Сұлтанәлі Балғабаев



бет30/41
Дата04.05.2023
өлшемі66,43 Kb.
#89747
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   41
МЭЛИС ӘЛІБАЕВИЧ.Ха-ха! Мынау сенбейді-ей маған!.. Асай Мүсеевич, айтыңызшы, бұл қолымнан келе ме менің?!.
АСАЙ МҮСЕЕВИЧ. Әрине... Егер сіз шындап кіріссеңіз...
МЭЛИС ӘЛІБАЕВИЧ. /саусағын шошайтып/. Әне, көрдіңіз бе?! /Пойыздың бастығына/. Сен темір жолдың бастығы боласың!.. Начальник дороги!.. Әрине, Алматы темір жолын береміз деп айта алмаймыз!.. Ондағы жігіт – өзіміздің жігіт! Ал басқа жерге... кез келген жерге!.. /қиялдап/. Жолдың бастығы болу деген де..ол деген де, шырағым, министр болудан ешқандай да кем емес!.. Өзіңнің жеке вагоның болады... обслужить ететін қыз-келіншектерің болады – жүресің сосын взносыңды алып!.. /Жолсерік келіншекке/. Жайнаңдаған көзіңнен сол!.. Жаңа қызметің құтты болсын!..
ЖОЛСЕРІК КЕЛІНШЕК. Мэлис ағай, қойыңызшы!.. Қайдағы қызмет?!
МЭЛИС ӘЛІБАЕВИЧ. Шырағым, ешкім де іштен пойыздың бастығы болып тумайды!.. Пойыздың бастығы да... жолдың бастығы да... министр де бәрі – осындайдан!.. Осындай кездейсоқ таныстықтан басталады!.. Қане, бір құйып жіберші!.. /Жолсерік келіншек арақ құяды/. Сіздердің жаңа қызметтеріңіз үшін!..
Мэлис Әлібаевич рюмканы қағып тастап, көзін жұмып рахаттанып тұрып қалады. Пауза.
Сегізінші көрініс
АСАЙ МҮСЕЕВИЧ. /батылсыздау/. Мэлис Әлібаевич!.. Мэлис Әлібаевич, сонымен не болды? Не істейміз?!
МЭЛИС ӘЛІБАЕВИЧ. /шошып оянғандай/. А? Не?!
АСАЙ МҮСЕЕВИЧ. Әлгі анау... Біз қателесіп, Мәскеу жаққа кетіп бара жатырмыз.
МЭЛИС ӘЛІБАЕВИЧ. /ойланып, әрлі-берлі жүріп/. Мәскеуге... пойызбен... Мен түсінбеймін... Неге пойызбен?! Самолет қайда?! Самолет!.. Ұшақ!..
АСАЙ МҮСЕЕВИЧ. Қайдағы самолет?!
МЭЛИС ӘЛІБАЕВИЧ. Менің самолетім қайда деймін!.. Мен Мәскеуге пойызбен барсам ұят емес пе? Ай, осы сендер қайда қарайсыңдар?! Қазақстанға неге жандарың ашымайды?! Қазақстанның авторитетін неге ойламайсыңдар?! /Пауза/ Айтпақшы, мені қалай қарсы алатынын келістіңдер ме?!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет