Софы Сматаев шахминам – МӘҢгілік махаббатым менің Аса қымбатты Шамшия келінім!


Алтыншы тарау. Сахнада біз, дәлізде мен



бет8/35
Дата14.07.2022
өлшемі302,94 Kb.
#37662
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   35
Алтыншы тарау. Сахнада біз, дәлізде мен.

Март айында қазақ теевизиясының режиссері Сапарғали Шәріпов аға біздің филология факультеті студенттерінің қатысуымен ұлы Мұхтар Әуезовтың «Қаракөз» драмасын қоймақшы болды.


Спектакльдің негізгі кейіпкерлерін сомдау біздің группаға тапсырылды. Сырым ролі тенор дауысты Әнуарға, Нарша бейнесі ғажап баритон иесі Қайратқа берілді. Ал мен, Карл, Өмірзақ үшеуміз Сырымның нөкері – сал-серілер болып, әннің, бидің, әзіл-қалжыңның көрігін қыздырып әкетуге кірісіп кеттік.
Екі айға жуық дайындық өткізіп, енді алғашқы шымылдығымызды сол кездегі Комсомол бүгінгі Төле би көшесіндегі университет корпусының акт залында ашпақшы болдық. Қойылымның беташарына пьеса авторын шақыру керек деген университет басшыларының пікірін естіп, әрі қобалжып, әрі қуанып жүрміз. Мұхаңды щақыру рәсімі ұстаздың шәкіртіндей болған маған жүктелген еді.
Ойынымыздың жақсы өткенін мұрнын шымшылай сипап, қол соққан Мұхаңның ақжарқын күлкісі, зал толы жастардың тік тұрып кетіп «Браволаған» овациясы куә болғандай еді.
Гримімізден тазарып тысқа шыққанымызда мені Сағынтай мен Шәкем оңашалап бөліп әкетті.

  • Әй, Асқар – Софы, мықтысың. Ғажапсың! – деген Сағынтайдан гөрі Шахминаға қарайлай берем. Соны сезген Шәкем:

  • Сен бәрінен де әдемі... әсерлі ойнадың. Әсіресе қамшыңмен құндыз бөркіңді бір шекеңе қисайта көтеріп, бүйіріңді таянып анау Қаракөздің құрбысына әзіл айтқанда серінің тап өзі боп кеттің! – деп қызыға құмартқанын өң-жүзінен анық байқатты.

Шәкемнің мына сөзінен кеудемді жып-жылы толқын соғып өтіп, ыстық қаным денемді қыздырып ала жөнелді. «Шахминам менің! Сенің көретінің сенің бағатының мен ғана екем-ау. Анау сахнадағы көптің арасынан маған ғана көз төңкеріп, көңіліңнің құшағын ашып отырдың-ау, сүйіктім менің!» деп іштей мағұрланып едім сонда.
* * *
Жазғы сессияны ылғи беске тапсырып, ауылға қайтуға дайындалып жүргем. Ұлы Мұқаң кездесіп қалып ұйқы-тұйқымды шығарып жіберді. Ұстазымның айтуы бойынша «кейбір оқытушылардан білетінің артық болмаса кем емес. Сен Мәскеуге тарт. Онда да техникалық вузға түс. Оның математика, химия, физика пәндері аналитикалық синтез жасауыңа, миыңды ұштауға көп көмегін тигізеді. Логикалық ойлау жүйесін сіңіреді» дегені ғой.
Ұстазбен неге келіспейін. Орталық ВУЗдарға сол жылдары Алматыда июль айында емтихан қабылданатын. Емтихандар 20-июльде басталады.
5-июль күні каникулім басталып, Мәскеу институтына тапсыратын математика, физикаларды қайталап, жатақханада жалғыз қалдым.
17-шілдеде декан Амандосов ағайдың кабинетіне кіріп, оқуымды тастап, аттестатымды алмақшы болғанымды айтқаным сол еді, Тауман аға таяғымен үстел үстін сабап-сабап жіберді.

  • Ойына не келсе, соны жасамақ. Ақымақ болма, Сматаев. Енді бір семестр ылғи беске оқысаң, сені біз Ленин атындағы стипендияға ұсынғалы отырмыз. Бар! Екінші мынандай өтінішіңмен қарамды көрмейтін бол, – деп таяғын үстелге үшінші рет ойнатты.

Салым суға кетіп, сүмірейіп есік алдында тұрғам. Қаракөлеңке дәлізбен келе жатқан Мұхаң мені көріп қалып:

  • Оу, Сарыбала, мұнда неғып тұрсың – дегені.

  • Декан документтерімді... аттестатымды бермей айдап шықты.

Мұхаң қолымнан жетелеп деканның үстіне кіріп барды. Ішке екі-үш адам барып қалған екен, ұстаз әлгілерге қарап: «Жігіттер, мына Тауманды бізге бес минутке босатып беріңіздерші» деді.
Отырғандар орындарынан тез тұрып, шығып кетті. Мұхаң деканның қарсысына отырды.

  • Тауман, мына балаға ықыласым ауып, Мәскеудің техникалық институтына түс деп бағдар сілтеген мен едім. Өзінен күтер үмітім де үлкен. Сен осы шәкіртіміздің көңілін қалдырмай, сұраған қағаздары мен аттестатын бергіз. Осы тілегіме қалай қарайсың?

Деканым құрақ ұшты.

  • Ой, Мұха-ау, сіз айтсаңыз, біз несіне қарсы боламыз. Береміз.

Мұхаң бір ырғалып маған көз тастады да, жүзін деканға қайта бұрды.

  • Онда былай істе. Мына жігіттің құжаттарын бұйрығыңды шығартпай қолына ұстат. «Жаман айтпай, жақсы жоқ». Алда-жалда анау Мәскеу институтына түсе алмай қалса, осындағы оқуын жалғастыра береді.

  • Жақсы, Мұха! Сөйтейік онда, – деп бас изеген Тауман ағаға Мұхаңның бұрын мен риза болып бас шұлғи бергенімді байқап қалған ұлы ұстазым орнынан тұрып, арқамнан қағып қалды.

  • Жолың болсын, балам!

«Балам!» дегенін естігенде көзіме жас толып, кемсеңдеген иегімнің қимылымен алғысымды жеткізген болдым.
Мұхаң шығып кетісімен деканым: «Дәмеш!» деп алдыңғы бөлмеде отырған хатшы келіншекті шақырып алды да.

  • Мына Сматаевқа бұйрық жаз да, оқудан шығарып, аттестаттарын қолына ұстат! – деп тапсырмасын нығыздап берді.

Аттестатым қолыма тиген соң, ұша жөнелдім. Университеттің Шевченкодағы корпусына барып, құжаттарымды тапсырдым.
«Бұйрығыңды шығара бер. Түсе алмай қалсам, Мұхаң тұрғанда, оқуымды қайта жалғастыруым сөз болып па!» деп іштей арқамды тауға тірегендей сеніміме жүгініп те едім.
Жолым болып Мәскеудің Болат және қорытпалар институтына студент боп қабылданып, Айды аспанға шығарғам.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет