Смк пп 3-91-01 Курстық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау туралы Ереже / Положение о защите курсовой работы (проекта) Издание /басылым 1/2017 Стр/бет из 37



бет4/34
Дата07.01.2022
өлшемі1,63 Mb.
#18530
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Курстық жұмыстың құрылымы:Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.Кіріспе бөлімінде осы тақырыптың көкейкестілігі, оқу-тәрбие процесінің бірізділігі, оны зерттеуге ат салысқан ғалымдардың еңбектерінің құндылығы қарастырылды. Зерттеу жұмысының ғылыми аппараты, мақсаты, міндеттері әдістері объектісі мен пәні көрсетілді.

І.ҚИМЫЛ-ҚОЗҒAЛЫС OЙЫНДАРЫНЫҢ БAСҚАРУ ӘДІСТEМЕСІ

    1. Ойын бала өміріндегі маңызы

Ойын адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін, дене қимылын дамытатын ғажайып нәрсе. [1, 224б]

Ойын әрекетінің шығармашылық сипаты – ойын ынтамен, баланың рөлді, сюжетті, ойыншықтарды, қосымша-заттардытаңдағандағы шығармашылығымен байланысты. Ойынды құрғанда, ойын кейіпкерлерін жасағанда баланың ойлауы мен қиялы белсенді жұмыс істейді. Ойынның эмоционалдық тұрғыда қанықтылығы – бала ойында шынайы күйзеледі, ойнаған оқиғасын өз басынан кешіреді. Бала ойыннан ләззат алады, өз сезімін басқаларға береді, оларды әртүрлі рөлдерде көреді. Ойында теріс көңіл-күй де бастан өтеді – өкпе, қанағаттанбағандық, жеке жағымсыз күйзелістер, бұларды анықтау аса маңызды және олардан арылу керек. Бәрібір ойыннан жалпы әсер – оң болады. Бала ойын сюжетіндегі нақтылы және ойдан құрылған құбылыстарды, таныс заттарды жаңа қасиеттермен және функциялармен байланыстырады. Бұл процестердің нәтижесі баланың елестетуі мен шығармашылығының дамуы болады. Өзіне қандай да бір рөлді алып (дәрігердің, шофердің) бала өзіне мамандықты және басқа тұлғаның ерекшеліктерін жай ғана қолданып қоймайды, ол сол рөлге кіреді, кірігеді, оның сезімі мен көңіл-күйіне енеді, сөйтіп өз тұлғасын байытады және тереңдетеді. Бала тек қана ойын тәжірибесін ғана алып қоймайды, өзін-өзі көрсету, өз аяғына тұру және коммуникативтік тәжірибесін алады. Ойындарда шығармашылдық қабілет дамиды. Ол ой құрауда, рөлдер ойнағанда, қолдан қажетті ойыншықтарды, костюм элементтерін жасағанда көрініс табады. Ойын кезінде баланың сөзі, қол қимылы, бет әлпет қимылы күнделікті өмірдегіге қарағанда айқынырақ болады.

Ойын мектеп жасына дейінгі мекемеде балаларды тәрбиелеу мен дамытудың басты құралы. Ойын мектеп жасына дейінгі балалардың ісәрекеті ретінде жетекші болады, онда мектепке дейінгі балалық шақтың барлық жаңа түрлері қалыптасады. Бала ойынының мектеп жасына дейінгі балалардың мектепке дейінгі мекемеде және одан тыс іс-әрекет түрлерін бір-бірінен айыратын өзіндік ерекшеліктері бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет