Сөж тақырыбы: «Библиографияның құрастырылу ережесі мен рәсімделуі» Топ



бет5/5
Дата17.02.2022
өлшемі43,98 Kb.
#25715
1   2   3   4   5
Байланысты:
stud.kz-46736

Дайджест.

Дайджесттің негізгі қызметі – оқырманға ақпарат көзіндегі басты ойлар мен нақты мәселелерді жеткізу. Дайджесттерде нақты тақырыптар бойынша аналитикалық шолулар, статистикалық мәліметтер, мәтіннен үзінділер, ресми және нормативтік құжаттардың мазмұны беріледі.Мәтіннен алынған әрбір үзіндіде құжаттың толық нұсқасына сілтеме жасалады.

Дайджесттің көрсеткіштерден ерекшелігі, көрсеткіш құрастырғанда біз құжаттарды топтастырамыз, ал дайджесте – мәтін үзінділерін топтасады.Дайджесетке тән белгілер;тақырып аясының тарлығы, мәселені әр алуан тұрғыдан қарастыру, авторлар пікірлерінің әр алуандығы және т.б.

Материал іздестіруде кітаптар, мерзімдік басылымдар және Интернет басылымдары да қарастырылады.

Дайджестің құрылымына мұқаба, дайдежст атауы,кіріспе сөз, негізгі мәтін, ( мәтін әдетте параграфтарға бөлінеді), пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Дайджестер қолжазба және электрондық нысанда құралады.Электрондық нұсқада пайдаланушыларға ыңғайлы болуы үшін гиперсілтемелер қарастырылады.


Басылымдардың жекелеген түрлерін көрсететін құралдар
Жаңа кітаптардың ақпараттық бюллетендері.

Библиографиялық құралға енгізілетін материалдар ККЖ таблицасына сәйкес орналастырылады.Библиографиялық жазба библиографиялық сипаттамадан тұрады, анықтамалық аннотациялар беріледі, библиографиялық сиптаттамадан соң, тізімде берілген ақпарат көзінің кітапхананың қай бөлімінде екендігі көрсетіледі. Библиографиялық жазбаның сол жағындағы ашық жерде кітаптың сақталу шифры көрсетіледі.

Бюллетеннің мақсаты, жазбалардың орналасу қағидасы, тапсырыстарды рәсімдеу тәртібі, шартты қысқартулар туралы мәлімет беретін қысқаша кіріспе сөз жазылады.

Бюллетендерге қойылатын маңызды талаптардың бірі – олардың дер кезінде шығарылуы. Ең оңтайлысы –ай сайын шығарып отыру.


Жолкөрсеткіш.

Библиографиялық өнімдерді көрсететін және оқырманның ақпараттың қажетті көздерін табуына ықпал ететін библиографиялық құралдардың ерекше түрі, яғни библиографиялық құралдардың көрсеткіштері.Мысалы, біз М. Әуезов туралы жолкөрсеткіш құру керек.Оған М.Әуезов туралы бұрын шыққан библиографиялық көрсеткіштер, әдебиеттер тізім, мақалаға қосымша тізімдер, анықтамалар, электрондық ресурстар, соны мен бірге Интернет сайттарындағы материалдар, яғни М.Әуезов туралы ақпарат беретін барлық дереккөздер енеді.

Жолкөрсеткіштер дәстүрлі қолжазба түрінде және электронды нұсқада (виртуалды жолкөрсеткіштер) болуы мүмкін. Виртуальды жолкөрсеткіштің бір түрі ретінде сайттард кездесетін « Пайдалы сілтеме» айдарларын алуға болады.

Бұл библиографиялық құралдардың ең күрделі түрлерінің бірі болғандықтан,шығарылған құрал жолкөрсеткіштен талап етілетін дәрежеде ме, соған назар аударыңыз.


Өлкелік библиографиялық құралдар.

Ең көп таралған өлкелік библиографиялық құралдар – «Жамбыл облысының кітаптары» атты әмбебап ағымдық нысандағы немесе «Аудан (қала) туралы жаңа кітаптар» атты библиографиялық құралдар.

Мұндай көрсеткіштерде кітаптар, кітаптардан үзінділер, жергілікті және орталық басылым беттерінен мақалалар, фотоқұжаттар, картографиялық материалдар жинақталады. Бұл көрсеткіштерде жергілікті мерзімдік басылымдардан мақалалар басым болуымен ерекшеленеді. Қысқаша анықтамалық аннотациялар пайдаланылады.
Өлке туралы биобиблиографиялық құралдар.

Тақырыбы жағынан бұл құралдар тарихи, қоғамдық –саяси қайраткерлерге, өнер және мәдениет т.б. өзге сала өкілдеріне арналуы мүмкін.

Таңдау мынадай қағидалар бойынша жүзеге асырылады:

- өлкеден шыққан тұлғалар;

- өмірінің маңызды кезеңдері осы өлкеде өткен жеке тұлғалар;

- өмірі мен қызметіне өлке ықпал еткен жеке тұлғалар.

Сонымен бірге өлкедегі жергілікті аумақтардың тыныс –тіршілігіне еңбегі сіңген қайраткерлер туралы да болуы мүмкін.

Мұндай құралдардың құрылымы туралы жоғарыда айтып өттік.


Атаулы күндер күнтізбелері.

Бұл құралдардың негізгі міндеті – ағымдағы жылда аумақтық деңгейде аталып өтетін маңызды оқиғалар, мерейтойлар туралы нақты және библиографиялық мәліметтер көрсету.

Күнтізбе құрылымына кіріспе сөз, атаулы күндер тізімі, негізгі бөлім, көмекші көрсеткіштер енеді. Негізгі бөлімде атаулы күндер бойынша анықтамалар, сонымен бірге фактографиялық, статистикалық, библиографиялық және өзге де материалдар орналасады.әрбір мәтіндік анықтама соңынан ең маңызды және жаңа басылымдар, сонымен бірге мұрағаттық құжаттардың және т.б. бойынша 5-10 әдебиеттер тізімі беріледі.Қосымша ретінде көмекші географиялық көрсеткіштер құрастырылуы мүмкін.
Библиографиялық жылнама (хроника).

Материалдар оқиғалардың хронологиялық мерзіміне қарай топтастырылады. Аумақ өмірінің маңызды оқиғалары таңдалынады. Өлкенің тыныс – тірлігінде маңызды болып саналатын барлық оқиғалар (аталып өтпейтіндер де) көрсетіледі. Атау ретінде болған оқиғаның аты немесе өлке тарихында болған айғақты оқиға алынады.



Жылнама аталымынан соң фактографиялық анықтама немесе құжаттардан нақты үзінді келтіріледі. Оқиғаны сол күйінде оқырман қабылдауы үшін естеліктерден үзінділер келтірудің ерекше маңызы бар. Анықтама соңында әдебиеттер тізімі беріледі.

Библиографиялық үлгі:

ГОСТ 7.1-2003 «Библиографиялық жазу. Библиографиялық сипаттама. Құрастырудың ережесі мен жалпы талаптары» ;

Әдебиеттер тізімі:

  1. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007.

  2.  Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет

  3.  “Қазақ Энциклопедиясы”, 2 том


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет