Синтаксистік парадигмалар


Анықтауыш. Анықтауышқа тəн белгілер



Pdf көрінісі
бет74/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

Анықтауыш. Анықтауышқа тəн белгілер
Сөйлемде зат есімнен болған, не зат есім орнына жұмсалған басқа сөз 
таптарынан болған мүшелерді түрлі қырынан сипаттап тұратын сөйлем 
мүшесін анықтауыш дейміз. 
Сөйлемнің құрылымдық-семантикалық компоненті ретіндегі анықта-
уышқа тəн белгілер: 
1) сөйлем негізін құрамайды (тұрлаусыз мүше);
2) сын есімнен жəне ілік септік тұлғасындағы зат есімнен жасалады; 
3) анықтайтын сөзі (анықталатын сөз) – зат есім немесе заттанған сөз; 
4) анықтайтын сөзімен қабыса да, матаса да байланысады; 
5) анықтайтын сөзінің алдында орналасады; 
6) заттық белгілерін нақтылайды; 
7) сөйлемнің «тема» (алғашқы бөлігі) жəне «рема» (жаңа ақпарат бе-
ретін бөлігі) құрылымына да қатысады; 
8) сөйлемнің барлық мүшесімен сөйлемге енеді; 
9) анықтайтын сөзімен атрибуттық қатынаста тіркеседі. 
Анықтауыш сөйлемнің негізін құрамайды десек те, кейде сөйлемдегі 
негізгі ой анықтауыш арқылы беріледі де, анықтауыш болатын сөз (негіз-


86
87
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
гі) тұрлаулы мүшенің құрамына енеді. Қыздың баласы – жиен. Басқаша 
құрасақ: Жиен – қыздың баласы. Бірінші сөйлемде сөйлемнің алғашқы 
бөлігіне  орналасып,  бастауыштың  құрамында  негізгі  мүше  болып  тұр. 
Себебі бұл пікірде айтпағымыз бала емес, қыздың баласы. Екінші сөй-
лемде анықтауыштық қатынастағы бұл тіркес тұтасымен баяндауыш қыз-
метінде жұмсалып тұр. 
Анықтауыш  қызметінде  жұмсалатын  сөз  табы,  негізінен,  сын  есім 
десек те, сын есім сөйлемде əртүрлі қызметте жұмсалады: 1) субстан-
тивтеніп бастауыш немесе толықтауыш болады. Мысалы: Үлкен бастар, 
кіші  қостар.  Жақсы  байқап  сөйлер,  жаман  шайқап  сөйлер.  Жақсыда 
жаттық жоқ, жаманда жақындық жоқ. 2) Сөйлемде етістіктен болған 
баяндауышпен  тіркесіп,  пысықтауыш  болады.  Мысалы:  Мұржасы  қи-
сық болса да, түтіні түзу шығады. Ақырын жүріп, анық бас, еңбегің 
кетпес далаға (Абай).
Анықталатын сөз – зат есім, дегенмен, заттанған басқа сөз табының 
да анықтауышы болады: Асқар мен Ержан далаға шықса, көзілдірікті, 
қылышты біреу арбадан түсіп жатыр екен (С.Мұқанов). Есік алдында 
Олжабек  мінген  торы  қаңтарулы  тұр  екен  (Ғ.Мұстафин).  Ақан  өзінің 
бейсауат  жүрісін  түсіндіріп  өтті  (Т.Əлімқұлов).  Атыма  сенген  мен 
күшімді сынамақ болып, қайырыла ұрыс салдым (Т.Əлімқұлов).
Анықтауыш,  ең  алдымен,  бастауышты  нақтылап,  онымен  сөйлем 
құрамына енеді: Көзіне ақ түскен шотыр əйел қыбыжықтап, отбасын-
да күйбелеңдей берді (Т.Əлімқұлов). Құлағы салпиған қара күшік түне-
меге там айналып үріп шығады (Д.Исабеков).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет