Сөж азия Африка


балаларды қасиетті жерге жеткіземіз деп



Pdf көрінісі
бет9/9
Дата06.12.2022
өлшемі2,86 Mb.
#55327
1   2   3   4   5   6   7   8   9
балаларды қасиетті жерге жеткіземіз деп 
алдап, кемелерге отырғызды да, 
Египетке апарып, құлдыққа сатып 
жіберді.
БАЛАЛАР ЖОРЫҒЫ


Қасиетті жерді азат етеміз деген кресшілер 
алғаш басып алған жерлерінен біртіндеп 
айырыла берді. Папалар мен корольдер 
1217-1221 жылдары - бесінші, 1228-1229 
жылдары - алтыншы, 1248-1254 жылдары 
жетінші жорықтар ұйымдастырды. Барған сайын 
ол жорықтарға қатысуға тілек білдірушілер 
қатары азая берді. Кедейлер де, феодалдар да 
Шығысқа енді бұрынғыдай үмтыла қоймады. 
Мұсылмандармен соғысудың оңай емес екеніне 
олардың көздері жетті. Папа кезекті крест 
жорығын ұйымдастыру үшін жаңа салық енгізіп 
жатты. Бірақ ол салықты жинау үлкен күшке 
түсті. Халық салық жинаушылардың көзінше 
қайыршыларға садақа беріп, «Христостан да 
күшті Мұхаммедтің аруағы үшін ал» деп папаны, 
кресшілерді мазақтай бастады.
СОҢҒЫ КРЕСТ ЖОРЫҚТАРЫ 


1270 жылғы 
сегізінші крест 
жорығынан 
кейін Батыс 
Еуропа 
басқыншылар
ы мұсылман 
елдеріндегі 
өздерінің 
барлық 
иеліктерінен 
айырылды.


Жалпы Крест жорықтары Батыс Еуропа елдері тарапынан жүргізілген әділетсіз, 
басқыншылық соғыстар болды. Бұл соғыстар дүниежүзілік өркениеттің дамуына 
едәуір кедергі келтірді. Жорықтар Еуропа елдерінің ғана емес, Шығыстағы 
мұсылман елдерінің де шаруашылығына, мәдениетіне орны толмас зиян әкелді. 
Көптеген өнер туындылары қирады, кітаптар мен құнды деректер жойылып кетті. 
Дегенмен бұл жорықтардың Батыс Еуропа елдері үшін біраз пайдалы жақтары да 
болды. Біріншіден, Жерорта теңізіндегі сауданың қыза түсуіне ықпал етті. Бұл 
саудада Солтүстік Италия қалалары үстемдікке ие болды. Екіншіден, Батыс Еуропа 
халықтары Шығыстан жоғары дәрежеде дамыган мәдениеттің үлгісін игерді. 
Кресшілер мұсылман халықтардан тамақ ішер алдында қолдарын жууды, ауықауық 
ыстық моншаға түсіп, іш киімдерін, төсек-орындарын ауыстырып тұруды, әдемі 
киінуді, ас ішкенде шанышқыны пайдалануды үйренді. Үшіншіден, еуропалықтар 
Шығыстан жаңа егіс дақылдарын көріп, Еуропада күріш, лимон, өрік, қарбыз өсіре 
бастады. Еуропалықтар Шығыс халықтарынан жібек мата тоқуды, айна жасауды, 
металды сапалы өңдеуді үйренді
ҚОРЫТЫНДЫ


Пайдаланылған
 
əдебиеттер: 
Жұмағұлов Қ.Т., Қартабаева Е.Т. Азия жəне Африка елдерінің орта ғасырлар тарихы - Алматы, 2016. 
Хрестоматия по истории древнего мира и средних веков. Составители: Г.К. Кокебаева, Е.Т. Картабаева, Р.С. 
Мырзабекова. – Алматы. 2018.
Жұмағұлов Қ.Т., Мырзабекова Р.С. Орта ғасырлар тарихы. Алматы, «Қазақ университеті» 2014 
Ғаламтор желісінен ақпараттар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет