Система менеджмента качества издание 1


б) пәндік құзыреттілік (ПҚ)



бет3/8
Дата20.05.2022
өлшемі477,5 Kb.
#35190
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
б) пәндік құзыреттілік (ПҚ)

  • орта мектепте есептерді шешудің әдістемелік негіздерінің ғылыми негіздерін меңгеру;

  • математикадағы жалпы заңдылықтардың мазмұнын ашу, оны практикалық есептерді шешуде қолдана білу.

  • в) арнайы құзыреттілік (АҚ)

  • орта мектептегі математикалық есептерді шешудің әдістемелік негіздерінің әдіс-тәсілдерін меңгеру;

  • кәсіби маман ретінде қалыптасу.

  • 7. Сандық технологиялар және инновациялық оқыту әдістері

    Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану. Қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы оқу процесін ұйымдастыру кезінде оқу сабақтары "on-line" және "off-line" режимінде өткізіледі. "On-line" режимінде оқу сабақтары нақты уақыт тәртібінде өткізіледі: бейне конференция (Skype, Discord, MOODLE, ZOOM, Google Classroom, Microsoft Teams, Hangouts, Cisco WebEx Meetings және т.б.). "Off-line" режимінде оқу сабақтарын ұйымдастыру кезінде оқытушы мен білім алушының өзара іс-қимылы Smart ZhetySU жеке платформасы арқылы қарым-қатынастың ішкі сервистері, чаттар мен форумдар арқылы жүзеге асырылады.



    Пәннің қысқаша сипаттамасы


    1-тақырып. Рационал өрнектерді түрлендірудің әдістемелік негіздері
    Бірмүше және көпмүше, оларға амалдар қолдану. Көпмүшені қалдықпен бөлу. Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу. Жай бөлшектер. Рационал бөлшектерді жай бөлшектер қосындысына түрлендіру. Математикалық индукция әдісі.
    2-тақырып. Иррационал өрнектерді түрлендірудің әдістемелік негіздері
    Түбір ұғымы, арифметикалық түбір. Рационал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері. Иррационал өрнектерді түрлендіру. Бөлшектің бөліміндегі иррационалдықтан құтылу.
    3-тақырып. Тригонометриялық және кері тригонометриялық өрнектерді түрлендірудің әдістемелік негіздері
    Тригонометриялық өрнектерді түрлендіру. Кері тригонометриялық өрнектерді түрлендіру. Тригонометрияның негізгі есебі, радиандық өлшем, тригонометриялық өрнек, негізгі тригонометриялық формулалар, кері тригонометриялық функция.


    Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4   5   6   7   8




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет