Анықтауыштардың мағыналық жəне құрылымдық түрлері. Анықтауыш мағынасына қарай екі топқа бөлінеді:
1) сапалық анықтауыштар; 2) меншіктік анықтауыштар. Сапалық
анықтауыштарға сын есім, сан есім, есімдік, есімше, еліктеуіш сөз, атау
тұлғалы зат есімдерден болған анықтауыштар жатады [29, 174 б.]. Кешке Есіркептің үйінде үлкен той болды (Д.Исабеков). Меншіктік анықтауышқа ілік жалғауында жасалған анықтауыштар
жатады: Ана төртеуінің сылқ-сылқкүлкісі жаман еді, бірдеңе бүлдірген жоқ па? (Д.Исабеков) Сапалық анықтауыштар анықтайтын сөздерімен қабыса байланы-
сады, меншіктік анықтауыштар матаса байланысады.
Анықтауыштар құрылысына қарай үшке бөлінеді:
1) дара анықтауыштар; 2) күрделі анықтауыштар; 3) үйірлі анықта-
уыштар.
Дара анықтауыштар – бір ғана сөзден болған анықтауыштар.
Күрделі анықтауыштар – кемінде екі сөзден атрибуттық қатынаста
құралып, сол тобымен басқа зат есімді анықтайтын сөздер. Мысалы: Көп жасағанадам білмес, көп көрген адам біледі (Мақал). Кеседегі ыстық шайды аузыма енді апара бергенімде, есік сықырлап ашылды да, аласа қысық көз шал кірді (О.Бөкей). Үйірлі анықтауыштар – кемінде екі сөзден предикаттық қатынаста құра-
лып, сол тобымен басқа зат есімдерді анықтайтын сөздер. Мысалы: Білімі жоқұл – жұпары жоқ гүл (Мақал). Он саусағы өнер Апам босаға көрген бірер жылында-ақ маңғаз, инабатты, пысық келін атанады (О.Бөкей).
4-кесте – Анықтауыштың ішкі құрылымын салыстырыңыз
Күрделі анықтауышты сөз тіркесі
Үйірлі анықтауышты сөз тіркесі
(қандай көз?) қысық көз шал
(несі қысық?) көзі қысық шал
ұзын бойлы жігіт
бойы ұзын жігіт
үлкен жүректі адам
жүрегі нəзік ару
көпті көрген кісі
көргені мол кісі