3.1.Қанның адамның жасына байланысты өзгерістері.Эритроциттердің саны нәресте туған кезде және туғаннан кейінгі бірінші 10-14 тәуліктерде оның мөлшері ересек организмдегі көрсеткіштерге теңеледі.Кеңінгі кезеңде эритроциттердің саны азаяды, оның минималды көрсеткіші 3-6 айлық балада анықталады(физиологиялық анемия). Эритроциттердің санының ересектердің организміндегі деңгейге жетуі жыныстық есею кезеңінде өтеді. Нәрестелерге анизоцитоздын (эритроциттердің көлемдерінің әр түрлілігі) болуы да тән, бұл кезде макроциттер басымырақ болады, ретикулоциттердің мөлшері де артады, сонымен катар эритроциттердің ядросы бар ізашарларының мардымсыз мөлшерінің де болуы анықталады.
Нәрестелердің лейкоциттерінің саны арта түседі және 10,0-30,0-10°/л-ге жетеді. Туғаннан кейін 2 аптаның ішінде олардың саны 9,0-15,0-109/л-ге дейін төмендейді. 14-15 жаста лейкоциттердің саны ересектердің деңгейіне жетеді. Нәрестелерде нейтрофилдердің және лимфоциттердің сандарының арақатынасы ересек адамдардағыдай. Әрі қарай лимфоциттердің мөлшері жоғарылайды, ал нейтрофилдердің мөлшері төмендейді, сонымен, 4-ші тәулікте лейкоциттердің бұл түрлерінің саны теңеседі (лейкоциттердің бірінші физиологиялық қиылысы). Лимфоциттердің санының өсуі және нейтрофилдердің санының төмендеуі баланың өмірінің 1-2 жылында лимфоциттердің мөлшері 65%, ал нейтрофилдердің саны 25% болуына әкеледі. Лимфоциттердің санының қайтадан төмендей бастауы, ал нейтрофилдердің санының артуы, бұл екі көрсеткіштердің 4 жасар балаларда қайтадан теңесуін қалыптастырады (лейкоциттердің екінші физиологиялық қиылысы). Лимфоциттердің біртіндеп төмендеуі және нейтрофилдердің санының артуы жыныстық есеюге дейін жалғасады, ол кезде лейкоциттердің бұл түрінің сандары ересектердің қалыпты көрсеткіштеріне жетеді.
Қорытынды Адамның өмірілік клеткаларға аса қажетті қоректік заттар мен оттегіне және организмдегі зат алмасудан пайда болатын қажетсіз улы заттардың шығуына байланысты. Мүның бәрін тасымалдау қызметін денедегі қ а н атқарады. Қан күллі денені аралап, оның ұлпаларындағы клеткалардағы заттың алмасуына қажетті химиялық заттарды екеліп, қажетсіз заттарын әкетеді. Мұнымен қоса, қан дененің тұрақты температурасын сақтауға қатысады, организмнің иммундық қасиеттерін қамтамасыз етеді және мүшелердің қызметін гуморальдық реттеуге қатысады. Ерте заманда адамдар қаңцы “тіршілік өзені” деп бекер атамаған. Яғни қан және өмір бір-бірінен айырылмай, қосарланып жүреді: қан бар жерде өмір бар, қан болмаса тіршілік тоқталады. Қанның маңызды қызметтерінің іске асып орындалуы, оның ерекше құрылысы мен қасиеттеріне байланысты.
Пайдаланылған әдебиеттер :
«Гистология» Ю.И.Афанасьев , Н.А.Юрин 2014жыл.
«Цитология,эмбриология және гистология» Ж.О.Аяпова Алматы 2007жыл 288 бет.
«Гистология-1» С.А.Ажаев 2011жыл.
«Жалпы гистология негіздері» Т.Ж.Умбетов , Т.Ж.Бірімов Ақтөбе 1996жыл.