Ережелі ойындардың үш типі бар:
•шанстық ойындар – жеңіс ойыншылардың күш-жігеріне тәуелді емес;
• физикалық (дене) компетенциясына тәуелді ойындар – жеңіс физикалық білігіне, дағдыларына, сапаларына тәуелді;
• ойлау компетенциясына тәуелді ойындар (стратегиялық ойындар) - онда зейін, ес, комбинаторлық қабілеттер қажет;
• ойынның аралас түрі, онда физикалық та, ойлау компетенттілігі де талап етіледі, жеңіске жетудің барлық элементтері қатыстырылады.
С. Л. Новоселова балалар ойындарын 3 топқа бөледі:
Ойынның 1-ші тобы – балалардың қалауынан туған ойындар. Олар сюжеттік (сюжеттік-бейнелеу, сюжеттік-рөлдік, режиссерлық, театрландырылған) ойындар және ойын-эксперимент (табиғи объектілермен, құбылыстармен, материалдармен, жануарлармен, ойыншықтармен және заттармен) ойындар.
Ойынның 2-ші тобы – үлкендердің қалауынан туған ойындар: оқытушылық (автодидактикалық, заттық, сюжеттік-дидактикалық, қозғалу, музыкалық, оқу-заттық ойындар; қол бос уақыттағы (ойын-ермек, алданыш, театрлық, мерекелік, карнавалдық, компьютерлік) ойындар.
Ойынның 3-ші тобы – этностың тарихи қалыптасқан дәстүрінен келетін ойындар (халықтық): салттық (культтік, отбасылық, кезеңдік; тренингілік (интеллектуалдық, бейімділік, сенсомоторлық); қол бос уақыттағы (ермектік, алданыш) ойындар.
Достарыңызбен бөлісу: |