Софы Сматаев шахминам – МӘҢгілік махаббатым менің Аса қымбатты Шамшия келінім!



бет6/35
Дата14.07.2022
өлшемі302,94 Kb.
#37662
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
Шахминам

Бесінші тарау. Өкіну

Қысқы сессия басталып, абыр-сабыр болып, дүрбелеңді дүбірлетіп жүргенбіз. Қазақ тілінен алғашқы емтиханды тапсырмақпыз. Ұстазымыз – Кәкен Аханов дейтін түсі суық, білімі ұшан-теңіз профессор. Ойыңдағыны түсіңнен тап басып тани қоятын, түсіңдегіден үндеспестен-ақ ішіңдегіні ақтарып ала қоятыны тағы бар. Ұстаз алдында ұятқа қалмайын деген өлермендікпен жан-жақты дайындалған едім. Алғашқы бес студенттің бірі болып, аудиторияның табалдырығынан аттап, Кәкен ағаның алдындағы үстел үстінде жаюлы жатқан билеттерге жағалата көз жүгіртіп тұрғам, Аханов ағай қолын созды.



  • Сматаев, зачеткаңды берші.

Қалтамнан апыл-құпыл суырып, зачеткамды созылған қолға ұстата қойдым.
Профессор зачеткеме сүйкектетіп әлденелерді жаза бастағанын көріп, көзім бақырайып мен тұрмын. Ағай кітапшаны жапты да, қолыма қыстыра салды.

  • Сматаев, бар. Қайқай! Сен боссың.

Профессордың бетіне жалтақтай қарап, шегіншектеп жылжып, есіктен бір-ақ ытқыдым.
Дәлізге шыққан бойда зачеткамды ашып қалғанымда «отлично» деген жазу көзіме оттай басылды. Кәкеңнің сабақтарында сөйлемдерді талқылау кезіндегі үнемі белсенділік танытқанымның нәтижесі бестік бағамен алдымнан шыға келгеніне қатты риза болдым ба, кірпігімнің ұшындағы шықты «Не болды?», «Неге тез шықтың?» деп шуылдасып жатқандарға көрсетпей бұрылып алып, Кәкеңшелеп «қайқая» жөнелдім.
Сол алғашқы қысқы сессияның барлық емтиханын беске тапсырып, Шахмина екеуіміз ауылға каникулда барып қайтқанбыз.
Мен – мықтымын,
Ұнатам сені ғана.
Сені – жап-жас
Көрмесін мені бала.
Кеттік қой аман-есен сен екеуміз
Кездерден жүрек күпті,
көңіл ала.

Шыдаймыз боранына,


дауылына.
Өмірдің жеңілі мен ауырына.
Шіркін-ай, менен асар жан болмас-ау
Өзің кеп кіріп кетсең бауырыма.
Бұл әрине Шәкем-Шахминамның құлағына жетпес, ал менің өңім түгіл түсімнен де кетпес арманшыл шумақтарым ғой. «Ғашықтың тілі – тілсіз тіл» дейтін Абай түсінігімен жүрген біздер бір-бірімізді оймен сезіп, іштей ғана білісіп, құшақтасу, айқаласу дейтін одағайлыққа ойыспай жүретінбіз.

* * *
Бірде ұлы Мұхаңмен, Мұхтар аға Әуезовпен дәлізде қарама-қарсы ұшырасып қалғанымда, сасқалақтап ұсынған қолымды жібермей ұстап тұрып: «Сарыбала, сессияң қалай өтті?» деп сұрағаны ғой. «Бәрін беске тапсырдым» дедім мен.



  • Бәсе, мықты жігіт болуыңмен – деп, Мұқаң арқамнан қағып қалды да, ырғала басып жүріп кетті.

Осы жерде Мұхаңмен қалай танысқанымды айта кетейін.
Үшінші курс студенттеріне дәріс оқитын Мұхаңның аудиториясына кіріп, бірінші курста оқып жүрген мен де лекциясын тыңдайтынмын. Көз алдында көп көлбеңдей бердім бе, әйтеуір мені «Сарыбала» дейтін ұстаздың ықыласына бөленгеніме қатты марқаятынмын. Кітапханадан шықпай өз бетімше араб әріптерін үйреніп, Маловтың сына жазуының құпиясын ашпақ болып қағаздан бас алмай отыратынымды сыртымнан ұлы қаламгер бақылап жүреді екен. Бір күні араб қарпімен әкеме хат жазып отырғанымда қасыма келіп, Мұхаң әкемнің атын сұрап алып; «Қалыбек інім, мына ұлыңнан күтеріміз көп» деген секілді біраз тілегін қосымша етіп жазған-ды.
Мұхаңның сол хаты қайтыс болған әкемнің қалтасынан табылған. Үнемі жанында ұстап, сақтап жүрген екен ғой.
«Дарынды Болмыс құдырет, неТабиғат құдырет береді. Оны тек ұштай білу қажет. Ал ешкімді ешқандай оқу, таланты болмаса, жазушы етіп шығара алмайды.
Әу, Сарыбала, сенде осы таланттың ұшқыны барын сезем»... деген ұлы ұстазымның кеңесімен Мәскеудің техникалық институтына түскенмін.
Мұхаң мені Мәскеуде де екі рет іздеп, шақыртып алып әкелік, ұстаздық ақыл-кеңесін айтып еді. Амал не, сол 1961 жылдың мамыр айының соңында мен оны ақырғы рет көрген екенмін. Отадан кейін наркоздан оянбай кетті ғой.
Мұхаңның сондағы ақыл-кеңесі әлі құлағымда.
Көтере алсаң қара сөздің азабын,
Жазушылық – ең ауыры жазаның.
Кейде мақтап, кейде даттап құбылар
Бірде олай, бірде бұлай қазағың.

