Софы Сматаев шахминам – МӘҢгілік махаббатым менің Аса қымбатты Шамшия келінім!



бет9/35
Дата14.07.2022
өлшемі302,94 Kb.
#37662
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35
Байланысты:
Шахминам

Жетінші тарау. Сағыныш

Сағынышым, аяшы сағынышым,


Кеудемді езіп кете ме тағы күшің.
Ең болмаса түсімде қол ұстатып,
Көз бен көздің жайнатшы шағылысын.

Сағынышым жүректі дүрсілдетіп,


Күлкім қашты-ау іштегі күрсінге өтіп.
Сағынышым сарғайтып сабылтар ма,
Өн-бойымды құрсаулар тылсым бекіп.

Қалай төзем сағыныш билегенде,


Езіп, жаншып жанымды илегенде.
Қамап тастап жүректі түрмесінде,
Құр егіліп төзуге үйренем бе?
Иә, сағыныш егіліп төзуге үйренбейін десең де, жаның мен жадыңнан шығарып тастай алмайсың. Бірақ сол кеудеңді күйдіріп бара жатқан сағынышыңды ұмытпауың – әрі қасірет, әрі қасиет. Қасірет дейтінім алыста қалған сүйіктіңнің мөлдіреген көзінен төгілетін жылылық, жарасымдылық нұры қашықтап, суық лебімен шарпитындай көрінеді. Ал қасиеті осы адам жанының ұлы рухы – махаббатқа деген шексіз сенімнің қос жүректі қосақтап қоятын нәзік сезімнің мықты тінінің үзілмеуі деп білемін. Білемін де өз жүрегімнің дүрсілді сағынышының әлдилі лүпіліне жарғақ құлағымды ғана емес, жанымның еміренген тебіренуін тоса қоямын.
Алматыдағы базарлы бал күндер көзден бір-бір ұшқан соң «көшесінде Гогольдің» қалған Шәкеме енді тек ақ қағазға қара сия боп төгілетін сырым мен жырым хат арқылы жөнеліп жатты.
Базбіреу махаббатты гүл деседі,
Сол гүлмен менің жаным үндес еді.
Алысты жақындатар сағынышым,
Бірде күлсе,
Көңілім мұң кешеді, –
деп Шәкеме бірде күлдіріп, бірде мұңайып жүрген сағынышымды жеткізсем, Шәкемнің де қыз жанының оңай ашылмас сыр сандығынан тұспалдап қана тамшылайтын күрсінісінен күлкісінің сыңғырын кәдімгідей естіп қаламын. Соған да мәзбін, соған да тәнтімін. Елес дүниесінен естелік сүзген адамның ес пен түстей өліарадан әлденені тауып, танып қалғандай елегзитін сәтін бастан талай-талай кештім ғой.
Айналып кетсе өңіме түсімдегі.
Білсең ғой қалайтынын ішім нені.
Аспаннан ақша бұлт боп қалқып түсер
Сырымды айтқызбай-ақ түсін мені, –
Шамым, деп сарқыла ақтарылған кездеріме бүгін міне кәрілік буған қалпымнан қол бұлғап қалғанымды байқап, күрсініп отырмын. Өмір шіркіннің де таусылары, бітері ақиқат екен-ау демеске шарам да, шамам да жоқ. «Шәкем-ау, ақ бантиктім-ау!» деп сүйіктіңе үздіктіре ұмтылтқан тірлігің өмір-ғұмырың құмға сіңген судай боп өшіп кетер болса... өз өңешіңді өзің жұлардай жұлқынуыңның әсері қанша?..
Шәкем бар да «Ананы бітірем!», «Мынаны тындырып тастаймын!» деп далақтап жүгіруші едім. Бүгінгі жетім шал болған күйімнің, күнімнің кең даңғылының тар соқпағына тірелгенін бір-ақ байқағаным қалай?.. Сонау Алматының Шәкем екеумізді аймалаған айлы түні енді бір оралмай жоғалғаны жоғалған ба? Қайтадан бір оралып келмес Шамымнан басқа кімді іздерсің енді? Нені күтерсің алқына күрсініп? Кімді тосарсың елжіреген жүрек тебіренісімен?
Рас па? Біте ме бәрі?!.
Жо-жоқ! Қарақат көздері мөлдіреп Шәкем өзімде әлі. Алау жүздің үлбіреген ернінің ып-ыстық табы ернімде әлі. «Жаным! Жарым!» деген жанашыр сөзімен Шахминам жанымда, жүрегімді әлі. Өйткені күн бұрынғысынша қызарып атады, бұрынғысынша күреңітіп батады. Сол атқан таңды, батқан күнді Шәкем үшін де, өзім үшін де, балаларым мен немерелерім үшін де көремін әлі.
Шәкем менің,
Енгенсің ғұмырыма.
Қара жерім алғанша жұмырына.
Шәкем сені –
мәңгілік махаббатты
Қойып кетем көркейтіп тұғырыңа!
Сөйтемін. Махаббаттың асқақ рухы әр жүрекке дем беріп, әр адамның жан-дүниесіне қан құйып сүйіспеншіліктің биік тұғырында асқақтап тұратын болсын. Махаббат тұғырынан биік тұғыр болмайтынына сенімдімін. Махаббат сезімінен нәзік һәм қымбат та аяулы сезім болмайтынын ескеремін. Ескертерім шынайылықтың сыры – қос жүректің бірігіп соққан лүпілінде. Шынайылықтың шыңы – қыз бен жігіттің қосыла төгілген күлкісінде. Еркек пен әйелдің түсініскен мәнінде, қосылып шырқаған әнінде. Әні мен мәнінен айрылып, жан жарынан адасып қалған жанның жаралы жүрегінің мұңында.

Кеудеме толып мұң,


Қайғыңмен жолықтым.
Бір гүлдің солғаны –
Сен ғой деп,
соны ұқтым.

Таусылып шыдамым,


Өксідім, жыладым.
Бір әнім – мұң болса,
Күн нұры – бір әнім.

Нұрым ең аңсаған,


Арнадым ән саған.
Қайтейін, сені іздеп,
Жүректен тамса қан.
Жеткізбес, ұстатпас сағыныштың терең күрсінісін тағы толғап кеткенімді қайтермін-ай. Бірақ сағынышымның балдай тәттілігі мен зәрдей ащылығын қабат татып жүргенімді жасырғанда не табармын.
Сөйлесе сөзі әдемі, жанаса кетсе, қылықты мінезді, сырыңды сыртқа жаймас, алысқан қол, айтысқан серттен таймас, білместігіңді сыбырмен жебер де жеңер, уайымың жоқ, көңілің тоқ, көкірегің зор күйіңе тасыңқы-басыңқы базынасымен енер Шәкем-ау, сендей жар тапқан менен өтер бақытты адам болмас деуші едім-ау. Қайтейін, көңлімде бейнең, көзімде елесің ғана қалды ғой. Шіркін-ай, сезімнің көзі бітелмесе екен дейікші. Ол бітелсе, елгезек көңілдің елеңдеуі де бірге жоғалады-ау.
Жолымдағыны жапырып,
Лапылдап жүргем кеше мен.
Отырамын бүгін аһ ұрып,
Ізіңді таппай көшеден.

Қара бұлт көшіп көктегі,


Қонды кеп менің жотама.
Ғұмырдың ұзап көктемі,
Көз жұмды мәңгі отана.
Сол кеше отана болған, ал анау жайраң жастықтың өртеңінде қызғалдақ боп құлпырған Шахминамның жүрек жалынының жылуынан сорғалап тамып түсіп маржандай тізілген хат жолдарын әр жұма сайын алып оқыған кездегі асып-тасқан көңілімнің шалқуын айтып жеткізуге шамамның жетпесін, тілімнің шабандығынан деп білерсіздер. Сондай сәтте кеудемде алқызыл күні туып, көңілім әнін тауып, жүрегім арманға толы жыр сауып, рақат күйге бөленуші едім-ау. Қатты сағыныштың тәтті мұңы-ай шіркін!..
ДЕЙИН

ОСЫ ЖЕРГЕ ДЕЙИН 6 САНГА САЛЫНДЫ




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет