«сырттай және кешкі, ҚашықТЫҚтан оқыту» факультеті


Жасқа сай физиология мен мектеп гигиенасының зерттеу әдістері



Pdf көрінісі
бет3/75
Дата21.04.2023
өлшемі1,17 Mb.
#85147
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75
Жасқа сай физиология мен мектеп гигиенасының зерттеу әдістері. 
Басқа ғылымдар іспетті жасқа байланысты физиология мен мектеп гигиенасы 
бірнеше ғылыми зерттеу әдістерін пайдаланады: бақылау, табиғи жоне 
лабораториялық тәжірибе (эксперимент), функциялық жүктеме, телеметрия, 
антропометрия т. б. 
Бақылау әдісі - сыртқы ортаны танудағы негізгі әдістеме. Бұл әдістеме 
барлық ғылым салаларында кеңінен пайдаланады. Бірақ оны лабораториялық 
және табиғи эксперименттен жеке бөліп тастаса, ол бала организміндегі 
физиологиялық қалыптар мен құбылыстардың негізін аша алмайды. И. П. 
Павловтың айтуы бойынша бақылау әдісі "тек қана табиғаттың ұсынғанын 
жинайды". Дегенмен, балалардың миының қызметін зерттеген кезде бүл әдіс 
басқа зерттеу әдістері мен бірге организмнің жас ерекшеліктерін аныктауға 
көмектеседі. 
Табиғи тәжірибе – мақсаты мен міндеттеріне байланысты ғалым табиғи 
жағдайдағы тәжірибені адам баласы үшін қалыпты (табиғи) жағдайда қолданады. 
Айталық, баланың кору қабілетінің өзгеруін тексеру үшін, оның көру 
талдағышының қызмет ерекшеліктерін мектептегі оқуға дейін және оқуын 
аяқтаған кезде анықтайды, яғни оқу барысында табиғи жағдайда зерттейді. 
Л а б о р а т о р и я л ы қ т ә ж і р и б е н і ң  табиғи жағдайдағы тәжірибеден 
айырмашылығы бар. Мүнда зерттеуші тәжірибені арнайы жасалған жағдайда 
жүргізеді. Жағдайды өзгерту арқылы ғалым белгілі бір қызмет өзгерістерін 
тудырады да, оның сан мен сапалық сипатын анықтайды. 
Жасқа сай физиология ғылымында лабораториялық тәжірибе әдісінің бірі 
болып саналатын ф у н к ц и я л ы қ ж ү к т е м е немесе с ы н а у әдісі кеңінен 
тарады. Бұл әдіс бойынша, бала организмінің мүшелерінің қызметін, оған 
мөлшерленген функциялық жүктеме беру арқылы, оның әсерінің ұзақтығын 
немесе әсер ету қарқынын өзгерте отырып, түрлі жағдайларда анықтайды. 
Мұндайда физиологиялық көрсеткіш ретінде сол мүшенің қызметі алынады. Бала 
организмін 
зерттейтін 
физиологиялық 
тәжірибеде 
тынысты 
кідірту, 
температуралық әсер ету, дененің кеңістіктегі орынын өзгерту т. с. с. функциялық 
сынаулар қолданылады. Ең көп қолданылатындары молшерленген дене жоне ой 
еңбегі. Мысалы, зерттеуші баланың тыныштықтағы қалыпты жағдайында 
жүрегінің соғу жиілігін анықтайды, содан кейін бала 100 м жер жүгіріп өткен соң 


оның жүрегінің соғу жиілігін тағы да тексереді. Сөйтіп балаға берілген осы 
жүктемеге бейімделу сипатын бағалайды. Дене қызметінде жүктемені дәлірек 
анықтау ретінде э р г о м е т р и я , яғни эргометр аспабын қолдану арқылы, 
жүктеменің молшерін дәл анықтау әдісін пайдаланады. ой еңбегінің сынағы 
ретінде шектелген уақыт ішінде арифметикалық е с епті ш ы г а р у әдісі 
қолданылады. Бұл жағдайда зерттелушінің белгілі бір жұмыс қабілеті (айталық, 
жүрегінің соғу жиілігі) есеп шығаруға дейін, шығарып жатқан кезде және есепті 
шығарып болғаннан кейін анықталады. 
Жасқа байланысты физиологияның барлық зерттеу әдістері мен амалдары 
балалар мен жас өспірімдердің организмінің қызметтерін жынысына, жасына сай 
топталған ер жастағы бірнеше топ балалардың функциялық ерекшеліктерін орта 
шамамен зерттеуге бағытталған. (Мысалы, әртүрлі жастағы ер балалар мен қыз 
балалардың жүрегінің соғу жиілігін анықтау). Бүл әдіс әркімнің жеке басының 
даму ерекшеліктерін орташа корсеткішпен салыстыру мүмкіндігін береді. 
Жасқа байланысты физиологияның әдістемесінің бірі т е л е м е т р и я -  
радиотехникалық беріліс аспаптары арқылы бала организмін оның денесінен 
қашық жерде түрып анықтау мүмкіндігі. Бұл әдісті қолдану балалар мен жас 
өспірімдердің организміндегі мүшелердің қызметін табиғи жағдайда (ойын, оқу, 
еңбекпен шұғылданып жатқан кезде) зерттеуге мүмкіндік береді. Бұл әдіспен 
алынған мәліметтер өсіп жатқан жастарды оқыту мен тәрбиелеуде маңызды орын 
алды. 
Қазіргі 
кезде 
бала 
организмін 
зерттегенде 
күрделі 
оптикалық, 
радиотехникалық және электрондық аспаптарды кең қолданады. Бұл аспаптар бір 
сәтте ондаған түрлі қызметтерді қатарынан өлшеуге мүмкіндік береді. 
Балалар мен жастардың өсуін а н т р о п о м е т р и я  (дененің физикалық 
көрсеткіштерін олшеу әдісі) арқылы анықтайды. Бұл әдісте баланың бойын, кеуде 
шеңберін үш жағдайда (дем алғанда, дем шығарғаңда және тыныштық кезінде) 
және баланың басының шеңберін сантиметрлік лентамен, дене салмағын 
таңертең, үйқысынан түрған соң (бойын жеңілдеткеннен кейін), тамаққа дейін, 
арнайы медициналық таразымен өлшейді. 
Жасқа байланысты физиологияның әдістерінің нәтижелерін электрондық-
есеп аспаптарымен жоне математикалық статистика әдістерімен есептеп 
шығарады. 
Физиологиялық және медициналық әдістерді пайдаланып, мектеп гигиенасы 
түрлі жағдайлардың (түрлі ғимараттар, жиһаздар, т. б.) бала организміне әсерін 
анықтап, оған қолайлы жағдай тудыруды көздейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет