Толықтауышпен де сөйлемге енеді: Əйел босағадағы күбіні пісіп, сыры қашқан зеренге сусын құйды (Т.Əлімқұлов). Ол шаршыға түй- ген бір уыскүміс ақшасынабыр-сабыр боп жатқан жұрттың үстіне шашып жіберді (Д.Исабеков).
Зат есімнен жасалған мекендік мағыналы пысықтауышпен де сөй-
лемге енеді: Ит байласаң тұрғысыз баспананың терезесінде сапы мен сыбызғы ілулі тұрды (Т.Əлімқұлов). Ашық қалған есіктен қуанышты адамдардың дабыр-дұбыр сөйлескен үндері естілді (Д.Исабеков)
Сөйлемде анықтауыштың да анықтауышы болады: Мақтағаным емес, жатаған жеген жаман сиырға ұқсағым жоқ-ты (Т.Əлімқұлов). Биік жастықта шалқалап жатқан Сырғакүлдің көзінен аққан ыстық жас жастығын жуып кетті (Д.Исабеков). Сөйлемнің баяндауышы есім сөзден болса, баяндауыштың да
анықтауышы болады: Ұзақ өмірден қалған белді белгі – үйдегі сапы мен сыбызғы (Т.Əлімқұлов). Жұдырықтай немересінің асқар таудай арқа сүйері – қушиған кəрі əжесі.