Софы Сматаев шахминам – МӘҢгілік махаббатым менің Аса қымбатты Шамшия келінім!



бет5/35
Дата14.07.2022
өлшемі302,94 Kb.
#37662
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
Шахминам

Төрінші тарау. Мұң

Күн зымырап. Ай жылжып өтіп жатты. Сан құбылатын Алматының ауа райындай емес, екеуара тілсіз түсініскен жүректердің байлауы мәңгілік болып күрмелгенін «Көшесінде Гогольдің» тұрағы бар Шәкемді бір көріп қалғанда, жарқ еткен жанарынан тек маған ғана шашырайтын қуаныш жарқылына бүкіл тұлабойымды дуылдата шомылдырып, төбемді көк аспанға тіреп, аяғымды қара жерге шіреп басып жатақханама ойқастап оралатынмын.


Қуып жүрмін қырмызы арманымды,


Өз кеудемде жайып сап жаз жайлауын.
Аралаймын жазира, орманымды,
Көңіл құстың құбылтып наз сайрауын.

Қайран жастық – не деген көрікті едің!


Көріктісің көзіндей сүйіктімнің.
Мынау менің жанымды көріп пе едің,
Уысында сезімнің ұйып тұрмын.
Көңілімнің құстары сайрап, қанымның әр тамшысы шымырлай қайнап, жастық атты жап-жасыл дүниенің таспа жолын жалаңаш табанымның ып-ыстық мөрін бастырып, құйындай үйіріп әкетіп еді-ау.
Құдай-ау, танауыңды иіскелеп аймалар кермек жусанның керемет исі аңқыған жайлаудың тұнжыр түндері қайта оралмай ма? Ақ сүт сәулесін баяу ғана себелейтін Айдың дәл төбеңнен сызыла қаларын қалай ұмытарсың. Сондай сәтте әлденеге аласұрған жаныңның мазасыздана қалатыны бар-ау. Осынау шексіз әлемнің өзіңдей болып, кең, мол құшағымен орап алған сиқыр сәулелі тылсым түннің ойыңды он саққа жүгіртіп, әрі тәп-тәтті әрі улы мұңға толы естелікке сүңгітіп жіберерін қайтерсің-ай! Ойлаудан да бұрын әлдебір әлдиімен уантар әлдекімді ме –ау, әйтеуір елжіреген жүрегіңнің ғайыпсынды әлденені күтуі мен тосуы үдейді-ау кеп!
Шіркін сол күндерімнің әлдекімі – Шәкем-Шахминам еді ғой. Тербете, тебіренте әлдилеген әлденем Шахмина – Шәкемнің қарақат көздерінен тек маған ғана мөлдіреп төгілетін сүйіспеншілік нұры еді ғой.
Ал бүгін қыраулы күзімнің аязды қысын бүркенген бұйығы кеші салбырап еніп келеді. Жан жарымның аялай қарайтын қамқор қарасынан айрылып, жетімсіреп қалған менің маңдайымнан сипап, арқамнан қағар сүйіктімнің алақаны да жоғалған. Содан ба, даланы ендей жайылған күңгірт көлеңкесіне ілесе көңіл біткенді күйзелісті көңілсіздік жауып, жасырып бара жатқанын күрсініп қойып, түршіге сеземін.

Қызық еді-ау, қызынып өліп-өшкен,


Қызық еді-ау табыну танып естен.
Жан жарымнан адасып қалғаннан соң,
Қызынуым күл болып, жанып өшкен.

Қош айтысып кетсе де талай көктем,


Анау баққа үңілгем мен әйнектен.
Сыңғыр күлкі алыстап сөнгеннен соң,
Аяп қана төнеді тек Ай көктен.
Шынымен-ақ бүгінімнен кешегімді қанша іздесем де, таба алмайтынымды білсем де, өзектегі өксігімді байқаусыз төгіп алғаныма кешіріммен қарайтындарыңызға сенемін, қадірменді оқырмандарым. Менікі әсемдікті тұрпайылық, сүйінішті күйініштің қымтап жауып, тұмшалап тұншықтыра беретініне деген әлсіз қарсылығым ғана ғой.
Ал Шахминам, жер қойнына кетсе де, мәңгілік жанымды жайлап, жүрегімді жылытып жатыр ғой.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет