Сыздықова Г. М. Ғылым тарихы мен философиясы пәнінен лекция жинағы


-дәріс. Ғылыми танымның құрылымы және деңгейлері



бет19/45
Дата18.10.2023
өлшемі0,63 Mb.
#118561
түріЛекция
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   45
Байланысты:
Лекция жинағы 1 -дәріс. Кіріспе. Ғылым философиясы мен методолог-emirsaba.org

9-дәріс. Ғылыми танымның құрылымы және деңгейлері.


  1. Танымның эмпирикалық деңгейінің ерекшеліктері және сипаттық белгілері. Ғылымның эмпирикалық тілінің ерекшеліктері. Негізгі эмпирикалық білімнің, фактілердің (бақылау, эксперимент және өлшеу) қалыптасуы. Эмпирикалық зерттеулердің «теориялық жүктелгендігі».


  2. Ғылыми білім-күрделі дамушы жүйе ретінде. Ғылыми білім типтерінің көптүрлілігі.


  3. Теориялық танымның ерекшеліктері. Теориялық танымның құрылымдық компоненттері:проблема, гипотеза, теория.

Ғылыми танымның үш деңгейі бар, олар өзара мазмұндық жəне қызмет тұрғысынан өзгеше: эмпириялық, теориялық жəне метатеориялық. Бір жағынан, олар өзгеше, екіншіден, ғылыми білім тұтас болған соң, олар бір-біріне қажетті, толықтыратын түрлер. Осы деңгейлердің бірлігі мен байланысы ғылыми пəннің əр-қайсысына өзгешелік, тұрақтылық пен дамуға ықпал етеді.


Эмпириялық деңгейде сезімдік таным әрекет етеді. Зерттелетін нысан оның қарапайым, сыртқы байланыстары мен көріністері тұрғысынан қарастырылады. Бұл деңгейде фактілер жинақталады, олардың алғашқы қорытындылары баяндалады, эксперименттің нәтижелері бағаланады. Сөйтіп, зерттелетін нысан барлық жағынан сипатталады.
Эмпириялық, тәжірибелік зерттеу әруақытта нысанға тікелей бағытталады, яғни салыстырылады, өлшенеді, байқалады. Бірақ осы жұмыстың өзі алдын ала жоспарланатын болғандықтан, оның өне бойында көрінбейтін теориялық жұмыс бар.
Эмпириялық білімнің құрылымдық жүйесі күрделі.
Ол төрт деңгейден тұрады, ең қарапайымы – жеке эмпириялық пікірлер немесе хаттамалық сөйлемдер. Оның мағынасы – жекелеген байқаудың, бақылаудың нәтижесін дискурспен нақтылау. Мұндай хаттамаларда нақты уақыт, бақылау орны көрсетіледі.
Эмпириялық білімнің екінші деңгейі – фактілер. Ғылыми фактілер дегеніміз – хаттамаларды индуктивті қорытындылау, жалпы әмбебаптық немесе статистикалық көрсеткіштер. Олар зерттеліп отырған нысандарда кейбір қасиеттер мен қатынастардың барлығын немесе жоқтығын анықтайтын тұжырымдамалар, фактілердің символдық көріністері – диаграммалар, графиктер, таблицалар, математикалық модельдер.
Эмпириялық факт – объективті әлемнің заттарының, құбылыстарының қасиеттерін нақтылайтын, сезімдік тәжірибені айқын көрсететін абстракция. Олар жеке мәліметтермен салыстырғанда әлдеқайда терең және жалпы сипатта.
Эмпириялық фактіде тұрақтанған кез-келген белгі объектіде бар, өйткені ол тікелей сезімдік нақтылық болып табылады. Ғылымның негізін фактілер құрайтындығы жай кездейсоқтық болмаса керек.
Ұғымдарда бейнеленген эмпириялық фактілер ғылымның эмпириялық тілін құрайды, ал эмпириялық білімдер – ғылыми жинақтаудың алғашқы түрі. Эмпириялық ұғымдарда, ең алдымен, арнайы байқалған объектілердің қасиеттері баяндалады.
Олар қарапайым тілге қарағанда әлдеқайда нақты және ақпарат беру мүмкіндігі де жоғары. Эмпириялық фактілермен ұғымдар хаттамалық сөйлемдерде баяндалады.
Эмпириялық білімнің үшінші деңгейі – функционалдық, себептілік, құрылымдық, динамикалық және статистикалық заңдар. Олардың көмегімен заңдар мен құбылыстар арасындағы жекелеген байланыстар анықталады.
Эмпириялық білімнің төртінші деңгейі – феноменологиялық теориялар. Олар гипотегикалық білім болып табылады, өйткені, ол – эмпириялық заңдар мен фактілердің өзара қисынды байланысқан жиынтығы. Зерттеу барысында біреуі расталуы, ал кейбіреулері расталмауы мүмкін.
Эмпириялық зерттеу – арнайы дайындықты, қабілетті, тәжірибені қажет ететін практикалық ғылыми іс-әрекет. Өйткені ғылыми эксперимент жасау, ғылыми байқау жүргізу кез-келген адамның қолынан келмейді. Оған арнайы дайындық, адами құлшыныс, шабыт керек.
Ғылыммен айналысудың бас кезінде-ақ теориялық және эмпириялық білім деп бөлудің өзінің шарттылығы бірден белгілі болады, кез-келген фактіні табу, анықтау, баяндау алдын-ала теориялық дайындықсыз мүмкін емес.
Ғылыми зерттеу факт жинақтаудан емес, мәселені қоюдан басталады. Ал мәселені қою дегеніміз – осы ғылыми бағыт туралы толық хабардар болуды білдіреді.
Эмпириялық және теориялық ұғымдардың арасында абсолютті шек жоқ, бірақ айырмашылықтары бар.
Эмпириялық ұғымдар тікелей байқауға, анықтауға болатын қарапайым бірліктерді жинақтайды, қорытындылайды. Ғылыми білімнің дұрыстығының өлшемі болғандықтан олар – практиканың, сезімдік-заттық іс-әрекеттің маңызды бөлшегі. Эмпириялық фактілерді индуктивті жолмен жинақтау эмпириялық заңдарды анықтауға әкеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет