«сырттай және кешкі, ҚашықТЫҚтан оқыту» факультеті



Pdf көрінісі
бет6/75
Дата21.04.2023
өлшемі1,17 Mb.
#85147
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75
 
 


Бақылау сұрақтары: 
1. Орталық жүйке жүйесіндегі организмнін қыметінің үйлестірілуі 
2.Орталық жүйке жүйесіндегі қозу мен тежелудің иңдукциясы 
3. Қозудың орталық жүйке жүйесі 
 
Лектор____________________Сембаева Р.С. 
Оқытушы_________________Мейманбаева С.С. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Ф.7.03-23 
 
 
8-дәрістің тақырыбы: Жүйке жүйесінің қызметі, оқушылардың жас 
ерекшеліктері 
Жоспар: 
1.Жүйке жүйесінің жалпы құрылысы, маңызы, дамуы.
2.Нерв талшығы құрылысы мен қсиеттері. 
1.Жүйке жүйесінің құрылысы мен функциялық негізі - нерв клеткасы немесе 
н е й р о н. Орталық жүйке жүйесінде нейрондарды қосымша клеткалар-
г л и я л а р қоршаған. Нейрондар мен глиялар нерв ұлпасын құрайды. Глиялар 
нерв клеткаларының тірегі болып, оны қоректендіреді және электр изоляторы 
қызметін атқарады. Жаңа туған нәрестенің нейрондарының саны глиялардан 
анағүрлым көп болады. 20-30 жаста олардың саны бір-бірімен теңеседі де кейін 
адамның жасы ұлғайған сайын нейрондардың үлесі азайып, глиялардың үлесі 
көбейеді. 
Басқа тірі клеткалар тәрізді оның мембранасы, ядросы, ядрошығы мен 
органоидтары болады. Нейронның басқа клеткалардан айырмашылығы - денесінің 
көптеген өсінділері болады және цитоплазмасында нейрофибрилдері бар. 
Нейронның ала түсті заттарының құрамында рибонуклеин қышқылы (РНК) 
болады; Оның мөлшері жыныстық жетілуге дейін көбейіп, кейіннен тұрақталады. 
Қауіпті жағдайларда РНК-ның мөлшері азаяды да ала түсті заттары ыдырап, 
жоғалып кетеді. Мүндайда нейронның тірлігі жойылады. Нейрофибрилдер ұзын 
молекулалы белоктардан тұрады. Нейрон ұзақ жұмыс істегенде олар жойылыпта
кетуі мүмкін. 
2.Нейронның денесін с о м а деп атайды. Оның пішіні әртүрлі: сопақша, 
ұршық тәрізді, дөңгелек, домалақ, үш бұрышты, төрт бүрышты, жұлдыз 
тәрізді..Денесінен ұзынды-қысқалы өсінділері - нерв талшықтары шығады.Ұзын 
талшығын а к с о н (грекше аксон — тірек деген мағынада), қысқа талышқтарын д 
е н д р и т деп атайды (дендрон - ағаш). Аксонның сыртын қоршаған м и е л и н 
қабығы бар. Миелин - ақ май тәрізді (липид) заттан түзілген. Ол әрбір 1,5-2 см 
сайын үзіліп, Ранвье белдеуіне айналады.Аксон арқылы нерв клеткасының 
денесінен басқа нейрондарға, жұмысшы мүшеге нерв импульстері тасылады. 
Мүшелерге келген аксондардың ұшы тармақталып нерв ұш т а р ы н а айналады. 
Нерв ұштары қызметіне байланысты екі түрлі болып келеді: сезгіш ұштар 
р е ц е п т о р л а р және қозғаушы ұштар - э ф ф е к т о р л ар. Рецепторлар сыртқы 
және ішкі ортаның қандай да болмасын тітіркендіргішінің әсерін нерв 
импульстеріне қ о з у ғ а айналдырады. Ал эффектор орталық жүйке жүйесінен 
келген қозуды жұмысшы мүшеге жеткізеді.
Дендриттер — тармақталған қысқа өсінділер. Олардың ұштары сәл жуандап 
бұдырланады. Бұл нейрондардың басқа клеткалармен ұштасу ауданын үлкейтеді. 
Нерв клеткаларының аксоны көбіне біреу-ақ болады. Бірен саранында ғана екі 
аксон кездеседі. Олар ұзын болады: бірнеше сантиметрден 1-1,5 метрге дейін. 
Дендриттер көп болады. Олар - нейронның кірер есігі, ал аксондар - шығар есігі. 
Дендриттердің бүртіктері бала туғаннан кейін көбейе түсрді. 


Нейрондардың бір-бірімен байланысы с и н а п с деп аталатын арнайы 
ерекше құрылым арқылы іске асады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет