Синтаксистік парадигмалар


Шумақ  жəне  құрмалас  сөйлем



Pdf көрінісі
бет234/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   374
Шумақ  жəне  құрмалас  сөйлем.  Шумақ  пен  сөйлемнің  арақатысы 
жөнінде  ғалымдардың  пікірлері  қайшылыққа  толы.  Бір  тілтанушылар 
бұлардың бірін ғана - я сөйлемді ғана, я шумақты (мəтінді) ғана тани-
ды. Келесі бір тілтанушылар сөйлемді синтаксистің негізгі бірлігі екенін 
мойындамайды да былай деп мəлімдейді: «Біздің уақытта тілдің жоғарғы 
жəне  анағұрлым  дербес  бірлігі  сөйлем  емес,  мəтін  екендігін  мойындау 
жалпыға ортақ болуға айналды. Осыдан мəтін синтаксисімен, яғни фраза-
дан жоғары бірліктермен айналысу қажеттігі келіп шығады» немесе «Біз 
тілді  пайдаланғанда  қолданатын  негізгі  бірлігіміз – сөз  я  болмаса  сөй-
лем емес, мəтін» [18, 9-10 бб.]. Сонымен қатар шумақты зерттеушілердің 
еңбектерінен шумақ пен сөйлемнің айырым белгілері болатыны туралы 
пікірлер де кездесіп қалады. Мəселен, татар синтаксисшісі М.З.Закиев: 
«... орамды сөзден күрделі синтаксистік тұтастықты (шумақты – Ж.Ж.) 
ажыратып  алуда  əдістемелік  мақсат  қана  болады:  ол  сөйлеудің  бірлігі 
бола алмайды, оның үстіне сөйлемге қарсы қойыла алмайды», - деп жаз-
ды [19, 237 б.].
Шумақ пен құрмалас сөйлемнің қатысына келгенде таласты мəселе-
лер  тіпті  көп.  Бұл  мынадай  жайттармен  байланысты:  кейбір  ғалымдар 
құрмалас сөйлемді дербес бірлік ретінде тани отырып оның жекелеген 
сипаттарын  мойындамайды.  Мəселен,  А.Н.Йофик  құрмалас  сөйлем 
сыңарларының арасындағы байланыстарды талдай келе салалас құрма-
лас сөйлем синтаксистік емес, пунктуациялық бірлік деген түйінге келеді 
[20, 119 б.]. Н.С.Поспелов құрмалас сөйлемді құрастырушы сыңарларды 
сөйлем ретінде танымайды [21, 48 б.], солай болса да А.М.Пешковский 
құрмалас  компонентіне  сөйлемдік  мəртебе  беруден  бас  тартпағанмен, 
«сложное предложение» терминін теріске шығарады, өйткені, оның ай-
туынша, бұл термин бірнеше сөйлемді бір «сөйлем» деп атап, сол арқылы 
шатасу туғызады [22, 455 б.].
Шумаққа  күмəнмен  қарайтын  мамандар  шумақ  пен  құрмалас  сөй-
лемнің  арасында  айырмашылық  жоқ  деген  пікірді  ұстанады,  өйткені 
бұлардың  екеуі  де  сөйлемдердің  грамматикалық  бірлігінен  тұрады  деп 
есептеп, оларды ажыратпай қарастырады. Осыдан болар, тіпті кейбір ма-
мандар дəстүрлі құрмалас сөйлемді күрделі синтаксистік тұтастық (шу-
мақ) деп тануды ұсынады, өйткені, олардың пікірінше, бұлардың екеуі де 
полипредикативті бірліктер болып саналады [23, 43 б.].
Сонымен  қатар  осы  мамандардың  құрмалас  сөйлем  мен  шумақты 
бір-бірінен  өзгеше,  бөлекше  бірліктер  деп  түсіндіретіні  де  бар.  М.З.
Закиев,  мысалы,  құрмалас  сөйлем  компоненттері  іргелес  тұрып  байла-
нысса, шумақ бөліктері іргелес те, алшақ та тұрып байланыса беретінін 
растайды. Оған қоса, шумақ құрамындағы дербес сөйлемдердің байла-
нысу  амалдары  құрмаласты  құрайтын  жай  сөйлемдердің  байланысына 
ұқсас,  елеулі  айырмашылық  шумақ  сыңарлары  синтетикалық  тəсілдер-
мен ешқашан байланыспайтындығында деп көрсетеді [19, 237 б.].
Орыс  тіліндегі  құрмалас  сөйлем  синтаксисі  оқулығының  авторлары 
С.Е.Крючков пен Л.Ю.Максимов шумақ пен құрмалас сөйлемнің айыр-
машылығы сонда, шумақ компоненттері «неғұрлым дербес болады, соған 
орай олардың арасындағы байланыстың тығыздығы əлсіз болып келеді 
де» олар негізінен мəні жағынан ғана бірлеседі деп көрсетеді [24, 150 б.].
Əуелі А.Байтұрсынұлы [9, 207 б.], онан жарты ғасырдан астам уақыт-
тан  соң  С.Е.Крючков  пен  Л.Ю.Максимов  айтқан  осы  пікірді  сарабдал 
пікір деп санаған жөн.
Ал шумақ пен құрмалас сөйлемнің арақатысын, яғни ұқсастығы мен 
айырмашылығын, айқындау үшін алдымен сипатталмақ тілдің құрылым-
дық ерекшелігін ескеру қажет болады. Қазақ тілінде құрмалас сөйлемді 
салалас жəне сабақтас деп жіктеу, орыс я басқа үндіеуропа тілдерінде-
гідей  жалғаулықтардың  мағынасына  емес,  құрастырушы  сыңарлардың 
(құрмалас құрамындағы сөйлемдердің) баяндауыштарының (əдетте, ал-
дыңғы  тұрғанының)  пішініне  сүйенетіндігі  белгілі.  Осы  тұрғыдан  кел-
генде, қазақ тілінде шумақ пен сабақтас құрмалас сөйлемді салғастыруға 
келмейді,  сондықтан  салалас  құрмалас  сөйлем  мен  шумақтың  арасын-
дағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар нысанаға алынғаны жөн. Өйт-
кені салалас құрмалас құрамындағы жай сөйлем түрлес сыңарлардың да, 
шумақ құрамындағы дербес сөйлемдердің де (жай я құрмалас) баянда-
уыштарының пішіні тиянақты болады.


290
291


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет