Паратаксис (гр. «қатар тұру») – сөйлем құрамындағы бір-біріне формалық жағынан бағынышты емес элементтердің қатар орналасуын білдіретін синтаксистік қатынас тәсілі
Паратаксис (гр. «қатар тұру») – сөйлем құрамындағы бір-біріне формалық жағынан бағынышты емес элементтердің қатар орналасуын білдіретін синтаксистік қатынас тәсілі.
Сабақтастық байланыс – тілдік тұлғалардың бірінің екіншісіне тұлғалық жағынан да, мағыналық жағынан да бағынышты қатынаста тұруы. Құрмалас сөйлемде ол негізінен бірінші предикативтік сыңардың екінші предикативтік сыңарға бағынышты қатынасынан көрінеді.
Мысалы: Қонақ келетін болғандықтан, бұл өлке биелерін де жылдағыдан ерте байлапты. Бағынышты компонент тиянақсыз формада келген, бұл сондай-ақ құрмалас компоненттерінің өзара іліктес/мезгілдес қатынаста тұрғандығын көрсетеді.
Гипотаксис (гр. «астында, орналасу») – синтаксистік қатынастардағы бір элементтің басқа элементке бағыныштылығы.
Мәтін лингвистикасы, мәтіннің құрылу шарттары мен КСТ негізгі белгілері, тілдегі жұмсалым ерекшеліктеріне талдау жасау.
Мәтін (лат. – қосылу, байланысу, бірігу) – тілдік таңбалардың мағыналық және тұлғалық байланысы негізінде түзілген жүйелі тізбесі. Мәтіннің құрылу шарттары: сыртқы тұлғалық байланыстарға, белгілі бір ішкі мазмұнға ие болуы, аяқталғандығы, қарым-қаиынас жасауды іске асыру мүмкіндігіне ие болуы.
Мәтін лингвистикасы – тіл білімі ғылымының жеке саласы, зерттеу обьектісі мәтін. Ол дербес ғылым ретінде 20 ғ. 60 жж. пайда болды. Мәтін лингвистикасы мәтіннің өзіне тән болмысы, ерекшелігі, шындық болмыстың мәтінде бейнеленуі, мәтіннің түзілу ерекшелігі, оны қабылдаудың сипаты, мәтіндегі автор мәселесі т.б. мәселелерді қарастырады.
Күрделі синтаксистік тұтастық деп бірнеше сөйлемдердің тізбегінен жасалып, мағыналық және құрылымдық жағынан тұйықталған, белгілі бір күрделі ойды білдіретін синтаксистік бірлікті айтамыз. Ол жеке сөйлемдерге қарағанда ойдың дамуын неғұрлым толық бере алатын, мағыналық және синтаксистік жағынан өзара тығыз байланысқан сөйлемдердің тобы.
КСТ негізгі белгілері: мағыналық бірлікке ие; оны құраушы сөйлемдердің өзара тығыз бірлігі сақталады; біртұтас интонациялық-ырғақтық бірлікке ие болады.
Күрделі синтаксистік тұтастық өзіндік құрылымымен ерекшеленеді: