1.2. Денсаулық сақтау технологиялары
Мектепке дейінгі ұйымдарда сапалы денсаулықты сақтауды іске асыру жағдайлары:
- балалардың дене дамуындағы заманауи технологияларды зерделеу және енгізу;
- балалардың түрлі жас топтарында қимыл белсенділігін арттыру үшін дамытушы ортаны ұйымдастыру;
- әрекеттің алгоритмдерін құру;
- балалардың дене дамуын, біліктері мен дағдыларын бақылау;
- балалардың дене дайындығының даму деңгейін диагностикалау;
- педагогикалық қызметкерлердің кәсіби құзіреттілік деңгейлерін арттыру.
Тұтас денсаулық сақтау жүйесін құрудағы маңыздысы балалардың қимыл белсенділігін арттыру үшін дамытушы ортаны ұйымдастыру. Барлық жас топтарында жалпақ табандылықтың алдын-алуға, жалпы дамытуға әсер ететін, қимылды ойындар мен жаттығуларға құралдардың болуы. Ұсақ денешынықтыру құралдарының барлық балалар үшін қолжетімді жерде орналастырылуы.
Топтық бөлмелерде жас ерекшеліктеріне, гигиеналық және эстетикалық талаптарға сәйкес таңдалған денешынықтыру бұрыштарын түрлі өлшемдегі доптармен, секіртпелер, құрсаулар, гимнастикалық таяқшалар, шынықтыру құралдарымен құру қажет. Тәрбиешінің әдістемелік бұрышынды қимылды ойындардың картотекасының болуы.
Базалық мазмұн «Дене шынықтыру» ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады. Түрлі жас топтарында ұйымдастырылған оқу қызметінің ұзақтығы:
- ерте жастағы балалар үшін – 7-15 минут;
- мектепке дейінгі орта жастағы балалар үшін – 15-20 минут;
- мектепке дейінгі естияр жастағы балалар үшін – 25-30 минутты құрайды.
Олардың арасындағы үзіліс кезінде орташа қарқынды қимылды ойындар ұйымдастырылады.
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың денсаулығын сақтау бойынша жұмыстар тәрбиешінің қатысуымен деншынықтыру маманы жүргізетін диагностика негізінде құрылады. Нәтижелері Бақылау парағына енгізіледі және мамандармен Баланың жеке даму картасында балалармен алдағы жұмыстарды жоспарлау кезінде қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |