Сөж тақырыбы: «Тәрбиелік жүйенің құрылымдық қағидалары»


Тәрбие жүйесін құру және дамыту міндеттері



бет11/36
Дата02.11.2022
өлшемі160,12 Kb.
#46897
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36

3. Тәрбие жүйесін құру және дамыту міндеттері


  • Бүгінде тәрбие процесін іс жүзінде белгілі бір жүйе арқылы құру нәтижелі болады. Бұл мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі буыны болып табылады. Соған орай белгілі танымал ғалымдар В.А.Караковский, Л.И.Новикова, Н.Л.Селиванова әдістер, амал-тәсілдер, құралдар қандай да бір қызығарлықтай (заманчивый) болмасын, тәрбие жүйесі болашақта педагогиканың ең көп тараған негізгі ұғымы болады деп санайды. Бұл жүйеде педагог қаншалықты дарын иесі болмасын, ол жалғыз, тек пікірлес ұжым ғана (коллектив единомышленников) жүйені құрады және оны дамытады [2,С.356]. (Маленкова Л.И.) Сондықтан да тәрбие жүйесінің өзегі тәрбиелеуші ұжым болып табылады.

  • Бұл жүйеде педагогтар мен оқушылар ұжымы өмір сүреді. Педагогтар ұжымы – жүйені басқарушы, ал оқушылар ұжымы – жүйедегі басқарылушы объект және субъект ретінде танылады.

    Тәрбие жүйесін құрудағы негізгі мақсатбаланың өзін-өзі дамытуы және өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағымды ортаны қалыптастыру.


  • Тәрбие жүйесін құрудағы негізгі мақсатбаланың өзін-өзі дамытуы және өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағымды ортаны қалыптастыру.

  • Тәрбие жүйесін құру және дамытуда бірнеше міндеттерді жүзеге асыру қажет.

    1) Балаларда әлем жайында біртұтас және ғылыми тұрғыдан дәлелденген көзқарастарды қалыптастыру. Балалар бұл тұтастықты өздері жете түсінуі және нақты сезінуі шарт.

    2) Балаларда азаматтық сананы дамыту. Бұл, өз кезегінде елдегі жүріп жатқан түрлі жағдайлар мен құбылыстарға жауапкершілікпен қарайтын азаматты тәрбиелейді.


  • 3) Балаларды жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгеруге тарту және оларда оған барабар мінез-құлық қалыптастыру.

  • 4) Тәрбие жүйесінде маңызды бір міндет – тұлғаның шығармашылық күшін дамыту.

  • 5) Балалардың өздерін және өз мүмкіндіктерін іске асыру және өзін-өзі көрсете білуіне барынша көмектесу.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет