СөЖ «Эмбрионалдық қанжасау,қанның тін ретінде дамуы. Қанжасаушы тіндер


Сарыуыз қапшығының қабырғасындағы қанжасам



бет3/6
Дата27.11.2023
өлшемі27,84 Kb.
#129231
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6
2.3.1.Сарыуыз қапшығының қабырғасындағы қанжасам. Адамда ол эмбрионалдық дамудың 2-ші аптасының аяғында, 3-ші аптасының басында басталады. Сарыуыз қапшығы қабырғасының мезенхимасында тамыр канының бастамасы немесе қан аралшықтары бөлектенеді. Мезенхималық жасушалар өсінділерінен айрылып, дөңгелектенеді және қанның дің жасушаларына айналады. Қан аралшықтарын шектеп жаткан жасушалар жайпақтана түсіп, бір-бірімен байланысады да, болашақ тамырдың эндотелийлік жабуын түзейді. КДЖ біраз бөлігі, цитоплазмасы және ядросы базофилді, үлкен ядрошықтары жақсы аныкталатын, ірі көлемді канның бастапқы жасушаларына (бласттар) дифференцияланады. Бастапқы жасушалардың көбі митоз арқылы бөлініп, үлкен көлемдерімен (мегалобласттар) сипатталатын бастапқы эритробласттарға айналады. Жасушалардың бұл өзгерістері бласттардың цитоплазмасында гемоглобиннің жинақталуына байланысты, басында полихроматофилді эритробласттар, кейіннен гемоглобиннің мөлшері жоғары ацидофилді эритробласттар пайда болады. Кейбір бастапкы эритробласттарда ядролар кариорексиске ұшырап, жасушалардан аласталады, қалған жасушаларда ядролар сақталынады. Осының нәтижесінде ядролы және ядросыз бастапқы эритроциттер түзеледі, олар мегалоциттер деп аталады, өйткені ацидофилді эритробласттардан үлкен көлемдерімен айрыкшаланады. Қанжасамдық бұл түрі мегалобласттық деп аталады. Ол эмбрионалдык кезеңге тән, бірақ постнаталды кезеңде кейбір аурулар жағдайында көрініс беруі мүмкін ( қатерлі қаназдылықта).
Сарыуыз қапшығының кабырғасында, магалобласттықпен қатар, нормобласттык қанжасам да басталады, ол кезде екінші реттік эритробласт- тар пайда болып, олардын цитоплазмасында гемоглобиннің жинақталуынын барысында, олар басында полихроматофилді эритробласттарга, содан кейін нормобласттарға айналады, ал олардан екінші реттік эритроциттер (нормо- циттер) түзеледі; ақырғылардың көлемдері ересек адамның эритроциттеріне (нормоциттеріне) сәйкес болады.Сарыуыз қапшығы қабырғасында эритроциттердің дамуы бастапқы қан тамырларының ішінде жүреді, яғни интраваскулярлы жолмен өтеді. Онымен бір мезгілде тамырлардың айналасында орналасқан бласттардан экстраваскулярлық жолмен гранулоциттердің-нейтрофилдердің және эозинофилдердің-аздаған мөлшері дифференцияланады. КДЖ-ң біраз бөлігі дифференцияланбаған түрін сақтап қалады да, қанның ағымымен ұрықтың әр түрлі мүшелеріне таралады, ол жерлерде олардың, қанның немесе дәнекер тіннің жасушаларына, дифференциялануы жалғасады. Сарыуыз қалтасының редукциясынан кейін негізгі канжасам мүшесінің қызметі уақытша бауырға көшеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет