазығы. Осылардың бəрін түбірімен көтермей, ұлт ретін-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет