Түзету технологиялары:
Ертегі терапиясы – ересек топтан бастап айына 30 минуттан 2-4 сабақ өткізіледі.Сабақтарда психологиялық, терапиялық және дамытушы жұмыс жүргізіледі. Ертегіні ересек адам айтуы мүмкін немесе топпен айтуға болады, қалған балалар ертегіні айтушыдан кейін қажетті қимылдарды қайталайды.
Қарастырылған технологиялардың әрқайсысы сауықтыруға бағытталады, денсаулық сақтау қызметін кешенді қолдану нәтижесінде балада салауатты өмір салты дағдысы қалыптасады.[3]
1.3.Қимыл-қoзғaлыc oйындарын жүргізyдeгі ғaлымдардың көз-қарaстары
Қимыл-қозғалыс ойындарының негізін ғалымдар (Ф.Лесгафт, Н.И.Пирогов, Е.Н.Водовозова, П.Ф.Каптеров, Е.А.Аркин) салған. Қимыл-қозғалыс ойындары өзінің бастауын халықтық педагогиканың тұңғиығынан алады. Сәби жасынан бала өзінің алғашқы жасаған қимылдарымен байланысты айшықты әсем халықтық ойыншықтармен ойнап, әзілдерді, күлдіргілерді естіп, қызық ойындарға кенеліп тәрбиеленеді. Неғұрлым ересек балалардың өмірінен балалар үшін қызғылықты ойын бастауларды, жеңіл өлеңдерді, санамақтарды қамтитын әртүрлі қимылдар жасалатын халық ойындары орын алды. Бұлардың бәрі күні бүгінге дейін өзінің ғажап көркемдігін, тәрбиелік мәнін сақтап келеді және бағалы, қайталанбас ойын фольклорын құрайды. Әйгілі орыс педагогы К. Д. Ушинский орыс халық ойындарын тәрбие берудің құдіретті құралы деп санап, оларды кеңінен пайдалануды ұсынды және педагогтарды балалар үшін ол ойындарды жинауға шақырды. К.Д.Ушинскийдің пікірі бойынша, балалардың бойында қоғамдық мінез-құлық дағдыларын қалыптастыратын «алғашқы қоғамдық қатынастар ассоциациясын» түйіндейтін ұжымдық ойындар ерекше тәрбиелік рөл атқарады. Сол кездің көрнекті педагогтары Н. И. Пирогов, ал кейінірек Е. Н. Водовозова, П. Ф. Каптерев және басқалар — баланың дене тәрбиесінде қимыл-қозғалыс ойындары баланың жасына байланысты қажеттілігіне жауап беретін әрекет ретінде және жан-жақты дамыту құралы ретінде бірінші дәрежелі маңызы бар екендігін атап көрсетті.
Әйгілі орыс педагогы П. Ф. Лесгафт Ресейде дене тәрбиесінің өзіндік жүйесін талдап жасады. Онда қимыл-қозғалыс ойындарына көп орын берілген. Ойынды П.Ф.Лесгафт жаттығу ретінде тұжырымдайды, оның көмегімен бала өмірге дайындалады. Ол дербес әрекет болып табылады, онда баланың жеке өзінің инициативасы дамиды, оның адамгершілік қасиеті қалыптасады. «Әрбір ойынның,- деп атап көрсетеді Лесгафт, - белгілі мақсаты болуы керек, ал ойынның формасы - сол мақсатқа жауап беруі керек. Ойын кезіндегі әрекет баланың өзін-өзі билей білуімен сай келуі және «рахат сезімінің шарықтауын» туғызуы қажет; бұл әрекеттер жүйелі түрде өткізілетін жаттығуларда алдын ала күшейтіледі». Ойындарды мазмұны және ережесі жөнінен біртіндеп күрделендіру қажет. Лесгафт ойындарға жаңа шарттар, жаттығулар, әрекеттер нұсқаларын енгізуді ұсынады. Осы арқылы неғұрлым жоғары талаптар қойып, өзі білетін әрекеттерді қайталауға, сондай-ақ ойындарға баланың қызығушылығын сақтай отырып, олардың балаға жүйелі түрде әсер етуіне жетуге болады. Рөлдер мен әрекеттерді бөлуді Лесгафт ойнаушылардың қолына топтайды (яғни ойын өзін-өзі билеу жолымен жүзеге асырылады). Ойын ережелеріне балалардың бәрі бірдей саналы түрде және шын ниетпен бағынатын заң ретінде қарауы маңызды. Лесгафт қимыл-қозғалыс ойындарын баланың жеке басын тәрбиелеудің, олардың адамгершілік қасиеттерін: адалдығын, шыншылдығын, ұстамдылығын, тәртіптілігін, жолдастық сезімін дамытудың бағалы құралы деп санайды. Оның: «Біз ойындарды оларға (балаларға) өзін-өзі үйрету үшін пайдалануымыз керек (яғни жағымсыз сезімдерді жеңу үшін)»,- деген сөзі белгілі. Ойын кезінде «оларды өздерінің шарықтап бара жатқан сезімін тежеуге және сонымен өз әрекеттерін санаға бағындыра білуге үйрету» керек.
П.Ф.JIесгафттың осы қағидалары қимыл-қозғалыс ойындарының теориясы мен практикасын одан әрі дамыту үшін негіз жасады. JIесгафттың негізгі теориялық қағидаларына сүйене отырып, педагогика сонымен бірге оның кейбір ұсыныстарына сын көзбен қарайды. Өзінің белгілі «Қосымша қоздырғыштар теориясында» JIесгафт: балаға әсер ететін күшті қоздырғыштар әрдайым оның сезімталдығын төмендетеді. Сондықтан ол көтермелеуді, жазалауды, гимнастика жаттығуын, күшті сезім туғызатын жарысты теріске шығарады деп дәлелдейді. Педагогика П.Ф.JIесгафт айтқан қағидаларға дұрыс талдау жасайды және олардың түрткі болатын себептерін ашады.
Балалар ойындарын классификациялау. Ф. Фребель классификацияның негізіне ойындардың әсерін саралау принципін қояды:
• ақыл-ойды дамытатын – ойлау ойындары;
• сезімнің сыртқы органдарын дамытатын – сенсорлық ойындар;
• қозғалысты дамытатын – моторлы ойындар.
Достарыңызбен бөлісу: |