Тағдыр – тозақ салса да сан салмағын,


Сол қазағың болсын әман ардағың.
Мерт ұңғысы қадалса да кеудеңе,
Туралығын жоғалтпасын ардағы үн.

Адалдықтан басқаны үндеп не дермін


Көп әніңді көлеңкелеп көмер мұң.
Шын шырқырап іздеп түссең шындықты
Мол болады-ау қиянатшыл кедергің.
Мен ішіп отырған стакандағы шайымды аузыма апарған күйі ардақты ағаға қадалып қарап қалдым. Мұхаң сәл іркіліп, көзін маған бір төңкеріп, одан төбеге шалқайыңқырап тесілді. Ыңырана күрсініп, мұрнын шымшылай саумалады. Кеудесінен өксікке бергісіз әлдебір өкінішті мұңы өзін де, мені де дірілдете төгілді.
Біздер кеше
тастүйін боп жұдырық,
Қарсы атылдық. Тұрдық,
жаттық жығылып.
Жете алмадық. Жеткізбеді Ресей,
Көмейлерге көп зорлығы тығылып.

Құлаш создық...


Таба алмадық кемерді.
Тілім-тілім...
Далаң тыңнан не көрді?
Сор далаңа су себердей, өр ұрпақ,
Жас тұлпар боп берермісің өнерді...
Жүйе-жүйкем шымырлады. Жаным жылағандай болды да, жүрегімді әлдебір жүндес қол уысына бүрістіре қысып алып, жұмарлап езгілеп бара жатты. Ұстазымның жүдей қалған жүзіне жапақтай қарап, өзім де бір уыс болып мелшиіп қалған едім.
...Арада айға толмас уақыт өтті. Жүрегім әлдебір суық хабарды сезетіндей оқыс дірілін көбейтті. «Тегін емес! Тегін емес!» дейтін бір күдік тұлабойымды шырмап алған.
Запыранды төккеніңмен өттегі,
Кімге айтуды біле алмайсың өкпені.
...Дыр-дыр етіп,
Қыр-қыр етіп динамик
Бір дауыстың құлақты үңгіп жеткені.

«Шыдай алмай отасына азаптың,


Өтті өмірден Әуезовы қазақтың!»
«Не деп кетті?!»
Сөнді дей ме жарық күн?
Төнді дей ме төбемізден азап күн?

Нені естідім?


Осы ма еді күткенім?..
Қалай ғана данышпанды үкті өлім?
Туламайды бұл Дүние, білмей ме,
Бір Адаммен бір Әлемнің біткенін.

Ұлы өлгенін сезбес қалай Жер бүгін.


Анау көкке неге атпайды шерлі үнін.
Қазағының ақын жанын ардақтап,
Абай жолын жалғастырар енді кім?

Сау еді ғой. Тың еді ғой өлместей.


Тосын өлім.
Көңлім мүлде сенбестей.
Қалай енді, қайтіп енді жүрермін.
Күдігіммен кінәліге «сен!» деспей.

Неге ғана отасына көнді екен,


Болғаны ма Далам бөтен, Ел бөтен?
Қалай ғана Кремльге жақпады,
Адамзаттың Әуезовы ер көкем?

Жоқ, көнбейміз!


Енді өлмейміз құл болып!
Ұлттың қамын біз ойлаймыз ұл болып.
Ұстаз салған ұлы бағыт жолымен
Кек боп жанып,
Біз шығамыз мұңда өніп!

Түн түнегін жас тұлпарлар қуады,


Шашырайды Далама таң шуағы.
Еркіндігі, нұрлы ертеңі Алаштың
Жас тұлпардың тұяғынан туады!
Сенем соған!
Сендік те жеңдік. Жалындаған жастық жігермен «Жас тұлпар» ұйымын құрдық. Сол ұйымның құрылуына, жас тұлпар боп азаттық, еркіндік, бостандықтың даңғыл жолының шаңын бұрқыратуына үлес қосқанымды күні бүгінге дейін мақтан етемін.
Ұлы ұстаз, ұлы қаламгер Мұхаңның кетерімде қолыма ұстатқан өсиетнама парақшасын енді мен бүгін сіздердің көз алдарыңызға тосуды өзіме үлкен парыз санаймын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет