Содержание № Название статьи Стр



Pdf көрінісі
бет54/55
Дата05.02.2017
өлшемі4,01 Mb.
#3430
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55

Литература  
1. 
Владимирова  Л.Н.  Интернет  на  уроках  иностранного  языка.  Журнал 
«Иностранные языки в школе», 2002, № 3 с. 39-41 
2.  Полат Е.С. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования. 
Москва: Academia 2000 , с.111 
 
 
 
 

 
362 
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане» 
ТЕХНОПАРКТЕРДІ ҚҰРУДЫҢ ƏЛЕМДІК ТƏЖІРИБЕСІНЕ НЕГІЗДЕЛУ- 
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУДЫҢ БАСТЫ АЛҒЫШАРТЫ 
 
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті 
 
Г.Е.Амалбекова 
 
Ғылым 
жəне 
технология 
аймағы 
технопарктерден, 
технополистерден 
жəне 
инкубаторлардан,  сонымен  қатар  ғылыми  жəне  өндірістік    іс-əрекетті  ұстанатын  жан-жақты 
инфрақұрылымнан тұрады [1,2]. 
Алдыңғы  қатарлы  шет  елдік  тəжірибені  талдау  бойынша  ғылым  мен  өндірісті 
интеграциялаудың  тиімді  бір  түрі – бұл  технопарктер  құру. Технопарктер  жоғары  технологияны 
негізгі  зерттеу  облысынан  өндіріске    өткізуде  маңызды  рөл  атқарады  жəне  ғылымның 
қаржыландырылуына септігін тигізеді.  
Əлемдік тəжірибеге сəйкес технопарктер көрсететін қызметтерінің көлемі, құрылымы жəне 
масштабы, ғылымды көп қажет ету деңгейі, қатысушыларының құрамы бойынша ерекшелінеді.  
Технопарк-  əрқайсысы  инновациялық  қызметтердің  мамандандырылған  жинағын  жүзеге 
асыратын орталықтардың жиынтығын білдіреді. 
Технополис-бұл    қаланың  өмір  сүруін  қамтамасыз  ететін  технопарктердің, 
инкубаторлардың жəне түрлі құрылымдар кешенінің жиынтығы. 
Батыс  германдық  əдебиеттерде  «технологиялық  парк»  термині  зерттеу  жəне  өндіріс 
қызметтері, қызметтер көлемі жəне басқа да концептуалды белгілері: зерттеу паркі, технологиялық 
парк, өнеркəсіптік парк, арасындағы қатынасымен, бейімделуімен ерекшелінетін парктердің төрт 
түрін ажыратып қарайды. 
Зерттеу  парктері  –бұл  ірі  ғылыми  орталықтар,  ең  бастысы  университеттер  маңында 
топталған  ғылымды  көп  қажет  ететін  фирмалардың  жиынтығы.  Олардың  міндеті -  негізгі  жəне 
қолданбалы зерттеулердің өзара үйлесіп əрекет етуін қамтамасыз ету. 
Өнеркəсіптік парктер – бұл жер учаскесін, өндірістік жəне қызметтік жайларды бірлесіп, 
ортақ қолдануға негізделген фирмалардың бірлестігі. Барлық фирмаларға қойылатын жалғыз ғана 
ортақ талап – бұл жаңалық енгізуге бейімделу. Өнеркəсіптік парктердің қызметіне көп жағдайда 
орналасатын жерді таңдауға қандай да бір себептермен  шектеу алған фирмалар жүгінеді. 
Грюндерлік  орталықтар  –  бұл  қайта  өңдеу  облысындағы  жас  кəсіпорындарға  арналған 
өнеркəсіптік парктердің бір түрі. Іскерлік қызмет көрсету тізімі əсіресе өздеріне қауіпті бастапқы 
кезеңде кəсіпорындардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға жобаланған. Көптеген коммерциялық 
жəне басқару мəселелерін шешуге жиі кеңес береді. 
Технологиялық орталықтарда жоғары технологияларға бейімделген қайта өңдеу өнеркəсібі 
саласындағы  кəсіпорындар  шоғырланған,  олар  ірі  бастапқы  шығындарды  жəне  маңызды 
коммерциялық  тəуекелдерді  меңгереді.  Грюндерлік  орталықтарға  ұқсас,  мұнда  ұжымдық 
қолданумен қатар, мамандандырылған тəуекел компаниялар қызмет етеді [1,2]. 
Ұлыбританияда  «ғылыми  парк»  термині  жалпы  қарастырылып  отырған  құбылысқа 
жатады. Сонымен  қатар, ғылыми  парк деп ғылымды көп  қажет  ететін  компаниялар  орналасатын 
арнайы бөлінген  үлкен  территориясы бар, университеттің немесе қандай да бір басқа жергілікті 
зерттеу орлығының  ғылыми-техникалық зерттеулеріне негізделген орталықты атайды [3]. 
Ендігі  ретте  технопарктердің  дамуының  əлемдік  тəжірибесін  қарастырайық. 
Инновациялардың  үнемі  тоқтаусыз  туындап  отыратын  ортасы – бұл  АҚШ-тың  Сан-Франсиско 
жəне  Солтүстік  Калифорниядағы    Сан-Хосе    аралығында  созылып  жатқан  «Силиконды  дала» 
өнеркəсіптік  ауданы.  Оның  «Силиконды  дала»  болып  аталуына  СССР-де 1956 жылы  құрылған 
Жаңасібірлік  ғылыми  қалашық  (академиялық  қалашық) «Алтын  даламен» 1971 жылы  танысқан 
американдық журналисттер себеп болды [4,5]. 
«Силиконды  даланың»  үлесіне  əлемнің  инновацияға  салатын  жылдық  капитал 
салымдарының  үштен  бір  бөлігі  түседі.  Ғылыми  парк  ғылымды  көп  қажет  ететін  өнеркəсіп 
саласын  дамытуда  зор  жетістіктерге  жетті.  Бүгінгі  күнде  ұйым  əлемдегі  өте  ірі  инновация 
өндіруші  болып  табылады.  Жыл  сайын  венчурлық  кəсіпкерлер  «Силиконды  далада»  пайда 
болатын инновациялық фирмаларға 5 млрд. долларға жуық қаржы инвестициялайды. Силиконды 
далада жұмыс істейтіндердің орташа жылдық еңбек ақысы 50 мың долларды құрайды, бұл орташа 
ұлттық табыстан 1,5 есе жоғары. «Хьюлетт-Паккард», «Палароид», жəне т.б. атақты фирмалар осы 
технопарктен өз істерін бастаған болатын. 

 
363 
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане»
АҚШ-та 80-ші  жылдары  технопарктердің  саны  бірте-бірте  өсе  бастады.  Бүгінгі  күнде 
мұнда 160-тан астам (əлемдегі жалпы технопарктер санының 30%-ын құрайды)  технопарк бар [4]. 
Силиконды  даланың  бəсекелесі  Израиль  болып  табылады.  Бүгінгі  күнде  мұндағы 
технопарктер  мен  инкубаторлар  үшін  бұрынғы  СССР-дан  шыққан  біліктілігі  жоғары  біраз 
мамандарды жинап алған. Əрбір 10 адамға 135 ғалым жəне инженерден түседі, ал бұл Америкада 
небəрі 18 адамды  құрайды.  Инновациялық  жобаларға  салынатын  жыл  сайынғы  венчурлық 
капиталдың  мөлшері 30-35 пайызға  өсіп  келеді.  Жоғары  тəуекелді  жобаларға    мұнда 4 млрд-тан 
астам  қаржы  бөлінеді.  Израильде  ғылыми  зерттеулерді  марапаттаудағы  рөлі  арнайы  заңмен 
бекітілген.  
Еуропада  технопарктер 70-ші  жылдардың  басында  пайда  болды.  Солардың  ішінде 
алғашқылар - Эдинбургтегі  Хэриот-Уатт  университетінің  Зерттеу-жүргізу  паркі,  Кембридждегі  
Тринити-колледж  маңындағы  ғылыми  парк,  Бельгиядағы  Левен-ла-Нев,  Ниццедегі  София-
Антиполис жəне Гренобльдегі  ғылыми жəне техникалық жаңалықтар мен өндіріс Зонасы  (ZIRST 
)  болып  табылады.  Олар  ғылымға  бизнес  ретінде  қарап,  толығымен  АҚШ  технопарктерінің  
моделін қарастырды [3]. 
Польшадағы төрт бизнес инкубаторды қарастырып кетейік. 
 Калиштік  бизнес  инкубаторы  1993  жылы  Калиштік  қалалық  кеңестің  шешімімен 
құрылды, қала инкубатордың құрылуына ғимарат жəне 250 мың доллар бөлді. Негізгі жалға орын 
жалдап,  жұмыс  істегендердің  бірі-тігін  кəсіпорыны  болды.  Бүгінгі  күнде  бизнес-инкубатордың 
табысы  айына 20 мың  долларды  құрайды.  Бизнес-инкубатор  келесідей  жеңілдіктерге  ие  болды: 
ғимарат коммуналды меншік иелігінде болды, яғни ол амортизациялық  шығынға ұшыраған жоқ; 
бизнес–инкубатор 1998 жылға  дейін  жылжымайтын  мүлік  салығын  төлемеу  мүмкіндігіне  ие 
болып  келді.  Бизнес-инкубатор  ссудалық  қормен,  кəсіпкерлікті  қолдау  Орталығымен  жəне 
Еуропалық Одаққа интеграциялану Орталығымен бірге ассоциацияға кіреді. 
Остжешувтік бизнес-инкубатор- бұл 15 мың халқы бар Остжешув қаласында 1994-1995 
жылдары  өнеркəсіптік  зона  (электр-магниттік  муфты  зауыты  күйзеліске  ұшырағаннан  кейін) 
негізінде  құрылған  жəне  ол 2800 шаршы  метр  жерді  алып  жатыр.  Автокөліктер  үшін    электр 
сымдарын  дайындау  бойынша  маманданған  «Оппель»  компаниясы  бизнес-инкубатордың  негізгі 
жалдаушысы болды. 1994 жылы кəсіпкерлікті қолдау жөніндегі Ассоциация құрылды. Ассоциация 
жаңа  бизнес-инкубаторлар  құра  алады.  Бизнес  инкубатор  мүлік  салығынан  босатылған.  Заңды 
жиналыстың шешімімен  егер де  жаңадан құрылған фирмалар  бизнес-инкубатордан орын жалдап 
əрекет ететін болса, кемінде 2 жыл бойы мүлік салығынан босатылады. 
Зелювтік  бизнес-инкубатор-  бұл 8,5 мың  халқы  бар,  маңызды    көлік  жолдары  өтпейтін, 
пайдалы қазбалары  жоқ  жəне жер  игеруге жері жарамсыз  қала. 1991 жылы  Зелювтің  даму Қоры 
құрылды, оның басты ерекшелігі–жергілікті даму бағдарламасын жасауға 100 адам қатысты. 1993-
94  жылдары  бағдарламаға  Еуропалық  Одақ 660 мың  экю  бөлді.  Жобаның  жүзеге  асырылуымен  
Зелювтің даму Қоры айналысты. Бағдарламаның басты мақсаты – үш құрылымдық элемент: оқу-
кеңес  беру  орталығы;  кəсіпкерлік  Орталық  (банктік  несиелерді  кепілдендіру  жəне  қарыз 
қаржаттар); бизнес-инкубатор арқылы тұрақты экономикалық даму. 
Мелецтік  бизнес–инкубатор – Мелец  қаласында 1989 жылы  құрылды,  ол  Мелецтің 
аймақтық даму жөніндегі Агенттігінің дербес бір бөлімі болып табылады. Ол 5000 шаршы метрді 
алып  жатыр.  Бүгінгі  күнде  бұл-  жапондық  үкіметтің  көмегімен    құрылған  еркін  экономикалық 
зона. Оның мақсаты -жаңа фирмалардың құрылуы үшін жағдайлар жасау жəне шағын жəне орта 
кəсіпорындардың іс-əрекетін кеңейту арқылы кəсіпкерлікті қолдау. 
Ал  Сингапурда  ғылыми  саланы  приоритетті  дамытуға  көшу  «Джуронг»  индустриалды 
паркін  құрудан  басталды.  Оның  құрылу  тарихы 1960-жылы  Сингапурдың  оңтүстік  –шығыс 
бөлігінде  орналасқан  жүк  тасымалдау  теңіз  портымен  байланысты.  Бүгінгі  күнде 1700-га  жерді 
алып  жатқан«  Джуронгтің»  териториясында  өз  өнімдерін  шығаратын 72 компания  орналасқан, 
олардың  жылдық  табысы 13млрд.  доллардан  асады.  Жақын  арада  Сингапурда  зоология, 
микробиология,  генетика,  биохимия,  ветеринария,  энтомология,  биотехнология  облыстарында 
жетекші мамандар жұмылдырылған 10 агротехникалық парк құрылатын болады. Олар көкеністер 
мен  жемістерді  жаңа  технологиямен  өсіру  жəне  теңіз  өнімдерін  қолданудың  жаңа  тəсілдерін 
зерттеп шығаруға қатысады.  
Жапонияда  сыртқы  сауда  жəне  өнеркəсіп  министрлігінің  жоспары  бойынша,  ірі  қалалар 
маңында    болашақта 40-қа  жуық  ғылыми  парк  құрылатын  болады.  Солардың  бірі – Кюсю 
аралығындағы  Индзукадағы  технологиялық  институт,  мұнда  жасанды  интеллект,  басқару 
жүйелері сияқты облыстарда ғылыми- зерттеу жұмыстарын жүргізетін 200-дей қызметкер жұмыс 

 
364 
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане» 
істейді. «Мацусита»  фирмасы    Индзукада  ғылыми-зерттеу  орталығын  ашқан  алғашқы  фирма 
болды.   
Токиодан 150 шақырым  жерде 20га-ға  тағы  бір  ғылыми  парк  салу  көзделген,  оның 
мақсаты-бағдарламалық құралдарды жасап шығару. Осы парктің құрылысын қаржыландыруға 260 
фирманы,  сонымен  қатар, 80-ге  жуық  ірі  радиоэлектроника  өнімдерін  дайындаушыларды 
біріктіретін  ЭЕМ  бағдарламалары  үшін  бағдарламалық  құралдар  Ассоциациясы  қатысады. 
Олардың  осы  парктегі  бағдарламалық  құралдарды  ғылыми-зерттеу  орталығының  құрылысына 
бөлген қаражаты 7,7 млн. долларды құрайды. 
Қытай  мемлекеті  де  ғылыми-техникалық  прогреске  көп  көңіл  бөліп  отыр.  Бұл  елде 
ғылыми-зерттеу  институттары  негізінде  жұмыс  істейтін  фирмалар  мен  корпорациялар  өте  көп, 
жергілікті  басшылықтың  қолдауымен  зерттеу  орталықтары  негізінде 50 кəсіпорын  құрылған. 
Бұған  мысал  ретінде  магнитті  материалдар  жасайтын  «Сынь  Хуань»  корпорациясын  келтіруге 
болады, бұл корпорацияның шығаратын өнімі əлемде  ең  үздік деп  танылған. Соңғы  үш  жылдың 
ішінде    магнитті  материалдарды  мемлекеттен  тыс  шығарудан  түскен  табыс  көлемі 800 000 
долларға жеткен. 
Қытайда      технопарктер  «экономикалық  жəне  технологиялық  даму»  аймақтары  деп 
аталады.  Мұнда  алғаш  технопарктер 1985 жылдан  бастап  жұмыс  істеп  келеді.  Технопарктердің 
саны  5 жылдың ішінде 26-ға көбейсе, 1995 жылдың басында бұл көрсеткіш 52-ге жеткен.  
Азиялық-тынық  мұхиттың  басқа  елдері  де  ғылыми  парк  ашты (3Кесте):  Бангалорда 
(Үндістан)  «электроника  қаласы»,  Филипиндерде  екі  парк  құрылды.  Гонконгте  ғылыми  парк 
«Политехникалық  қала»  деп  аталатын  жаңа  ғылым  жəне  технологиялар  университеті  маңынан 
негізін қалады, аталған парктің құрылысына жұмсалған шығынның көлемі 200 млн. гонг-конгтік 
долларды (26 млн. АҚШ долл.) құрапты. 
Жоғарыда  технологиялық  дамыған  елдердің  ғылыми  парктер  құру  жəне  оны  дамыту 
аясындағы тəжірибесін қарастырып келіп,  келесідей түйін жасадық. Біздің пікірімізше,технопарк 
іс-əрекетінің тиімділігі  көп жағдайда зерттеу мекемелерімен тығыз байланыста болуына тəуелді. 
Технопарктер  ірі  университеттердің  маңында  орналасуы  керек.  Мысалға,  Энсхедедегі 
(Нидерланды)  бизнес  жəне  ғылым  паркі  Твенте  университетіне  жақын  орналасқан.  Мұндай 
қызметтестіктің  мəні  технопарктерде  құрылатын  кəсіпорындар  ғылыми  тапсырыстарды  орындау 
үшін  университеттердің  ғылыми  қызметкерлерін  шақыруында  жатыр,  ал  ғылыми  қызметкер 
тəжірибеде  өзінің  зерттеу  нəтижесін  қолдануға  мүмкіндік  алады  жəне  фирмаға  кеңес  береді. 
Жергілікті билік органдары паркті құра отыра, кейбір əлеуметтік-экономикалық мəселелерді шеше 
алады. Жергілікті билік инновациялық жобалар жəне оның негізінде шағын ғылыми фирмаларды 
құру  бойынша  жұмыстарға  мамандарды  шақырумен  қамтамасыз  етеді.  Ал  Университет  өз  
кезегінде,  инновацияларды  жасау  процесін  ынталандыруға  жəне  олардың  өндіріс  саласына 
енгізуге мүмкіндік алады. 
Шет  елдік  тəжірибеге  бойынша  Оксфордтық  университеттегі  (Ұлыбритания)  ғылыми-
инновациялық  іс-əрекеттің    жағдайына,  Стенфордтық  университет  (АҚШ)  негізіндегі    Селикон 
Веллидің  табысты  қызмет  етуіне,  Жапониядағы  Цукуба  сияқты  технопарктер  мен 
технополистердің  болуына  баға  бере  отыра,  бүкіл  əлемге  танымал    университеттер  негізінде 
ғылыми  зерттеу  жұмыстарын  сəтті  инновациялық  басқару  фактісін  сеніммен  тұжырымдауға 
болады [4]. 
Ал Қазақстанда ғылым жəне білім ордасы ретінде танылған бірден-бір  жоғары оқу орыны 
Əл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық  университеті  болып  табылады.  Университет  Қазақстан 
Республикасының  (ары  қарай  ҚР)  жоғары  оқу  орындарының  ішінде  табиғи-техникалық  жəне 
пəнаралық  экологиялық  зерттеулер  бойынша 7 ғылыми-зерттеу  институттарын  жəне  Ғылыми-
технологиялық  парк,  сонымен  қатар,  қоғамдық-гуманитарлық  ғылымдар  бойынша 11 ғылыми-
білім беру орталықтарын жəне ақпараттық технологияны енгізу бойынша оқу-есептеу орталығын 
ең  алғаш  құрғандардың  бірі.  Аталған  оқу  орны  технопаркпен  байланысып  жұмыс  істеуге  басты 
мысал бола алады.  
Қазақстан  Президенті  Н.Ə.Назарбаевтың  халыққа    жолдауында: «ұлттың  бəсекелестік 
қабілеті ең алдымен оның білім деңгейімен анықталады» делінген [6]. 
Біздің  пікірімізше,  нарықтың  белгілі  бір  инновациялық  өнімге  деген  қажеттілігі  қажетті 
жаңа  мамандық  тізімін  құруға  мүмкіндік  береді.  Сондықтан,  осыны  негізге  алып,  сəйкес 
мамандықтар  бойынша  жоғары  оқу  орындарына  білімгерлердің  түсуі  үшін  мемлекеттік  гранттар 
мен несиелер бөлу керек.  

 
365 
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане»
Тарихи 
қалыптасқандай, 
Қазақстанда 
басты 
ғылыми-технологиялық 
бағыттар: 
геологиялық ғылымдар, тау-кен ғылымдары, металлургия, химия бағыттарына бағытталады. Осы 
бағыттар  ел  экономикасы  мен  өнеркəсібінің  дамуына,  ғылыми  жəне  инженерлік-техникалық 
мамандардың қалыптасуына əсер етті. Бұл бағыттар өздерінің басымдық жағдайын қазіргі уақытта 
да  сақтауда  жəне  елдің  жаңа  экономикасының  ғылыми-технологиялық  қамсыздандыруында 
«локомотив» рөлін орындауда. Болашақта бұл бағыттардың рөлі мен орнын сақтау қажет, себебі 
салаларда əлемдік нарықта бəсекелесу мүмкіндігі бар. 
 
Əдебиеттер 
 
1.  Днишев  Ф.М.  Научно-техническое  развитие  в  условиях  становления  национальных 
производительных сил: стратегия и механизм.-Алматы: Ғылым. 1996.-197б. 
2.  Тагирова  Т.,  Технологические  парки  в  ФРГ  и  Западном  берлине:  вчера,  сегодня,  завтра. 
Сборник. Наука и производство; Новые формы кооперации.М., 1990, 29-74б. 
3.  Мырзахмет  М.,  Научные  и  технологические  парки:  происхождение,  функции  и 
перспективы//Аль-пари, 6, 1992ж. 30б. 
4.  Currie J. Science parks in Britains: Their role for the late 1980’s. //Trinity Hall: CSP Economic 
Publish, 1985,105p.  
5.  Ахметова  А.,  Силиконовая  долина  в  Алматы-дело  недалекого  будущеге // Аль-пари  №2, 
2003ж, 133б. 
6.  Н.Назарбаев  «Казахстан  на  пороге  нового  рывка  вперед  в  своем  развитии».  Стратегия 
вхождения Казахстана в число 50 наиболее конкурентоспособных стран мира. 
 
 
 

 
366 
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане» 
 
ЖАСТАРДЫҢ ƏЛЕУМЕТТЕНУІНІҢ ҚАЗІРГІ  ЗАМАНҒЫ  ҮЛГІСІ 
 
Əл-Фараби атындағы КазҰУ 
 
Г.С.Абдирайымова 
 
Əлеуметтену тетігінің (механизмінің) қазіргі заманғы үлгісі өз дамуында бірнеше кезеңнен 
өтеді,  алдымен  дəстүрлі  саты,  содан  кейін  білім  алу  кезеңі  өткерілсе,  ең  соңында,  əлеуметтік 
қызметтің  дəстүрлі  емес  түрімен  (нысанымен)  қамтамасыз  етіледі.  Жас  адамның  жеке  басының 
əлеуметтену  тетігінің  аса  маңызды  агенті  болып  табылатын  отбасы  оның  мінез-құлық 
нормаларын  қалыптастырып,  жеке  қасиеттерін  ашады.  Бұл  ретте  отбасы  институционалды  тетік 
ретінде  жаңа  əлеуметтік  болмыстар  тарапынан  нақты  қысым  көреді.  Елде  жүргізілген 
реформалардың  өсе  түскен  ықпалы  айқын  көрініс  тауып,  олар  қоғамға  ғана  емес,  сонымен  бірге 
отбасына  да  əр  қилы  əсерін  тигізді.  Саяси  жəне  экономикалық  жүйелерде  болатын  əлеуметтік-
мəдени  түрленулер,  өзгерістер  тұрлаусыздық  пен  отбасылық  байланыстардың  алшақтауын 
туындатады. Ірі  қала  жағдайларында, негізінен  институционалды, стильге  салынған  тетік  жұмыс 
істейді.  Бірақ,  сонымен  бірге,  жас  адамдардың  стандарты  мен  өмір  стилін  қалыптастыратын 
дəстүрлі  тетік  ұстанымдары  ауыл,  сондай-ақ  қала  жағдайларында  да  əлі  біршама  мықты.  Кейбір 
жағдайларда əлеуметтенудің аспектілеріне (ауанына) қарай бір мезгілде екі немесе үш тетіктің де 
қатар басым болуы байқалуы мүмкін. 
Е.Л.Омельченконың  айтуынша,  отбасы  қазіргі  заманғы  кезеңде  өзінің  «жабықтығымен» 
(«тұйықтығымен»)  сипатталады.  Бұл  орайда  жас  адамның  ересек  өмірге  ауысу  кезеңінде,  оның 
жеке  басын  қалыптастыруға  отбасы  ықпалының  «жабық»  нысандарын  зерттеуде  психологтар  ең 
үлкен  табыстарға  жетті,  олар  өздерінің  əдіс-амалдарының  көмегімен  отбасы  ішіндегі  өзара 
əрекеттестіктің (өзара іс-қимылдың), дəстүрлердің өзара ықпалының жасырын түрлерін зерделеуге 
қоян-қолтық жақын келеді. Социологтар (əлеуметтанушылар) өз назарларын көбіне отбасы өмірі 
көріністерінің  сыртқы  түрлеріне  (нысандарына), «отбасылық»  дəстүрдің  өмір  салты  мен 
стильдеріне қатысудағы елеулі (маңызды) мəдени көрсеткіштеріне жұмылдырады [1, 18-б.]. 
Отбасы 
институтымен, 
жеке 
адамның 
қалыптасу 
базасымен 
жəне 
білім 
трансформациясымен қатар оның кейінгі кəсіби қызметі мен жеке өмірі үшін қажет нəрсе білім алу 
болып  табылады.  Əрі  бұл  бекер  емес,  өйткені  кейінгі  онжылдық  осы  əлеуметтік  институттың 
мазмұны мен ұйымдастырылуына қатысты көзқарастарды салмақты түрде қайта ой елегінен өткізу 
уақытына айналды. 
Бүгінде  посткеңестік  барлық  елдердегі  сияқты  қазақстандық  қоғамда  да  білім  беруге 
қатысты  күрделі  үдерістер  жүруде.  Ұлттық  білім  беру  жүйесін  реформалау  үздіксіз  дамитын 
ұлттық білім жүйесін жасау мен дамыту шараларынан бастау алады, ол республиканың əлеуметтік 
мəдени айрықшалығын ескереді жəне белгілі бір талаптарға сай болады, мұндай талап білім беру 
жүйесінің  өзіне  де  қойылады,  жастардың  дамуына,  қоғам  мəдениетіне  кірігулеріне,  қоғам 
құндылықтарына  баламалы  өмір  сүру  стилі  мен  мінез-құлық  қалыптастыруға  жəрдемдесу 
осылардың қатарына жатады. 
Əрі  білім  беру  тұжырымдамасын  таңдау  тек  ішкі  ғана  емес,  сонымен  бірге  сыртқы 
факторлармен  де  детерминацияланған,  яғни  əлемдік  қоғамдастықта  жүріп  жатқан  үдерістермен, 
оған кірігу – кез келген əлеуметтік жүйе өміршеңдігінің шарты.  
Білім берудің қазіргі проблемалары, ең алдымен, жастар да барған сайын күшпен алатын 
тəрбиенің  бүкіл  жүйесімен  байланысты.  Əрі  осы  жағдайда  өмірлік  пайымдарды,  əлеуметтену 
мақсаттарын  қалыптастыруда  мектеп  елеулі  рөл  атқарады.  Сонымен  бірге  кейінгі  жылдарда 
мектеп  өзінің  байланыстарын  «əлсіретіп»  жəне  əлеуметтендіру  жөніндегі  аса  маңызды  рөлін 
азайтып бара жатыр, өйткені ол жаңа жағдайларға бейімделу үстінде. 
Өкінішке  қарай,  мына  фактіні  атап  өтуге  тура  келеді,  мектеп  дағдарысы  сайып  келгенде 
оның  білім  беру  бағдарлары  мен  құндылықтарынан  айырылуы  туралы  айғақтайды,  сондықтан 
бізді  мынадай  болжам  жасауға  итермелейді,  осындай  үрдістер  одан  əрі  өрби  берсе,  онда  мектеп 
адамды қоғамға тарту үдерісіне келеңсіз ықпал ететін факторға айналады.  
Сонымен,  отбасы,  білім  мен  тəрбие  беру  институттары  шын  мəнінде  əлеуметтендіру 
жүйесінде  басым  болулары  тиіс,  өйткені  олар  адам  өмірі  мен  дамуына  қатысты  дербес  ортаны 
құрайды.  Қоғамның  əлеуметтік-мəдени  жəне  экономикалық  қажеттіліктерінің  шиеленісуі  тəрбие 
беру  институттарының  саналуандығын  арттыруы  керек,  солар  арқылы  қоғам  мен  мемлекет  əр 

 
367 
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане»
адамның өз мүмкіндіктерін іске асыруға, қабілеттері мен мүдделерін дамытуына жағдайлар жасап 
отырады. 
Қазіргі  заманғы  өркениетті  көбіне  ақпараттық  қоғам  деп  атайды.  Ұдайы  үдей  түскен 
ақпараттық  ағындар  жас  адамдардың  сана-сезімі  мен  психикасына  əсер  етеді,  сол  арқылы  олар 
жастардың дүниетүйсіктері мен дүниетанымдарын өзгертеді. Бұқаралық коммуникация құралдары 
өзінің  мазмұны  бойынша  мүлде  бөлек  материалдарды  таратады  да,  бұл  жастардың  эмоциялық 
күйіне өзінше əсер етеді. Шексіз еркіндік, күш көрсету мен «тыңдамау» алдыңғы қатарға шықты. 
Əрі  осы  аспектіде  алынған  ақпарат,  көбіне  олардың  қанағаттану  мүмкіндіктерімен  сəйкес  келе 
бермейтін  қажеттіліктерін  қалыптастырады  да,  соның  нəтижесінде  оң,  сондай-ақ  келеңсіз 
салдарлар да болуы мүмкін. 
Г.Б.Бекежанова  атап  өткендей, «қазір  əлемде,  сірə,  Интернеттің  қызметтерін 
пайдаланбайтын бірде-бір ел жоқ болса керек. Социологтар көптеген елдерде жүргізген зерттеулер 
Интернетке  қол  жеткізудің  сауатты  жəне  сауатсыз,  бай  жəне  кедей  адамдардың,  еркектер  мен 
əйелдердің,  қала  жəне  ауыл  тұрғындарының  арасындағы  өзіндік  бөлгіш  сызыққа  айналғанын 
көрсетеді.  Тағы  бір  бөлгіш  сызық – ағылшын  тілін  білу,  осы  тіл  сайттардың,  компьютер 
графикасы  мен  нұсқаулықтардың 80 %-да  пайдаланылады.  Ақпараттандырудың  нəтижесінде 
əлемде  адамдарды  бөлетін  жаңа,  көзге  көрінбейтін,  бірақ  қауіпті  тосқауылдар  туындайды: 
Интернет  «əлемдік  өрмекші  торына»  қол  жететін  адамдарды  біріктірсе,  оған  мүмкіндіктері 
жоқтарды жолатпайды. Коммуникацияның екі қосарлы жүйесі пайда болды. Оның біреуі – жақсы 
білімі,  ақпараттың  кең  көлемдерін  əрі  жылдам,  əрі  арзан  алуға  мүмкіндік  беретін  осы  заманғы 
байланыс  құралдары  бар  дəулетті  адамдар  үшін  болса,  екіншісі – Интернетке  шығуға 
мүмкіндіктері жоқ, сондықтан ескірген жəне анағұрлым құнсыз ақпарат алудың бұрынғы əдістері 
мен тəсілдерін пайдалануға мəжбүр адамдар үшін. Осы екі жүйе өкілдерінің арасындағы бəсекенің 
нəтижесі көпе-көрінеу: ақпарат пен коммуникацияның қазіргі заманғы жүйесінің басымдығы одан 
тысқарыларға тең мүмкіндіктердің жұрнағын да қалдырмайды. Соның нəтижесінде ғаламшардағы 
лайықты  табыстары,  білімі  мен  осы  заманғы  байланыс  құралдарына  қол  жеткізу  мүмкіндіктері 
жоқ  халықтың  басым  көпшілігі  барған  сайын  шеттетіле  түседі  де,  технологиялық  жəне 
экономикалық прогрестен аулақтатылады» [2, 63-б.]. 
Қоғамда  жүретін  қоғамдық-экономикалық  жəне  саяси  өзгерістер  жастардың  саяси  сана-
сезіміне əсерін тигізеді. Саяси сана-сезім жеке адамға толық құқылы саяси субъект ретінде жұмыс 
істеуге  мүмкіндік  беретін  саяси  білім,  нормалар,  құндылықтар,  нұсқаулар,  дəстүрлер  жүйесін 
қамтиды.  Жастардың  саяси  əлеуметтену  тетігі  көбіне  еліктеуге,  өзінің  жас  тобына  сырттай 
сəйкестенуге  құрылған,  бұл  əсіресе  жастар  үшін  тəн.  Достар,  əріптестер,  құрдастар  тобы  жас 
адамның мінез-құлық, əлеуметтік нұсқаулар жəне құндылықты бағдарлар нормаларын белгілейтін 
референт рөлінде жиі көрінулері мүмкін [3, 149-б.]. 
Қазақстандағы саяси ахуалға жастар əр түрлі баға береді, өйткені кейінгі онжылдықтар жас 
адамдардың  көпшілігінің  бейсаясаттығымен  жəне  скептицизмімен  ерекшеленеді.  Кейінгі  кезде 
саясаттың  «жасарғанына»  қарамастан  жастар  саяси  күштердің  бірде-біреуін  жақтамайды,  олар 
саясаттан  аулақ  екендерін  жəне  партиялардың  қызметімен  таныс  емес  екендерін  тілге  тиек  етеді 
[4, 109-б.]. Жас буын балалар мен жастар ұйымдарына күдікпен қарайды, əйтсе де бұлардың саны 
керісінше  пікірді  білдіруге  тиіс  болса  да.  Бүгінгі  уақытта  осы  ұйымдар  саяси  əлеуметтенудің 
маңызды институттары болып табылмайды. Оның үстіне қоғам да осындай бірлестіктерге айқын 
бағдарлар  ұсынуға,  материалдық  қолдау  көрсетуге  даяр  емес.  Бірақ  қазіргі  кезде  ақпараттық 
арналар жүйесін өрістетудің арқасында елдегі жəне əлемдегі əлеуметтік жəне саяси проблемалар 
бойынша жасөспірімдер мен бойжеткен қыздардың дербес позицияларын (ұстанымдарын) əзірлеу 
үдерісін  объективті  дайындау  жəне  ынталандыру  əрекеті  жүріп  жатыр.  Саяси  жүйенің  өзгеру 
жағдайларында  жас  адамдардың  азаматтық  құқықтар  мен  міндеттерді  іске  асыруға  негізделетін 
саяси қатысуды таңдау үрдісі байқалады. 
Жастардың құндылықты бағдарларын қалыптастыру кезінде демократиялық өзгерістердің 
жастардың  өмірлік  түсініктерінің  құрылымданған  жүйесіне,  құндылықты  бағдарларына  тигізетін 
ықпалы талданады, ол жастардың тіршілік əрекетіндегі практикалық мінез-құлқы (ұстанымы) мен 
сапалық  өзіндік  ерекшелігінде  байқалады.  Осы  тұрғыда  жастардың  құндылықты  бағдарларының 
қалыптасуындағы өзгерістер мен үрдістер, əлеуметтік-психологиялық ерекшеліктер аңғарылады.  
Ғылыми 
əдебиетте 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет