«сырттай және кешкі, ҚашықТЫҚтан оқыту» факультеті


Синапстың құрылысы мен қызметі



Pdf көрінісі
бет7/75
Дата21.04.2023
өлшемі1,17 Mb.
#85147
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   75
Синапстың құрылысы мен қызметі. Синапс 2 бөлімнен тұрады: 
пресинапстық (сйнапстың алдындағы) және постсинапстық (синапстың 
соңыңдағы) бөлімдер. Пресинапстық бөлімнің пресинапстық мембранасы бар. 
Пресинапстық мембрана нейрон аксонының жуандаған ұшы - синапс 
түймешесінің қабығы. Синапс түймешесінің іші синапстық көбікке толы болады. 
Бұл көбік м е д и а т о р деп аталатын белсенді химиялық заттан тұрады (лат. 
медиатор — делдал, арада жүруші). Қабылдаушы нейронның пресинапстық 
бөлімімен жалғасатын жерінің қабығын постсинапстық мембрана деп атайды. 
Пресинапстық және постсинапстық мембраналардың арасыңда синапс а р а л ы ғ 
ы болады. Ол клетка аралық сұйыққа толы кеңістік. 
Әрбір нейронның денесіндегі синапстардың саны 100, тіпті бірнеше мыңға 
дейін болуы мүмкін. Ал өрбір нерв талшығы 10 мыңға дейін синапс түзей алады., 
Қазіргі кезде жұлын мен мидың түрлі бөлімдерінде 2 түрлі синапстар бар 
екені анықталды: Қоздырушы және тежеуші синапстар. Орталық жүйке 
жүйесіндегі тежеуші нейрондардың аксондарының ұштарында тежеуші медиатор 
болады да ол қабылдаушы нейронға тежеп әсер етеді. Ми сыңарларының 
қыртысындағы нейрондарда ү-амин қышқылы (ГАМК) тежеуші медиатор ролін 
атқарады деген болжам бар. 
Әрбір нерв клеткаларында коптеген тежеуші жөне қоздырушы синапстар 
болады. Бұл нерв өрекеттерінің бір-бірімен байланысты қызмет атқаруын 
қамтамасыз етеді. 
 Нерв талшығы арқылы келген қозу синапстық көбіктегі медиатордың 
пресинапстық мембранасынан өтіп синапс аралығына құйылуына түрткі болады. 
Ол медиатор синапс аралығындағы клеткаралық сұйықта диффузды түрде тарап, 
постсинапстық 
мембрананы 
тітіркендіреді. 
Постсинапстық 
мембранада 
медиатордың әсері қайтадан қозуға айналады. 
Адамның миы нәтижелі еңбек еткен сайын оның синапстары көп болады. 
Сондықтан жаңа туған нәрестелерде синапстар аз болып, ер жеткен сайын көбейе
түсіп, ересек адамда өте көп болады.
3. Нервтер мен нерв талшықтары. Сырты қабықпен қапталған нерв 
клеткасының өсінділерін нерв т а л ш ы қ т а р ы деп атайды. Нерв талшықтары 2 
түрлі болады: миелинді жене миелинсіз. 
Миелинді нерв талшығының сыртын миелин қабығы қоршаған, ал миелинсіз 
талшықтың сыртын тек қана эндотелий қабығы қоршаған, миелині болмайды.
Егер нерв талшығының миелині болмаса, оның бойымен қозу үздіксіз жүреді. 
Бір жерде пайда болған әрекет потенциалы көрші жердің әрекет потенциалын 
тудырады. Әрекет потенциалының пайда болуы клеткалық мембрананың бойында 
натрий мен калий иондарының мөлшерінің өзгеруіне байланысты пайда болады. 
Бірақ клеткалық мембрананың бойымен ештеңе қозғалмайды. Тек қана оның бір 
жерінен екінші жеріндегі иондардың кезекпе-кезек өзгеруінен болады. Сонда нерв 
талшығының бойымен әрекет потенциалы ғана тарайды. Әрекет потенциалы, нерв 
импульстері, қозу толқыны деген сөздердің мағынасы бірдей. Мысалы, нерв 


талшығының белгілі бір жерінен 1 секундта 100 әрекет потенциалы, немесе 100 
нерв импульстері, немесе 100 қозу толқыны өтті деуге болады. 
Миелинді нерв талшығы арқылы нерв импульстері үздіксіз өте алмайды. 
Мұндай жағдайда бір Ранвье белдеуінен екінші белдеуге нерв импульстері секіріп 
өтіп, қозудың қозғалысы жылдамданады. Нерв талшығы арқылы қозудың өтуі 
талшықтың диаметріне де байланысты: диаметрі жуандаған сайын қозудың өту 
жылдамдығы тездейді. Нерв талшықтарын олардың диаметріне байланысты 3 
топқа боледі: А, В, С талшықтары. А талшықтарының диаметрі 22 мк, оларда 
миелин қабығы болады. Бүл талшықтар арқылы қозудың оту жылдамдығы 
секундына 120 м. В тобының нерв талшықтарының да миелин қабығы болады. 
Олардың диаметрі 3 мк-ға дейін, қозуды откізу жылдамдығы секундына 5 м. С 
тобының талшықтарының диаметрі өте жіңішке: 1 мк-ға дейін. Олардың миелин 
қабығы болмайды, қозуды өткізу жылдамдығы секундына 2 м. Балалардың 
денесінде С тобының талшықтары көбірек болады. Бірақ бала өскен сайын нерв 
талшықтары жуандап, орталық жүйке жүйесінде де, шеткі жүйке жүйесінде де 
қозуды өткізу жылдамдығы артады. 
Нерв талшықтары организмде топтасып дәнекер ұлпадан тұратын қабықпен 
қапталып нервтерге айналады. Бір нервтің құрамында қозуды орталық жүйке 
жүйесіне өткізетін жөне орталықтан жұмысшы мүшеге әкелетін талшықтар 
болады. Қозуды орталыққа өткізетін нервтерді о р т а л ы қ қ а т е п к і ш немесе 
а ф ф е р е н т т і к нервтер деп атайды, ал қозуды орталықтан жүмысшы мүшеге 
таситын нервтерді о р т а л ы қ т а н т е п к і ш немесе э ф ф е р е н т т і к нерв 
дейді. Нервтердің көпшілігі аралас нервтер. Олардың құрамында афференттік 
және эфференттік нервтер болады. 
Тірі организмдер екі түрлі қалыпты жағдайда болады: физиологиялық 
тыныштық және физиологиялық белсенділік. 
Ф и з и о л о г и я л ы қ т ы н ы ш т ы қ деп организмнің көзін жұмып, 
тыныш, ештеңені ойламай, тындамай, денесін босатып, демалып, ояу жатқан 
қалпын айтады. Бұл кезде организмнің өзінің тіршілігіне қажетті құрылымдары 
(жүрек-қан тамырлар, тыныс алу, зәр шығару т.с.с) белгілі шамада қызмет 
атқарады. Бүл кезде ұлпалардың клеткаларыңда белгілі мөлшерде зат алмасуы 
жүріп жатады. Осындай қалыпта жатқанда сыртқы ортаның қандай да болмасын 
бір жағдайлары әсер етсе, организм физиологиялық тыныштықтан физиологиялық 
белсенділікке ауысады. Организмнің қаңдай да болмасын жеке мүшесі немесе 
мүшелер жүйесі, тіпті бүкіл организмнің қызмет атқаратын жағдайын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет