Бірыңғай мүшелерді байланыстыратын жалғаулықтар өздеріне сәйкес мағынаға сай байланыстыру қызметін атқарады. Қарсылықты жалғаулықтар бірыңғай мүшелер бір-біріне қарсы қойыла айтылғанда қолданылады: Ән Арқаның қоңыр желіндей жай жылжып, бірақ кең жайылып барады (М.Ә.). Толқын біресе жарды сүзіп, біресе қайтып бұрқанып жатыр екен (С.М.).
Тапсырма. Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыз:
Ақырын ғана есікті ішке қарай итеріп еді, болмашы саңылау көрінді, бірақ кілтте ме, әлде іштен сұқпа салған ба байқап болар емес (Х.Е.)
6.1. Жай сөйлемнің бірыңғай мүшелер арқылы күрделенуі.
6.2. Үйірлі сөйлем мүшелері.
6.3. Айқындауыш мүше, оның түрлері, тілдегі қызметі.
6.4. Жай сөйлемнің оқшау сөздер арқылы күрделенуі.
6.5. Сөйлем мүшелерінің орын тәртібі.
Сабақтың мақсаты
Тілдегі жай сөйлемнің құрамын кеңейтіп, оның құрылымын күрделендіретін синтаксистік тәсілдер сипатталып, жасалу жолдарына талдау жасалады.
Сөйлем синтаксисі сөйлемнің құрылысын, сөйлем мүшелерін, сөйлем түрлерін зерттейді.
Қазақ тілі білімінде С.Аманжолов, Ғ.Мадина, А.Әбілқаев, К.Аханов, Р.Әміров, М.Балақаев, О.Төлегенов т.б. ғалымдардың зерттеулерінде жай сөйлемнің теориялық мәселелері сан қырынан қарастырылады.
Сөйлемде синтаксистік қызметі бірдей, өзара тұлғалас сөйлем мүшелері бірыңғай мүшелер деп аталады. Олар біріне-бірі бағынбай, өзара салаласа байланысып, барлығы бірдей дәрежеде бір сөзге қатысты болып тұрады.
Бірыңғай мүшелер бір-бірімен интонация арқылы немесе жалғаулықтар арқылы байланысады.
Бірыңғай мүшелердің салаласа байланысуы интонация және жалғаулық арқылы жүзеге асады.