Сөж тақырыбы: Электрлік өлшеу Орындаған


Қолданылатын өлшеу сигналдарын түрлендіру түріне



бет4/15
Дата06.03.2023
өлшемі433,34 Kb.
#71912
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Қолданылатын өлшеу сигналдарын түрлендіру түріне байланысты аспаптар аналогты және сандық болып жіктеледі.
Аналогты аспаптар – бұл көрсеткіштері мен шығыс сигналдары өлшенетін шаманың өзгеру функциясында үздіксіз болып келетін аспаптар. Сызықты аналогты және өлшеу аспаптарының идеалданған түрлендіру теңдеуі мына түрде болады
Y = KX,
мұндағы Х - өлшенетін шама; Y, К – аспаптың сәйкес түрлендіру көрсеткіші мен коэффициенті. Көптеген өлшеу аспаптары сызықты болатынын айта кеткен жөн.
Сандық аспаптар – бұл әрекет принципі өлшенетін немесе оған пропорционалды шамаларды кванттауға негізделген аспаптар. Мұндай аспаптардың көрсеткіштері сандық түрде беріледі. Кванттау операциясының бар болуы сандық аспаптарда аналогты аспаптармен салыстырғанда метрологиялық сипаттамаларын таңдап алу әдісі, талдау, бейнелеу және мөлшерлеу сияқты елеулі айырмашылықтарын тудыратын ерекше қасиеттерінің пайда болуына алып келеді.
Өлшеу қондырғысы. Бұл - өлшеу құралдары (өлшем, өлшеу аспаптары, өлшеу түрлендіргіштері) мен өлшеу ақпаратының сигналдарын бақылаушыға тікелей қолайлы етіп өңдеу үшін арналған және бір жерде орналасқан көмекші қондырғымен функционалды түрде біріккен жиынтығы.
Қандай да бір бұйымды сынауға арналған өлшеу қондыр-ғысын сынақ қабырғасы (мысалы, электрлі материалдардың үлесті кедергісін өлшеу үшін, магнитті материалдарды сынау үшін) деп атайды.
ӨЖ-ні салыстырып тексеру үшін арналған эталондармен қосылған өлшеу қондырғысын салыстырып тексеру қондыры-ғысы (мысалы, вольтметрлерді салыстырып тексеру қондырғысы) деп атайды. Негізінде машинажасауда қолданылатын кейбір үлкен өлшеу қондырғыларды өлшеу машиналары (мысалы, күш өлшейтін машина, бөлгіш машина) деп те атайды.


.Электрлік өлшеу

Өлшеу техникасының маңызды бір бөлігі электрлік өлшеу техникасы - өлшеу ақпаратын электрлік сигналдар арқылы тасымалдайтын электрлік өлшеу аспаптарын жасау, пайдалану, оладың көмегімен ғылыми зерттеу жұмыстарын, іс-тәжірибелер жасаумен айналысатын адамдардың қызмет саласы.


Физикалық шамаларды электрлік өлшеу аспаптарының көмегімен өлшеу-электрлік өлшеу деп аталады.
Электрлік өлшеулерге мыналар жатады:

  • электрлік шамаларды өлшеу;

  • электрлік шамалармен байланысы бар уақыттық шамаларды өлшеу;

  • электрлікке түрлендірілген электрлік емес шамаларды өлшеу.

Электрлік өлшеудің негізгі артықшылықтары мыналар:
- қарапайым әрі арзан электронды құрылғылардың көмегімен жоғары дәлдікпен өлшеу түрлендірулерін жүргізу;
- физикалық шамалардың мәнін өте кең арлықта өлшеуге мүмкіндік береді;
- өте баяу немесе жылдам өтетін процесстерді бақылау, зерттеу кезінде өлшеуді жүргізе алу қабілеттілігі және электрлік өлшеу тізбегінің аз инерциялылығы;
- өлшеуді арақашықтықтан жүргізуге және түйіспесіз өлшеуге мүмкіндік беруі;
- өлшеу нәтижелерін аналогты немесе цифрлі формада тасымалдай алу қабілеттілігі;
- өлшеу нәтижелерін тасымалдау, өңдеу және оларды сақтауға мүмкіндік береді сондай-ақ өлшеу нәтижелерін өлшеу – есептеу жүйелеріне алдын ала түрлендірусіз тасымалдай алу қабілеттілігі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет