Софы Сматаев шахминам – МӘҢгілік махаббатым менің Аса қымбатты Шамшия келінім!



бет11/35
Дата14.07.2022
өлшемі302,94 Kb.
#37662
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   35
Тоғызыншы тарау. Екі уіл.

Бір айлық каникулым көзді ашып-жұмғандай да болмай өте шықты.


Мәскеудегі оқуға түскен шағын ғана Киіктің алғашқы студенті дей ме, әлде республикалық баспасөз беттерінде жарық көрген өлеңдерімді оқып, мені кәдімгідей ақын тұта ма, туыстардың кезекпен шақыратын қонақжай дастарқанынан сәл-пәл босаған кездерде Шәкем екеумізге тиетін оңаша кештер де аяқталды міне.
Алматы – Қарағанды поезын күтіп кішкене стансаның алдындағы перронда тұрмыз. Мені шығарып салушылар біраз адам. Қарағандыға барған соң, Қарағанды – Москва поезына ауысып мінетінімді білетін Мейрам ағам шабаданы ауыр емес пе дегендей, көтеріп, салмақтап қояды.
Ал мен екі көзім төрт болып Шәкемнің үй жағына тесіле берем. Ой, әне «Жүндітөбенің» тұмсығынан жылт етіп тепловоздың шыға келгені. Екі-үш минуттың төңірегінде вокзалға жетіп тоқтайды... Ал, Шәкем... Ура-а! Ебіл-дебілі шыққан Шахминам мына жақтан келе жатты-ау. Қарсы ұмтылып барып, қолынан ұстай алдым. Дене дірілі саусақтардың ұшынан білінді.
Сол екі ортада поезд келіп тоқтап, жұрт абыр-сабыр боп жатқанда, Шәкемнің жүзіне тағы бір асығыс көз жүгіртіп едім:

  • Аман-сау жүр. Хатыңды жиі-жиі жаз. Сен мені сағынғанда, түсіңе кірем, – деп жас шылаған жанарын жасыра білегіме бетін төседі.

  • Мен де, мен де түсіңе кіремін, Шахминам-ау! – деп құлақ ұшында шайқалып тұрған сырғасына, кірпігінде мөлдіреген тамшыға қадалып өтіп, қолымды «қош-қошын» сездіріп, асықтырып жатқан туыстарыма жүгіре жөнелдім.

Вагон терезесінен оңаша тұрып қалған Шәкемнің бір уыс боп бүріскен бейнесін көз жанарыма сііріп әкетіп едім-ау сонда.
Жүзі ауды-ау сан күннің,
Сағынышпен сарғайтып.
Сол күлкіммен сол мұңның
Әнін жүрек қалды айтып.

Сағатымды санаймын,


Қауышатын өзіңмен.
Жанға жанды жамайтын
Нәзік сырлы сезіммен.
Әлгі талдырмаш дененің мені әлден-ақ іздеп, мұңайған бейнесі, самалмен шайқалған сырғасы көз алдыма қайта-қайта оралып көлбеңдеп келе беруші еді. Неге екенін білмеймін, бір әуеннің ызыңы кеудемде оянып, құлағымның түбінде дүбірлеп тұрып алатындай болды. Ол-әуен бе, өксікке толы өз мұңымның жаңғырығы ма, ажырата алмаймын. Әйтеуір кеудемнің қуыс-қуысын қуалай толтырып бара жатқан белгісіз бір шумақтар мен түсініксіз әуездің бойымды босатпайтынын күн өткен сайын қатты сезіне бастадым. Кей-кейде әлгі шумақтарды жоғалтып алып, ішімнен мұң шыққаны мен тілімнен үн шығармас мылқаулық құрсауына қамалып, ыңырсыған жүректі бүйірімді тесіп жіберердей соқтырғанымды кімге айтармын. Ал сонсоң...
Әлгі ызың әуен боп көмейімнен атырыла төгілсін. Тәп-тәтті мұңымен сағыныш сазы болып көкірегімнің қамбасынан лекілдеп ақтарылсын. Алыста қалған Шахминам жақындап келіп, жаныммен жаны табысып кеткендей болып, талбойымды ып-ыстық қып шымырлатып, іңкәрліктің құшағына көміп кеткен еді-ау. Құмартқаным да, тапқаным да ән екен. Шахминамды сағынған жүрегімнен өзінше сорғалаған сазы екен. Жоғалттым ба дейтін шумақтар тіліме қайта оралып, өзегімді өртердей тебірентіп қағаз бетіне сағыныш жолдары болып түсе қалды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет