Стратификация құрылымының түрлері. Стратификация – кез келген қоғамға тән құбылыс. Барлық қоғамда байлыққа, беделге немесе билікке ие болуға лайық адамдар санатын анықтайтын қағидалар болады. Алайда теңсіздік құрылымы жағынан қоғамдардың бір-бірінен айырмашылығы көп.
Қоғамдар арасындағы басты айырмашылық теңсіздіктің белгіленген және қол жеткен мәртебелеріне негізделу деңгейінен туындайды. 4-бөлімде айтылғандай, аскриптивті (белгіленген) мәртебе – туа біткен табиғи және мирас жолымен берілетін, өзгермейтін мәртебе.
Қол жеткізген мәртебе – адамның өмір жолында иеленетін мәртебелері. Мысалы, афроамерикалық болу немесе ер адам болу– белгіленген мәртебе, ал сотталған, бұрын сотталған адам болу немесе дәрігер болу – қол жеткізген мәртебе.
Әрбір қоғам шектеулі ресурстарды кейбір белгіленген, кейбір қол жеткізген мәртебелерге қарай үлестіреді, бірақ олардың арасындағы тепе-теңдіктен айырмашылық басым. Шектеулі ресурстардың бөлінуі жоғары аскриптивті мәртебеге негізделген стратификацияның құрылымы касталық жүйелердеп аталады; қол жеткізген статусқа негізделген құрылым таптық жүйелер деп аталады.
Касталық жүйелер Касталық жүйелерде адамның бай немесе кедей болуы, билік басында немесе қарапайым болуы ата-анасының мәртебесіне байланысты (Smaje, 2000). Егер сіз ер адам болсаңыз, онда әкеңіздің кәсібін меңгеру талап етіледі (егер әкесі болмаса, адам пақыр болып қалуға мәжбүр). Егер әйел адам болсаңыз, анаңыздың жолымен үй шаруасымен айналысу керек, әйтпесе кедей немесе қара жұмысшы болуы тиіс деп саналады. Ал адам жалқау ма, ақымақ па не еңбекқор және білімді ме – бұл маңызды емес. Сонымен қатар касталық жүйеде әлеуметтік жағдайы өзіңіздің жағдайыңызбен тең адамға ғана үйлене аласыз, осылайша, балаңызға сіздің және жұбайыңыздың мәртебесі беріледі.
Үндістан – касталық жүйенің қалыптасуының ең танымал үлгісі. Барлық үнділер (көпшілік діні) бедел, билік және байлықпен ерекшеленетін топ жетістіктеріне қарай салыстырмалы түрде касталарға бөлінеді. Касталық жүйелер қазір Үндістанның кейбір мұсылман және христиан қауымдарында да кездеседі.
Кастадағы мүшелік тұрақты, яғни атадан балаға беріліп, өзгермей, өмір бойы сақталады. Үндістан тәуелсіздікке ие болғаннан кейін, 1950 жылы, касталық жүйені ресми түрде заңсыз деп жариялады. Содан бері елдегі 200 миллион далиттердің, яғни «сот жоқ кастаның» мәртебесі арта түсті. Алайда олар әлі күнге дейін кемсітуден, аса кедейліктен тіпті кейде оларға қарсы жасалатын этностық зорлық-зомбылықтан зардап шегуде (Sengupta, 2008).