СөЖ «Эмбрионалдық қанжасау,қанның тін ретінде дамуы. Қанжасаушы тіндер



бет4/6
Дата27.11.2023
өлшемі27,84 Kb.
#129231
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
гистология срсп (1)

2.3.2.Бауырдағы қанжасам. Бауырдың бастамасы эмбрионалдық дамудың шамамен 3-4 аптасында қаланады, ал 5-аптадан бастап ол қанжасам орталығына айналады. Бауырдағы қанжасам бауыр бөлікшелерінің ішіне мезенхимамен бірге ене бастаған қылтамырлардың бойымен экстраваскулярлы жолмен жүреді. Бауырдағы қанжасам көзі болып қанның дің жасушалары анықталады, олардан бласттар түзеліп, олар екінші реттік эритроциттерге айналады. Олардың пайда болу үдерісі жоғарыда сипатталған екінші реттік эритроциттердің даму сатыларын қайталайды. Бауырда эритроциттердің дамуымен қатарласа түйіршікті лейкоциттер де пайда болады, негізінен нейтрофилді және ацидофилді жасушалар түзеледі. Бласттың цитоплазмасының түсі ашықтана түседі, базофилділігі төмендейді, айрықша түйіршіктігі пайда болады, осыдан кейін ядроның пішіні дұрыс емес бола бастайды. Бауырда гранулоциттерден баска гиганттық жасушалар - мегакариоциттер пішінделеді. Құрсақ ішілік дамудың аяғына карай бауырда қанжасам токтайды.
2.3.3.Тимустағы қанжасам. Тимус құрсақ ішілік дамудың 1-ші айының аяғына қарай қалана бастайды, ал 7-8 аптада оның эпителиінің ішіне қанның дің жасушалары қоныс тебе бастап, тимустын лимфоциттеріне диффе- ренцияланады. Тимустың лимфоциттерінің саны артып, иммунопоэздің шеткері мүшелерінің Т-аймақтарын қоныстанатын Т-лимфоциттерге бастау береді.
2.3.4.Көкбауырдағы қанжасам. Көкбауырдың бастамасының қалануы құрсақішілік дамудың 1-ші айының аяғында өтеді. Оған көшіп келген дің жасуша- ларынан экстраваскулярлық жолмен қанның бүкіл пішіндік элементтерінін құралуы жүреді, яғни көкбауыр эмбрионалдық кезеңде универсалды қанжасам мүшесі болып табылады. Көкбауырда эритроциттердің және гранулоциттердің пайда болуы құрсақішілік дамудың 5-ші айында өзінің шегіне жетеді. Осыдан кейін ол жерде лимфоцитопоэз басқаларынан басым бола бастайды.
2.3.5.Лимфа түйіндеріндегі қанжасам. Адамда лимфа түйіндерінің алғашқы қаланулары эмбрионалдық дамудың 7-8 апталарында пайда болады. Лимфа түйіндерінің көпшілігі дамудың 9-10 апталарында түзеледі. Осы мезгілде лимфа түйіндеріне қанның дің жасушаларының енуі басталады, олардан осы жерде эритроциттер, гранулоциттер және мегакариоциттер дифференция- ланады. Бірақ бұл элементтердің дамуы лимфа түйіндері жасушаларының көпшілігін құрайтын лимфоциттердін пайда болуымен тез тежеледі. Жекелеген лимфоциттердің пайда болуы дамудың 8-15 апталарында-ақ өтеді, бірақ лимфа түйіндерінің Т- және В-лимфоциттердің ізашарларымен «жап- пай» қоныстандырылуы тек 16 аптадан ғана басталады, өйткені осы уакытта қабырғалары арқылы жасушалардың миграциясы өтетін посткылтамырлық венулалар калыптасады. Ізашар жасушалардан лимфобласттар (үлкен лим- фоциттер) дифференцияланады, әрі қарай орташа және кіші көлемді лимфо- циттер дифференцияланады. Т- және В-лимфоциттердің саралануы лимфа түйіндерінің Т- және В-тәуелді аймақтарында өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет