Статикалық өлшеу қателігі-статистикалық өлшеу шарттарына тән өлшеу нәтижелерінің қателігі.Қателіктерді бағалау принциптері қателіктерді бағалау өлшеу нәтижелерінің дәлдігі жөніндегі объективті берілгендерді алу мақсатында жүргізіледі. Өлшеу нәтижесінің дәлділігі қателіктермен сипатталады.
Динамикалық өлшеу қателігі-динамикалық өлшеу шарттарына тән өлшеу нәтижелерінің қателігі.Негізінен динамикалық өлшеу статикалық қателікке қосымша болып табылады және өлшеу кезінде пайда болатын динмикалық режимдегі қателіктен құралады.
Жүйелік қателікті өлшеу әдістері
Орын басу әдісі, өлшенетін шаманы белгілі шамамен алмастыру арқылы жүзеге асатын салыстыру әдісінің бір түрі болып табылады, бұл кезде барлық қолданылатын өлшеу құралдарының күйі мен әрекетінде ешқандай өзгеріс жүрмейді.
Қарама-қарсы қою әдісі екі рет өлшенетін және екі жағдайда да тұрақты қателіктің себебі әртүрлі, бірақ бақылау нәтижесінің заңды әрекеті бойынша белгілі болатындай етіп жүргізілетін салыстыру әдісінің бір түрі болып табылады.
Рандомизациялау әдісі – белгісіз тұрақты жүйелі қателіктерді жою тәсілінің аса универсалды түрі. Оның мәні бірдей шама әртүрлі әдістермен (аспаптармен) өлшенетіні.
Қателіктерді таңбасы бойынша компенсациялау әдісі (жүйелі қателіктің таңбасын өзгерту әдісі) екі рет бақылап өлшеуді қарастырады, ондағы бақылау тұрақты жүйелі қателік әрбіреуінің нәтижесіне әртүрлі таңбалармен кіретіндей етіп орындалады.
Вариация латынның “Variatia”- өзгеру, құбылу, өзгешелік деген сөзінен шыққан. Статистикада вариация деп әртүрлі факторлар әсер еткен бірнеше жиынтық сандық өзгерістерін айтады.
Вариация көрсеткіштерінің міндеттері мыналар: 1.вариация көрсеткіштері орташа шаманы толықтырады; 2. жиынтықтың біртекті немесе әр текті екендігін анықтау; 3. белгі вариациясының шегін анықтау; 4. көрсеткіштердің арасындағы өзара байланысты анықтау. найтады.
Вариация көрсеткіштерінің мынадай түрлері бар:
Орташа сызықтық ауытқу
Вариация өрісі
дисперсия
Орташа квадраттық ауытқу
осцилляция коэффициенті
Салыстырмалы сызықтық ауытқу