Сөж тақырыбы: Әлеуметтік құрылым және қоғамның стратификациясы Орындағандар



бет5/6
Дата29.11.2023
өлшемі118,03 Kb.
#131287
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
СӨЖ әлеуметтану

Вебер: тап, мәртебе және билік
Маркстың жазбалары жарық көргеніне ондаған жылдар өткен соң, Макс Вебер (1864–1920) таптарға жіктеудің біршама кеңейтілген жүйе­сін ұсынды. Маркс тұжырымдаған, қоғамды тапқа жіктеудің екі өлшемді жүйесінің орнына, Вебер стратификация жүйесін адамдардың орнын анық­тайтын үш тәуелсіз өлшеммен толықтырды (сызба). Олардың біреуі – Маркс мәлім еткен тап өлшемі. Екіншісі – билік, ал үшіншісі – әлеуметтік беделді немесе әлеуметтік ерекшелікті білдіретін мәртебе. Оның айтуынша, мәртебесі тең адамдар өз қоғамдас­тықтарын құрады. Олардың ортақ белгілері бар, сондай-ақ мүдделері, құндылық бағдарлары ұқсас болғандықтан, бірін-бірі жиі асқа шақырады, бір-бірімен тұрмыс құрады және ұқсас қарекетпен айналысады.



Әлеуметтік таптың жіктелуінің Вебер ұсынған үлгісі. Вебер стратификация жүйесінде адамдардың орнын анықтайтын үш маңызды тәуелсіз өлшемді ұсынды. Бұл өлшемдерді біріктіріп, кейде әлеуметтік тап дейді.
Вебер «жоғары мәртебе мен билікке қол жеткізудің экономикалық негіздері бар» деген оймен келіседі. Алайда олардың әлеуметтік теңсіздікке әсері тәуелсіз деген. Атап айтқанда, Вебердің пікірінше, мәртебе экономикалық билікке жиі қарама-қайшы келіп, «тек қана» байлығы бар адамдардың талаптарына тосқауыл болады. Мәселен, мафия мүшесі көп қаражатқа және өндіріс құралдарына (бордель, героин өндіре­тін зауыт немесе казино) ие болса да кең қоғамдастықта абыройлы болмайды.
Әлеуметтік таптың нақты өлшемдері
Маркс және Вебер таптық жүйелерге түсінік беретін тұжырымдама­лар қалдырды. Алайда қазіргі заманғы зерттеушілер таптарға жіктеу­дің тек теориялық анықтамаларын ғана емес, тапты анықтайтын практикалық тәсілдерді де керек қылып отыр. Зерттеушілердің көпшілігі қазір Маркстың теориясындағы тапқа емес, әлеуметтік тапқа баса назар аударады. Әлеуметтік тап – жік, мәртебе және билік белгілері ұқсас, өзара теңдікті сезінетін адамдар санаты (Вебердің пікірінше). Жоғарғы тап немесе қарапайым жұмысшы табы тақырыбын көтерсек, әлеуметтік тап жөнінде сөз қозғағанымыз болып шығады.
Әлеуметтік таптағы орынды тікелей анықтаудың ең қарапайым әдісі – адамдардың өздерінен қай әлеуметтік тап мүшесімін деп санайтынын сұрау. 2010 жылғы жалпы әлеуметтану зерттеуінің нәтижелері (кездейсоқ таңдау әдісі арқылы халық арасында өткізілген кең ауқымды, танымал зерттеу) сызбада келтірілген.

Көріп отырғаныңыздай, аз ғана адамдар өздерін жоғарғы және төменгі таптарға, ал қалғандары жұмысшы табына немесе орта тапқа жатқызған. Батыс Еуропада да солай. Ал Шығыс Еуропаның кедей елдерінің тұрғындары өздерін төменгі тап мүшелері деп санайды (Evans & Kelley, 2004). Алайда қай жердің тұрғыны болғанына қарамастан, адамның жұмысшы табы мен орта тапқа жатуы оның таңдауына елеулі ықпал етеді. Мысалы, қай шіркеуге баратыны, қалай дауыс беретіні және баласына қандай тәрбие беретіні нақ осыған байланысты.


Әлеуметтік таптарды жіктеудегі тағы бір дәстүрлі жол бар. Бірқатар өлшемге сүйеніп, мысалы, білім деңгейі, мамандықтың мәртебесі, табыс көлемі немесе басқа да әлеуметтік-экономикалық мәртебе сияқты құрамдас сипаттар арқылы анықтау. Әлеуметтік-экономикалық мәртебе  адамдардың таптық орнын өзі белгілеуі арқылы өлшенбейді. Керісінше, адамдардың мектеп бітірген жылы, отбасылық табысы немесе беделді жұмыспен қамтылуы сияқты өлшемдерін (халықтық сауалнамада) белгілеу арқылы, халықтың жағдайына баға беріледі. Бір тапты басқа таптан айыратын абсолюттік шектеу жоқ. Сондықтан әрбір зерттеуші немесе мемлекеттік орган жеке шешім қабылдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет