Сөж тақырыбы: «Тәрбиелік жүйенің құрылымдық қағидалары»


Спартаның тәрбие жүйесі тәні мен жаны мықты әскерилерді даярлауды мақсат тұтты. Оны мемлекет өз мойнына алып, 3 кезеңде жүзеге асырды



бет19/36
Дата02.11.2022
өлшемі160,12 Kb.
#46897
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36
Байланысты:
СӨж тақырыбы «Тәрбиелік жүйенің құрылымдық қағидалары» Орындаға-melimde.com

Спартаның тәрбие жүйесі тәні мен жаны мықты әскерилерді даярлауды мақсат тұтты. Оны мемлекет өз мойнына алып, 3 кезеңде жүзеге асырды.


  • Спартаның тәрбие жүйесі тәні мен жаны мықты әскерилерді даярлауды мақсат тұтты. Оны мемлекет өз мойнына алып, 3 кезеңде жүзеге асырды.

  • Бірінші кезеңде (7-15 жас аралығы) балалар оқу мен жазуға және денесін шынықтыруға (жалаң-аяқ жүруге, жұқа сабанның үстінде ұйықтауға) дағдыланды, ауыр дене сынынан өтті, нәпсіден тыйылушылық (аскетизм), аз сөйлеу, қатаң бақылау және тәртіпке үйретілді.

  • Екінші кезеңде (15-20 жас) жастар оқу-жазудан бөлек өлең айту және музыканы меңгерді, аштық пен дене ауыруын көтеруге, өз бетінше тамақ тауып жеуге үйретілді, құлдарды жазалауға қатысты, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі тәртіпке шақыруға дағдыланды.

  • Үшінші кезеңде (20-30 жас) олар біртіндеп әскери қауымдастықтың толыққанды мүшесі мәртебесіне ие болды. Бұл кезеңде олар найзаны, қылышты және т.б. қару-жарақ түрлерін жетік меңгеруі, сондай-ақ мемлекеттің қажеттілігіне берілгендік және кез-келген уақытта өзінің әскери міндетін атқаруға, өзінің өмірін қиюға даяр болуы тиіс болды.

Спартаның тәрбие жүйесі өзінен кейінгі дәуірлерде, әсіресе әскери оқу мекемелерінде еліктеу мәртебесіне ие болды.


  • Спартаның тәрбие жүйесі өзінен кейінгі дәуірлерде, әсіресе әскери оқу мекемелерінде еліктеу мәртебесіне ие болды.

  • Афинаның тәрбие жүйесінде тұлғаны жан-жақты және үйлесімді дамытуды өзінің мақсаты етіп ұстанды. Оның көрсеткіші ретінде гимнастикадан, биден, саздан, ауызша айтыстан жарыстарда жеңіске жету деп санады. Соған сәйкес жүйе кезең-кезеңмен жүзеге асырылды.

  • Бірінші кезеңде (7-16 жас) балалар бірмезгілде саз және гимнастика мектептеріне қатысты. Онда олар әдеби, саз және әскери-дене тәрбиесін алды.

  • Екінші кезеңде (16-18 жас) жастар гимнастикадан, шешен сөйлеуден және пікір сайысынан өздерінің білімдерін және тәрбиесін жетілдіреді.

  • Соңғы кезеңде (18-20 жас) жастар әскери шеберліктерін жетілдірумен қатар шешендік өнерімен, философиямен айналысу міндеттелді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет