Сөйлем мүшелері, оның ҚҰрылысы мен түрлері


Бірыңғай мүшелерді байланыстыратын жалғаулықтар өздеріне сәйкес мағынаға сай байланыстыру қызметін атқарады. Мысалы, қарсылықты жалғаулық шылаулар бірыңғай мүшелер бір-біріне қарсы қойыла айтылғанда қ



бет14/20
Дата14.11.2022
өлшемі302,48 Kb.
#50106
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20

Бірыңғай мүшелерді байланыстыратын жалғаулықтар өздеріне сәйкес мағынаға сай байланыстыру қызметін атқарады. Мысалы, қарсылықты жалғаулық шылаулар бірыңғай мүшелер бір-біріне қарсы қойыла айтылғанда қолданылады.

Мысалы: Ән Арқаның қоңыр желіндей жай жылжып, бірақ кең жайылып барады (М.Ә.). Толқын біресе жарды сүзіп, біресе қайтып бұрқанып жатыр екен (С.М.).

Жай сөйлемнің күрделену жолдарының бірі үйірлі мүшелер арқылы жүзеге асады. Сөйлемнің үйірлі мүшесі – бастауыш-баяндауыштық қатынаста тұрып, сөйлем мүшесінің қызметін атқаратын, интонациямен бөлінбейтін сөздер тобы.

Үйірлі мүшелердің басты белгісі ол өз ішінде бастауыш, баяндауышқа жіктеледі, бұл оның күрделі мүшеден негізгі айырмасы.

Тілдегі барлық сөйлем мүшелері үйірлі құрамда келе береді.

Қазақ тіл білімінде профессор С.Аманжолов зерттеулерінде сөйлемнің үйірлі мүшесінде бастауыш болуы міндетті емес, сөйлемнің барлық мүшелері де өздері меңгерген тобымен сөйлемнің үйірлі мүшесі қызметін атқаратындығы көрсетіледі.

Профессор М.Балақаев сөйлемнің үйірлі мүшесі ретінде үйірлі бастауыш пен үйірлі анықтауышты ғана атап көрсетеді.

Мысалы: 1. Кірме жұрттан мұндай келбеті келіскенді көрген емеспін (С.А).

2. Аласы аз қара көзі нұр жайнайды (А.Қ.)

3. Есіркеп тұратын үйдің іші сіз көргендей емес (С.М.).

Сөйлемнің грамматикалық құрылымында тұрлаулы, тұрлаусыз сөйлем мүшелерінен басқа, сол мүшелерді мағыналық жағынан айқындайтын мүшелер бар.

Айқындауыш мүшелердің анықтауыш мүшеден айырмашылықтары:

1. анықтауыш өзі анықтайтын сөзінің алдында келсе, айқындауыш соңынан келеді;

2. анықтауыш өзі анықтайтын сөзімен синтаксистік қатынастағы тіркес құраса, айқындауыш өзі айқындайтын сөзімен тіркес құрамайды, оны тек мағыналық тұрғыда айқындайды;

Айқындауыш мүшелердің анықтауыш мүшеден айырмашылықтары:

3. анықтауыш сөйлемнің бір тұрлаусыз мүшесі қызметін атқарса, айқындауыш өзі айқындайтын мүшемен тұлғалас келіп, сол мүше тәрізді қызмет атқарады;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет