Сипаттама [1]. Аңдатпа кітаптың, не мақаланың бірінші бетінде орналасады



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата15.12.2023
өлшемі0,67 Mb.
#138072
1   2   3   4   5

Мысалы:

 

1-үлгі. Оқу-әдістемелік кешеніне берілетін аңдатпа 
 
Аңдатпа 
 
«Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» пәні бойынша жазылған 
студенттің пәндік оқу-әдістемелік кешені жоғары техникалық оқу 
орындарында оқитын барлық мамандықтардың жалғастырушы топтарына 
арналған. Кешенде іс қағаздарын жүргізуге негізделген сан алуан лексикалық 
тақырыптар, оның дамуы жолынан тарихи деректер, жан-жақты қамтылған 
жаттығулар, құжаттың бірнешеден үлгілері беріліп, одан басқа да көптеген 
жұмыстың түрлері қамтылған. 
Кешенде қолданылған жаңа технологиялық әдіс-тәсілдердің түрлерін 
меңгеріп, пайдалану арқылы, студенттер іс қағаздарының тілін, сауатты 
жазылуын, оның стилін, тарихын, өз тараптарынан мемлекеттік тілде іс 
қағаздарын толтыруды үйреніп, меңгереді, білімін тереңдетіп, толықтырады. 

2-үлгі. Кітапқа берілетін аңдатпа
 
Қазақ 
әдеби 
тілінің 
сөздігі.Он 
бес 
томдық. 
5-том/құраст. 
Б.Әбілқасымов, С.Бизақов, Ә.Жүнiсбеков және т.б. – Алматы, 2011.– 752 бет 
 
ISBN 978-601-7293-16-1 
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011–
2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жарық көрген 
бұл сөздік – қазақ тілінің сөз байлығын молынан қамтитын «Қазақ әдеби 
тілінің сөздігі» атты он бес томдық түсіндірме сөздіктің бесінші томы. 
Аталмыш томда сөздік бірліктер әліпби тәртібімен беріліп, олардың 
мағыналары ықшам түрде түсіндіріледі, грамматикалық, стильдік 
мағыналары сараланып, кейбір сөздердің қолданылу аясы мен саласы
этимологиясы көрсетіледі. 
Сөздік негізінен көпшілік қауымға – баспасөз, ғылым, білім, мәдениет, 
оқу-ағарту қызметкерлеріне,
ана тілін тереңірек білсем, қазақ тілін үйренсем 
деген жұртшылыққа арналады.
 
 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет