Тыныс алуға қатысу- оттегіні өкпеден бүкіл мүшелерге, ал көмірқышқыл газын мүшелерден өкпеге тасмалдайды.
Трофикалық қызмет- мүшелерді қоректік затпен қамтамасыз етеді.
Қорғаныш-гуморальды қызмет- жасушалық иммунитетке қатысып, жарақаттану кезінде қанның ұюына қатысу.
Ішкі гомеостазды сақтау- ішкі ортаның тұрақтылығын сақтау.
Негізгі бөлім 2.1. Гемопоэз деп (haemopoesis) қанның дамуын айтады. Эмбрионалдык кезенде өтіп, каннын тін ретінде дамуына әкелетін, эмбрионалдык гемопоэзді және каннын физиологиялық қалпына келуі болып табылатын,постэмбрионалдык гемопоэзді ажыратады.
Эритроциттердің дамуын эритропоэз, гранулоциттердің дамуын - гра- нутоцитопоэз, тромбоциттердің дамуын тромбоцитопоэз, моноциттердің дамуын - моноцитопоэз, лимфоциттер мен иммуноциттердің дамуын - лим- фоцито- және иммуноцитопоэз деп атайды.
2.2. Эмбрионалдык кезеңде қанның тін ретінде дамуында, бірін-бірі алмастыратын, негізгі үш кезенде ажыратуға болады: 1) мезобласттық, бұл мезгілде қан жасушаларының дамуы ұрықтан тыс мүшелерде сарыуыз қапшығы қабырғасының және хорионның мезенхималарында (адам ұрығының дамуының 3-ші аптасынан 9-шы аптасына дейін) басталып, қанның дің жасушаларының алғашқы генерациясының пайда болуы; 2) бауырлық, ол ұрықтың дамуының 5-6 аптасынан бауырда басталады, бауыр бұл мезгілде негізгі гемопоэз мүшесі болып табылады, ол жерде КДЖ екінші генерациясы түзеледі. Бауырдағы қанжасам өзінің шегіне 5 айдан сон жетеді және туардың алдында аяқталады. КДЖ тимусты (бұл жерде дамудың 7-8-апталарынан бастап, Т-лимфоциттер дамиды), көкбауырды (гемопоэз 12-аптадан баста- лады) және лимфа түйіндерін (гемопоэз 10-шы аптадан бастап анықталады) қоныстана бастайды; 3) медуллярлық (сүйек майынын) КДЖ үшінші генерациясының пайда болуы, ол жерде гемопоэз дамудың 10-шы аптасынан басталады және біртіндеп туғанға дейін арта түседі, ал нәресте туғаннан кейін гемопоэздің орталық мүшесіне айналады.