Синтаксистік парадигмалар


 Сөйлем мүшелерінің орын тəртібі



Pdf көрінісі
бет95/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

2.3.4 Сөйлем мүшелерінің орын тəртібі 
Сөйлемдегі сөздердің орын тəртібі – сөйлемге мүше болып кірген сөз-
дердің орналасу реті.
Қазақ тіліндегі сөйлемдерде сөздердің орналасу тəртібі тілдің грам-
матикалық құрылымымен айқындалып, əдеби тіл дəстүрі арқылы қалып-
тасқан. 
Сөйлемнің  əртүрлі  типтеріндегі  сөздердің  орналасу  ерекшелігі  сөй-
лем мазмұнына, құрылымына, сөйлем мүшелерінің санына, айтылу мақ-
сатына байланысты. 


102
103
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
Қазақ  тіліндегі  сөздердің  орын  тəртібінің  атқаратын  функциялары 
мыналар: 
1.  Тұлғасы  (формасы)  бірдей  сөздердің  бастауыш  немесе  тура  то-
лықтауыш  екендігін  орналасуына  қарай  ажыратамыз:  Бала  кітап  оқып 
отыр.  Əнші  əн  айтады.  Бірінші  орналасқан  сөз – бастауыш,  етістікке 
меңгеріліп тұрған келесі сөз – толықтауыш. 
2.  Атау  тұлғасында  жұмсалған  екі  зат  есімнің  қайсысы  бастауыш, 
қайсысы баяндауыш екенін де орын тəртібі арқылы ажыратамыз: Анам 
– дəрігер. Мұғалім - əкем. Інім – оқушы. Оқушы – інім. Алдында тұрған 
бастауыш, сөйлемді аяқтап тұрған баяндауыш.
3.  Сөйлемдегі  сын  есімнің  қай  мүше  қызметінде  жұмсалғанын  да 
оның  орналасу  ретіне  қарай  анықтаймыз:  Əселдің  киімі – жылы.  Əсел 
жылы киініпті. Əселдің жылы киімі өзінде. Бірінші сөйлемдегі жылы 
сөйлемнің соңында тұрып, баяндауыш болса; екінші сөйлемдегі жылы 
етістік баяндауыштың алдына орналасып, пысықтауыш қызметінде жұм-
салған; ал үшінші сөйлемдегі жылы есім бастауыштың алдына орнала-
сып, анықтауыш қызметінде жұмсалған. 
Демек,  сөздер  сөйлемге  мүше  болып  кіргенде  сол  мүшенің  орнына 
сай енеді. 
Қазақ грамматикасы бойынша оқулықтар мен оқу құралдарында [29, 
219 б.; 34, 81 б.] сөйлем мүшелерінің орын тəртібі жайлы қалыптасқан 
ереже бар: баяндауыш сөйлемнің соңына, бастауыш одан бұрын, анықта-
уыш  анықтайтын  сөздің  алдына,  толықтауыш  пен  пысықтауыш  өздері 
қатысты сөздерінен бұрын орналасады. 
Сөздердің сөйлемде осы тəртіппен орналасуы – олардың грамматика-
лық қызметін айқындайтын тұрғы. 
Сөздердің  орын  тəртібінің  грамматикалық  қызметінен  басқа  стиль-
дік қызметі де бар. Тілдің дамуы барысында сөздердің орын тəртібінің 
осы қызметі күшейіп келеді. Сөйлеуші немесе жазушы өз пікірін баян-
дауда  сөздердің  орын  тəртібінің  стильдік  қызметін  қолдана  отырып,
актуалдап  немесе  экспрессивті  сөйлеу  мақсатымен  сөйлемдегі  мүше-
лердің  орнын  əдейі  өзгертіп  қолданады.  Мысалы: - Тоң  май  табылса, 
қара  көже  ішіп  неміз  бар?  Қатпаймыз  ба,  сол  көжеге?  (Ш.Мұртаза). 
Сондай  бір  сұрапылда  осы  мына  жатқан  Барысхан  келді  ғой  дүниеге 
(Ш.Мұртаза). 
Сөйлем  мүшелерінің  орналасу  тəртібі  бойынша  тұрлаусыз  мүшелер 
тұрлаулы мүшелермен тіркесіп сөйлемге енгенде, өзі қатысты мүшенің 
алдына орналасады. 
Автор  бұл  сөйлемдерде  толықтауыш  пен  пысықтауышты  баянда-
уыштан  кейін  қойған.  Ондағы  мақсаты – сөйлемнің  экспрессивтілігін 
арттыру, сөйлеушінің эмоциясын қоса жеткізу. 
Жай  сөйлемдегі  сөздердің  орналасу  тəртібі  сөйлемнің  тұрлаулы  мү-
шелерінің орналасу тəртібімен, ол сөйлемдердің қай сөз табынан жаса-
луына тікелей қатысты. Мысалы: Шаршау дегенді білмейтін қыз-келін-
шектер соғыс жылынан кейінгі бейбіт күннің шуағына жылынып, сы-
зылта əн салатын (О.Бөкей).
Бұл  етістік  баяндауышты  сөйлемде  тұрлаулы  мүшелермен  қатар 
бастауышпен кірген анықтауыш, бірінші баяндауышпен кірген толықта-
уыш, толықтауышпен кірген екінші анықтауыш жəне екінші (құрама) ба-
яндауышпен кірген пысықтауыш бар. Сөйлемді есім баяндауышты етіп 
қайта құрайық: Соғыс жылынан кейінгі бейбіт күннің шуағына жылы-
нып, сызылта əн салатын – шаршау дегенді білмейтін қыз-келіншектер. 
Есім  баяндауышты  сөйлемде  баяндауышпен  кірген  күрделі  анықта-
уыш жəне күрделі бастауыш қана бар. Себебі, екінші сөйлемнің баста-
уышы  етістіктің  есімше  формасындағы  сөз.  Бастауыш  қимылды  біл-
діретін сөз болғанмен, кім?сұрағына жауап беріп, атау тұлғасында тұр. 
Егер бастауышқа кім? не? сұрағын қояр болсақ оған тіркескен алдыңғы 
сөз  қай?  қандай?  сұрағына  жауап  беріп,  анықтауыш  қана  бола  алады. 
Демек,  бастауышпен  кіретін  тұрлаусыз  мүше – анықтауыш.  Толықта-
уыш  пен  пысықтауыш  сөйлемге  етістік  баяндауышпен  кіреді.  Автор-
дың (Ш.Мұртазаның) құраған сөйлеміндегі баяндауыш қызметіндегі сөз 
(əн  салатын)  бастауыш  қызметіне  ауысқанда,  онымен  тіркесіп  кірген 
толықтауыш  пен  пысықтауыш  сөздер  де  қызметін  ауыстырып,  күрделі 
бастауыштың құрамына енді. 
Сондықтан сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдағанда, алдымен тұрлау-
лы  мүшелерді  тауып,  одан  кейін  баяндауышқа  қатысты  мүшелерді,  со-
сын бастауышқа қатысты мүшелерді табу керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет