Синтаксистік парадигмалар


 Сөйлемнің үйірлі мүшелері



Pdf көрінісі
бет92/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   374
2.3.3 Сөйлемнің үйірлі мүшелері 
Сөйлем мүшелері өзі жасалған сөздің құрамына қарай дара жəне күр-
делі  болып  бөлінеді.  Дара  мүше  бір  сөзден  жасалса,  күрделі  мүше  екі 
немесе одан көп сөздерден жасалады. 
Күрделі мүше сол мүшенің құрамына кіретін сөздердің ішкі қатына-
сына  қарай  күрделі  (анықтауыштық  қатынастағы  сөз  тіркесі  негізінде 
жасалған)  жəне  үйірлі  (предикаттық  қатынастағы  сөз  тіркесі  негізінде 
жасалған) мүше болып бөлінеді. 
Демек, үйірлі мүше де кемінде екі сөзден құралатын күрделі құрам-
ды болады, яғни күрделі мүшенің ерекше түрі. (Бұл жайлы күрделі жəне 
үйірлі  анықтауыштар  бөлімінде  кең  айтылған,  себебі  үйірлі  мүше,  ал-
дымен, анықтауыш мүшеге қатысты танылған).
Үйірлі мүше туралы арнайы тоқталудың себебі бар. Үйірлі мүшенің 
ішкі құрылымы бастауыш-баяндауыш болып құралатындықтан, мұндай 
мүше қатысты сөйлемді құрмалас сөйлем деп танитын жағдайлар орын 
алмас үшін үйірлі мүшені дұрыс тану қажет. Үйірлі мүшенің ерекшелік-
тері мыналар: 
1) үйірлі мүшені құрайтын сөздер іштей бастауыш-баяндауышқа бөлі-
не алатын предикаттық бірліктер; 
2) үйірлі мүше құрамындағы «баяндауыш» есім сөздер, есімдік, есім-
ше болады; 
3) бұл құралым (конструкция) сөйлемнің кез келген мүшесіне тəн. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет