Таптық жүйелер Таптық жүйелерде ресурстардың тең бөлінбеуіне басты себеп болатын – қол жеткізген мәртебе. Түрлі үстемдіктерге ие болу мүмкіндігін анықтайтын басты факторлардың бірі – кәсіби мамандану, бірақ ол туа қалыптаспайды. Адам кәсіпті ата-анасына қарағанда әлдеқайда жоғары немесе, керісінше, төмен деңгейде меңгеруі мүмкін. Жетістіктерге жету көбінесе адамның дарынына, ынтасына және мамандығына байланысты.
Касталық және таптық жүйелердің арасындағы негізгі айырмашылық теңсіздіктің деңгейінде емес, жетістікке жету мүмкіндігінде. Таптық жүйелердің айрықша ерекшелігі – әлеуметтікұтқырлық, яғни әлеуметтік таптағы орынның өзгеруі жоғары өрлеу немесе төмен құлдырау бағытында болады. Мұндай ұтқырлық ұрпақтар арасында кездесуі мүмкін. Егер сіз жоғары білім алсаңыз, ал ата-анаңыздың білімі болмаса, сіз бәрібір әлеуметтік ұтқырлықпен жоғарылай аласыз. Адамның әлеуметтік таптағы орны ауыспалы болуы ықтимал. Мысалы, орташа жастағы инженер жұмысынан «қысқартылып», «Wal-Mart» дүкенде жарнамалаушы қызметшіге айналса – әлеуметтік ұтқырлықтың төмендеу бағытына ұшырағаны.
Алайда кейде таптық жүйелерде де аскриптивті мәртебенің кейбір белгілері маңызды болады. Азаматтың діні, жасы, жынысы, ұлты басқа да факторлармен қатар, оның жолында қандай мүмкіндіктер ашылып, қандай тосқауылдарға тап болуына әсер етеді. Дегенмен бұл факторлардың касталық қоғаммен салыстырғанда таптық қоғамда ықпалы әлдеқайда аз.
Таптар нешеу? Таптық жүйелер – реттелген мәртебелер жиыны. Оған қандай мәртебелер кіреді және олар қалай жіктеледі? Бұл тарауда осы сұрақтарға екі теориялық және екі практикалық жауап беріледі.
Маркс: буржуазия және пролетариат Карл Маркс (1818–1883) әлеуметтік құрылым екі таптан тұратынына сенімді болған. Оларды дәулеттілер және кедейлер деп атауға болады, Маркс оларды буржуазия және пролетариат деп атаған. Буржуазия – жұмыс үшін қажетті құралдар мен материалдарды, яғни өндіріс құрал-жабдықтарын иеленген тап. Пролетариатонымен қамтамасыз етілмеген. Сондықтан олар үстемдік етуші тапқажалданып өмір сүреді. Маркстің пікірінше, тапқа жіктеу, ең алдымен, өндірістік құрал-жабдықтарды игеруге байланысты.
Әлбетте, өндіріс құралдарының еңбекке қатысы бар, бірақ бұл екеуі бір мәнге ие емес. Маркстың айтуынша, колледж оқытушысы, жергілікті Sears дүкенінің менеджері және қоқыс жинайтын қала қызметкері – барлығы бірдей пролетариат болып саналады, себебі олар басқа біреуге қызмет етеді. Алайда қоқыс жинаушы жұмысын өз көлігімен орындайтын болса, Маркс оны буржуазияның мүшесі деп санайды. Оның пікірінше, басты фактор – адамның қанша ақшасы болуы немесе қандай жұмыс атқаратыны ғана емес, өндіріс құрал-жабдықтарын меншіктенуі мен еңбектің өз бақылауында болуы да.
Әрине, Маркс «жекеменшік көлігімен қоқыс жинайтын адамдарға қарағанда дүкен менеджерлері табысты» деген қалыптасқан ортақ пікірді елеусіз қалдырмаған. Алайда менеджерлер мен көше сыпырушылар таптық сананыдамытып – өздерінің таптық түбірін түсініп, таптық жүйелермен күресу үшін бірігеді деп үміттенген.